Мәдениет және өнер” институты “Көркем қолданбалы өнер және кәсіби білім” кафедрасы 5В01200 «Кәсіптік оқыту»


Әдебиет: [1] [2] [8] [9] [10] [11] [12] 59 кредит саны



бет72/96
Дата05.02.2022
өлшемі1,82 Mb.
#12494
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   96
Әдебиет: [1] [2] [8] [9] [10] [11] [12]


59 кредит саны
45 дәріс
Тақырып: Бұйымды ажарлау
Дәрістің мазмұны:

  1. Ажарлау жұмыстары..

  2. Ажарлауға қажетті құралдар.

Мақсаты: Ажарлау жұмыстарының пайдасы
Бұйымды ажарлау
Ағаштан жасалған әзір детальдар мен бұйымдарды ажарлау жұмысына бұйымның бетін зімпарамен ысқылап тегістеу, оны лакпен және түрлі бояулармен бояу операциялары жатады.
Зімпара дегеніміз – бетіне алдымен жұқалап желім жағып, оның үстіне уатылған шынының немесе қатты материалдардың ұнтақтарын біркелкі себіліп қатырылған мақта мата немесе қалың қағаз.
Шағын беттерді икем, зімпараның өзімен-ақ ысқылап тегістейді. Ажарлау, қолданылатын лактар мен бояуларға байланысты, күнгірттен ажарлау және мөлдір ажарлау дегеніміз – бұйымның бүкіл бетін күңгірт, бояулармен бір реттке бояу. Мөлдіреп ажарлағанда ағаш сүргінің түзілу өрнектері - сүрек беттеріндегі белгілі ағаш жынысына тән айырықша өрнектері көрініп тұрады. Күңгірттеп ажарлау, жасалған детальдың немесе бұйымның беті еуелі зімпарамен тегістеледі., содан соң жағылады және шпатлевка жасалады. Сонымен қатар шпатлевкаланған бетке лактар мен бояулар да жақсы қонады. Шпатлевка қамырының құрамында, желім, олифа, су және бор болады. Ол қоймалжың күйде қолданылады. Шпатлевкасы кепкеннен кейін бұйымның беті майда зімпарамен қайыра тегістеледі де, майлы бояумен немесе лакпен боялады. Бұйымдарды мөлдірлеп ажарлауда ажарлаған мөлдір материалдар қолданылады. Бұйымның беті зімпарамен әбден тегістеледі, кемістіктерді шпатлевкамен жойылады, бұйымның бетін суға ерітілген тиісті бояғыш затпен бояйды. Кепкеннен кейін ол бетті, томпонды немесе бояу жаңқышты пайдаланып: спиртті немесе майлы лакпен немесе басқа бір лакпен бояйды.
Егер ажарланатын ағаш сүрегінің өзіндік табиғи түсін сақтау қажет болса, онда бұымның бетін әбден тегістеп алған соң бірден-ақ мөлдір лакпен 2-3 рет бояйды. Бұлай қайталанып болғанда әр жолы әбден кептіріп алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет