Әдебиет: [1] [2] [8] [9] [10] [11] [12]
11 апта
40 кредит саны
№ 31 дәріс
Тақырып: Ағаштың физикалық қасиеттері.
Дәрістің мазмұны:
Түрі - түсі
Сүрегі , сақинасы, ылғалдылық қасиеттері..
Мақсаты: Ағаштың жасын , түрін анықтай білу.
Ағашта да табиғатта кездесетін басқа шикізаттар секілді физикалық, механикалық қасиеттер жақсы дамиды. Осындай жақсы қасиеттерін пайдалана отырып, шеберлер, суретшілер жақсы нәрселерді жасай алған.
Ағаштың физикалық қасиеті
Ағаштың негізгі физикалық қасиеттеріне мыналар жатады: түрі-түсі, ылғалдылығы, қаттылығы, жылтырлығы ағаштың кесіндісіндегі табиғи суреті, жұмсақтығы.
Түрі–түсі – ағаштың ең жақсы физикалық қасиеттерінің бірі. Осы қасиетін қолөнерші шеберлер жиһаз, ыдыс-аяқ және т.б. заттар жасағанда ескеріп пайдаланды. Ағаштың түрі оның климаттық және қандай жерде өскеніне, жасына байланысты өзгеріп отырады. Жас ағаш әрқашанда ақшыл болады. Әр ағаштың өзінің жеке-дара түрі-түсі, өзіне тән иісі болып, табиғатта ақшыл түрден бастап қызыл, қара түрлерге дейін кездеседі. Көктерек, қайың, жөке ақ болса, алма, емен қоңыр сұрғылт түсті келеді. Осы ағаштардың өздерін бояулар, морилкалар арқылы басқа түстерге өзгертуге мектеп шеберханасында толық мүмкіндік бар. Ағаштың жылтырлығы кепкен, айнадай таза болып тазарғанда көрінеді. Бұл құбылыс таза ысқыланып жасалған заттарға жарық сәулесі түскен кезде жақсы байқалады. Жылтырауық қасиеттері ағаштың негізі тегі мен қаттылығына да байланысты. Емен, шамшат, шаған ағаштарынан жасалған бұйымдар өте әдемі және жылтыр болады, лак бақка да жылтырататын заттар ағаштың осы айтылған қасиеттерін күшейте түседі.
Ағаштың табиғи сүрегі – ағаштың бұл қасиеті оны арамен ұзынынан кескеннен кейін кептіріп, тазалап, ысқылап, май жаққан кездерде өте жақсы көрінеді, оған бір ерекше көркемдік мән береді. Бұл сүректің бәрі жылдық сақиналардың сәл көлбеу кесілуінен ерекше әдемілене түседі. Неғұрлым ағаштың жылдық сақиналары бірдей болмай, қисық жасалған заттың өң-түсін өрнек оюсыз-ақ ерекше құлпыртады.
Қылқан жапырақты, жұмсақ ағаштардың кесінділерінің табиғи сүректері өте қарапайым, ал жай жалпақ жапырақтың табиғи суреті күрделі және қайталанбас таңбалармен берілгендігін байқаймыз.
Ылғалдылық қасиеті – ағаштарды ойып, кесіп үйге, үй құрылыстарына есік, терезе, ыдыс-аяқ жасағанда қатты ескеріледі. Жаңа кесілген жас ағашта ылғал көп болады, толық кепкенше пайдаға аспайды. Әбден шегіне жетіп кепкен абсолюттік ағашты тек лабораториялық жағдайда алуға болады.
Ағашта ылғалдылығына байланысты бірнеше топқа бөлінеді: далада кепкен, үй темпиратурасында кепкен немесе лабораторияда кепкен ағаш. Мектеп шеберханасында жұмыс істеу үшін еңбек жұмысына дайындалу қажет. Ол үшін жаз айларында мектеп ауласында ашық жерлерден астында көлеңкесі бар жел жан-жағынан соғатындай етіп, көлеңке шатыр жасап, ағаштарды соның астында кептіріп алу қажет, соның өзінде ағашта 12-18 ылғалдылық қалады. Ағашты кептіріп жұмысқа дайындағанның өзінде ылғалдылық тез ағаймайды. Жаңа кескен емен ағашында 50-70 ылғалдылық болса, бұл 6 айдан кейін 39-43, 12 айдан кейін 39, ал 18 айдан кейін 25-27-ке жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |