Әдебиет: [1] [2] [8] [9] [10] [11] [12]
15 апта
57 кредит саны
№ 43 дәріс
Тақырып: Ағаш өңдеуге қажетті құрал - жабдықтар.
Дәрістің мазмұны:
Механикалық құралдар
Мақсаты: Белбеу, белдік.
Бұрын қолөнер шеберлігіне қажетті ағаштың бәрін ұсталар тікелей өз қолымен даярлаған. Өз маусымында кескен, мезгілінде кептірген. Күйшілер болса үйдің сүйегіне арналған керегелік, үй ықтық, шаңырақтық сырғауылдары отпен морлап, тезге салып иген, ырғаққа ұстап, керекті қалыпқа түсірген. Ою ағаштың негізінен тегіс бетіне бедерленеді. Яғни, оймашы шебер жүкаяқ, кебеже тәрізді жиһаздың мүлік жасау үшін ең алдымен кескен ағаштан тақта дайындайтын болған. Сонан соң кіріскен. Әрине, мұның бәрін құрал - саймансыз жүзеге асыра алмайсың.
Ұсталар ағашты кесу жұмыстарына арамен балтаны, шабу ісіне түрлі шоттарды (шапашот, тесе шот, ойыс жүздішот), тегістеу, типылдау үшін үстірікті, қырғыны, оңғыны, түрпіні ішінара қашауды ойып өрнек салу үшін бєкіні пышақты (ойма пышақ, қуыс құрсақ) қашау, тесу үшін ұрғы мен үскіні пайдаланған. Әдеттеп, темір ұсталары да өзіне қажетті құрал-сайманның бәрін тікелей қолымен өзі жасап алған. Қазір ағаш өңдеу механикаланған.
Механикаланған құрал-сайманға электр ара, электр сүргі, электр бұрғы, электрлік және пневматикалық ажарлау аспаптары жатады. Алайда, бүгінгі күндері қолдан тақта даярлап жатудың қажеті жоқ. Ойып өрнек салу үшін дайын тақтай жеткілікті.
Құрал-сайманды да қорабымен дүкендерден ала аласың. Жинақталған кескіш бәкілермен қатар метрлік өлшегіш, сызғыш, ішкі өлшеуіш, дөңгелек рейсмус деп аталатын өлшеуіш - белгілеу аспаптары да, ұста бағасы ағаш балға, қысқаш, тістеуік, егеу тәрізді көмекші аспаптарда қажет. Ағаш оюға қажетті ең басты құрал қашау.
Қашау тік жүзді қашау, құрсақты қашау (құрсақ ауқымы, яғни, жүзінің дөңгелек шеңбері түрліше бола береді), бұрышты қашау (жүзі үш бұрышты т.б.) қиғаш қашау (жүзі қиғаш) болып бөлінеді. Ең көп қолданылатын үш түрлі – құрсақты қашау, тік жүздісімен қиғаш жүздісі және шапашот пен ыңғыру (ойықтың өңін тегістеуге қолданылатын құрал). Көрнекілік үшін берілген тақтайдан құрсақты қашаумен салынған ойықтың жосығын қараңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |