Мәдениет және өнер” институты “Көркем қолданбалы өнер және кәсіби білім” кафедрасы 5В01200 «Кәсіптік оқыту»


Әдебиет: [1] [2] [8] [9] [10] [11] [12] 58 кредит саны



бет71/96
Дата05.02.2022
өлшемі1,82 Mb.
#12494
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   96
Әдебиет: [1] [2] [8] [9] [10] [11] [12]


58 кредит саны
44 дәріс
Тақырып: Ағаш қырнау станогының технологиясы..
Дәрістің мазмұны:

  1. СТД-120М станогының құрылысы.

  2. Мақсаты: СТД-120М станогының құрылысымен таныстыру

Ағаш станогында қырнау технологиясы
Ағаштан қырнап жасалған үй – жиһаздарының бөлшектері, ыдыс аяқтар біздің жыл санаымызға дейінгі V – III ғасырда Алтайдың екінші Пазырық төбесінен қазақ және қырғыз тайпалары өмір сүрген кезден қалған ескі қырналып жасалған аласа аяқты, қақпағы овал формалы, алынатын үстел, тұтқасы мүйізден жасалған сапты және т.б. ыдыс – аяқтар табылған. Сонымен қатар, Қырғызстан жеріндегі Кеңкөл жер асты үңгірінен біздің жыл санауымызға дейінгі І ғасырда болған ғұн тайпаларынан қалған арша, шырша ағаштарынан жасалған ыдыс – аяқтар, бесіктер, қасықтар, аласа үстелдер және т.б. бұйымдар археологиялық ізденістерде табылған.
ХVІІІ ғасырдың өзіндегі қырнау жұмысы өте қарапайым ағаш, метал бөлшектерін құрастыру арқылы жасап, айналдыру қозғалысын қайыстың ұшына 2 үзеңгіні кезек – кезек төмен баса отырып алған. 2 – ші адам қырнау пышағымен ағаш бетті және ішін жонып отырған. Осыған қарағанда, өткен дәуірдің өзінде бұйымның көркемділігіне, әсемдігіне талғамы жоғарғы деңгейде болғанын музей қорларындағы ұлттық бұйымдар куә бола алады.
Ал, қазіргі кезде шеберханаларда электрлі ағаш токар станогы молынан кездеседі. Оның ішінде ТД – 120, ТСД – 120 станоктары.
Қырнау станогының негізгі құрылысы мен жұмыс істеу принципі, оны басқару туралы мәліметті оқулық кітаптарынан алуға болады. Бұл бөлімді біз тек, бұйымның көркем, әсемдік мәнін ашу технологиясын, оған қажетті материалдар мен аспаптарды, құрылғыларды қарастырамыз.
Ағаштың мынадай әсемдік көрінісін беретін қасиеттері болады. Яғни, текстура, фактура,түс, жылтырақ және өң. Бұлардан басқа, әрине, табиғи түрде пайда болған без, бұтақ, шиыршық, бұйра, бұдыр, шіру кезеңінде жақындаған ағаштың бөліктері, қисық қабаттары жатады. Осы аталған әсемдік көркем беретін ағаштардың қасиеттері үй жиһаздарын, ыдыс – аяқтарды жасаған кезде көздің көркін алуда шеберлер олардың формаларын, міндетін (функция) ескере отырып үйлестірген.
Аспаптардың ішіндегі өлшеуіш және кесетін пышақтарды станоктың оң жағында, қалған керекті аспаптарды сол жаққа орналастырып қояды. Жарық берілуі жеткілікті болуы жөн. Табиғи жарық өзі болған жағдайда да электр шырағын жағу керек. Өйткені, кей кездерде табиғи жарық толығымен бөлмені қалыпты мөлшерде қанағаттандырмауы мүмкін. Кесілген дөңгелек ағашты планшайбаға бекітпес бұрын остің ортасын тауып алған жөн. Ол үшін перпендикуляр қиылысатын сызықты кесіндісінің екі жақ бетіне жүргізе табамыз. Егер ағаш төрт бұрышты формалы болса, төрт қырлы балтамен жонып отырып алып тасталынады. Өйткені, пышақты тірекке қойып кесерде, дөңбек үздік – үздік пышаққа тие отырып, ұшын сындыруы және пышақты тіректің астына қарай алып кетіп, қауіпті жағдай тудыруы мүмкін.
Токар ағаш станогына кескінді үш түрлі құрылғыға қондыра станокқа бекітеді. Олар:

  • үш тісті патрон – тек бетті өңдеуде, дөңбекті тістеріне ағаш балғамен соға отырып кіргізіп, екінші ұшына артқы топайшықты жақындата отырып бекітеді;

  • іші қуыс, конусты резьбалы стакан патрон – қысқс диаметрлі, ішкі бетін өңдеуге қолданылады. Дөңбек кесіндіні патронға бұрап отырып кіргізеді;

  • планшайба – үлкен диаметрлі дөңбек ағаштың ішін және сыртында топайшыққа бекіте отырыпқырнайды. Планшайбаға дөңбекті кесіндіні бұрандалы шегемен бекітеді.

Тіректі дөңбек ось орталығымен 10 – 15 мм биіктікте көтере саңылау қалдырып, бекітіп, алғашқы өңдеуде көлбеген пышақтың жіңішке және жалпақ түрлерін қолданады. Бірақ, тіректі дөңбек кесіндісінің ұшынан 10 – 15 см қалдырып, көлбеген пышақтың түрін 45– қа ұстап тазалайды.
Ішкі бетті қырнау кезінде сыртқы топайшықты алып тастап, тіректі 90– қа бұрып, горизанталь осьтің биіктік деңгейінде бекітеді. Доғал пышақты тіректің үстіне сүйеп, осьтің ортасымен бастап қырнауды жүргізеді. Егер ішкі бетті фасонды беру керек болса, онда фасонды пышақтың көмегімен алуға болады.
Шар, жартылай сфералы бұйымдарды ілмек пышақтармен бір қалыпты қырнау арқылы ішкі бетке бедер береді. Дайын болған бұйымды, зімпараның жолағын екі қолға ұстап, станоктың айналысты қозғалысы кезінде үстіне солға, оңға қарайбасып тұрса, бет тегістелініліп, тазаланады. Ал ішкі бетті ағаш кесіндісіне немесе саусаққа зімпараны орап тазартуға да болады. Тазартып алынаған бұйымды ою пышақ арқылы бедерлі немесе геометриялық ою – өрнек түсіруге болады. Сонымен бірге, бояуды, өткермелеп безендіруді, күйдіруді де қолданған артық болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет