7.Айнада қынапты және жатыр мойнынын қараңыз.
8. Қолдың IV және V саусақтарының арасына стерилді пробирканы қойыңыз.
9. Стерилді пробирканы қынап кіреберісіне орнатыңыз.
10. Мақталы таяқшамен қынаптың қабырғасынан бөлінділерді тез алыңыз.
11. Пробирканың мойыншығын шілтердің жалынымен күйдіріңіз, мақталы таяқшаны тез пробиркаға орналастырыңыз.
12. Қынаптан айнаны шығарыңыз.
13. Қынаптық айнаны ҚҚҚ-ға салыңыз.
14. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз ҚҚҚ-ға салыңыз.
15. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
16. Зертханаға жолдама жазыңыз.
17. Құжаттарға жазба қалдырыңыз.
Ескерту. Антибиотиктердің сезімталдығына жағындыны қынаптың қай қабырғасынан болса
алуға болады.
27. Ректалды (базалды) температураны өлшеу. Мақсаты-студентке, калай дұрыс ректалды (базалды )температураны өлшеуді, графикті
сызуды және осы емшараны орындаған кезде әйелге көмектесуді және оған
түсіндіруді үйрету.
Көрсетулері- етеккірлік циклдің бұзылысы, бедеулік.