Әдебиет: [1] [2] [8] [9] [10] [11] [12]
54 кредит саны № 41 дәріс Тақырып: Ағашты бекітудегі негізгі те тік - шканттар.
Дәрістің мазмұны: Шканттардың түрлері
Шканттың артықшылығы.
Мақсаты: Шкантпен бекітілген ағаштың артықшылығы.
Шканттар дегеніміз алмалы–салмалы, дөңгелек тетіктер. Дайындалған ағаш материалының бүкіл өн бойына таратылатын тиекті – кертікті ұзын да тұтас тетіктерді тарақ тәрізді тетіктер деп атайды. Тарақ тәрізді тетік дегеніміз бөлшектің бойына салынатын шағын ойыс. Ол шпунтқа кигізіледі.Тиекті – кертікті тетіктер өздерінің сыртқы түрлері жағынан дөңгелек те, жалпақ та және трапеция тәріздес те болады.
Трапеция тәріздес және жалпақ тиекті – кертікті тетіктердің қырларын олардың бет сүйектері деп атайды. Сыртқы иық тетіктері деп кеспелтек ағаштың аралапкерілген бөліктерін, яғни тиекті – кертікті тетіктер көтерілешығып тұратын сыртқы бөліктерін атайды. Тиекті – кертікті тетіктің шеткі жақтарын тік кесілген шет дейді.
Тиектің ұзындығы, қалыңдығы мен ені болады. Тиектің үзындығы – дөңбек шетінен иықшаға дейінгі қашықтық; қалыңдығы – иықшалар мен ұрттардың арасындағы қашықтық; ені – ұрттарының көлденең мөлшері.осы тиек бұрыштарының көмегімен бөлшектерді ұзындығымен, енімен, бойымен, бұрыштарымен қосады.
Әдебиет: [1] [2] [8] [9] [10] [11] [12]