Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күніне орай «Арманда кеткен арыстар» атты тақырыпта көрме қойылды және С.Сейфуллин ескерткіші маңында гүл шоқтары қойылып, күні бойы мұражайда тегін экскурсия жүргізілді. Мұражай директорының орынбасары С.Сабырбеков пен бұқаралық-экскурсия бөлімінің меңгерушісі А.Омарова «Қазақстан» телеарнасына сұхбат берді, және ол ұлттық арнада 31 мамыр күні кешкі 20.30-да көрсетілді.
Балаларды қорғау күніне орай, №4 мектеп-гимназиясының 1-5 сыныптары мен мүгедектер интернаты және көп балалы отбасының балаларына тегін экскурсия өткізіліп, Сәкен Сейфуллиннің шәкірті қазақтың тұңғыш мультипликаторы Әмен Хайдаровтың көптеген еңбектеріне тоқталып, 1967 жылы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан» атты мультфильмі балалардың назарына ұсынылды, соңында балалармен «Жәдігерлер әлеміне саяхат» жасап, сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, балалар өз өнерлерін ортаға салды. Шара соңында балаларға сыйлықтар табысталды.
Конституция күніне орай «Конституция – ерікті елдің құқы» көрмесі ұйымдастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |