Мәдениет басқармасының 2014 жылғы жұмыстары туралы есебі
Сала әлеуеті 2014 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының саласын дамыту бойынша көрінісі мынадай: 1 – 23 кітапхананы біріктіретін «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» МК; 17 – МКҚК; 2 – ЖШС. Оның ішінде: кітапханалар – 23, театрлар – 6, мұражайлар – 4, концерттік ұйымдар – 1 (Мемлекеттік филармония), мәдени демалыс кәсіпорындары (ғимараттар, орталықтар) – 5, цирк – 1, жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («Әуен» ЖШС, «Астана Өрнек» ЖШС – қайта құрылу сатысында тұр).
Мәдениет министрінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 11-04-18/315-И қала әкімінің атына жазған хатына сәйкес қазіргі заманғы өнер мұражайының қоры 3535 сақтау бірлігімен қала әкімдігінің қаулысымен қаланың коммуналдық меншігінен республикалық меншікке берілді (Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 767 қаулысы негізінде құрылған, «Астана» Ұлттық картина галереясының қорына).
2014 жылдың соңында «Қазіргі заманғы өнер мұражайы» МКҚК Астана қаласының объектілерін және ескерткіштері мен мәдениет қорғау бойынша қызметтерімен оған жүктеп Астана қаласы әкімдігінің «Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекция» МКҚК болып қайта атауы өзгерді. Аталған бағыт кең көлемдегі ғылыми, техникалық, шаруашылық, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау, қалпына келтіру, қолдану мен насихаттау жұмыстарын өзіне қамтиды.
Мәдениет басқармасы есеп беру кезеңінде келесі бағытта жұмыстар атқарды:
- Тарихи – мәдени мұраны сақтау мен насихаттау;
- Қаланың мәдениет және өнер саласының бәсекелестік қабілетінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету;
- Елорданың тұрғындары мен қонақтарының мәдени өмірін байыту.