Мәдениет және өнер” институты “Көркем-қолданбалы өнер және кәсіби білім” кафедрасы 050120 «Кәсіптік оқыту»



бет3/6
Дата24.05.2017
өлшемі1,38 Mb.
1   2   3   4   5   6

3. Коллекциялық жоба.

Коллекция – біртекті заттың жүйелі түрдегі жиыны, ол ғылыми, тарихи, көркемдік қызықтарды тудырады. Киім үлгілеудегі коллекция - бұл түрлі қызмет атқаратын үлгілердің сериясы:

Авторлық концепция;

Образдық;

Коллекцияда қолданылатын материалдар;

Түстік шешімі;

Формасы;

Базалық құрастырулар;

Стильдік шешімі.

Коллекция құрлымы:

Сыртқы киімдер;

Күнделікті киімдер, спорттық, туризм және демалыс киімдері;

Сәнді, кешкі және мейрамдық киімдер;



Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий из трикотажа» 397 стр.

ОСӨЖ мазмұны: Трикотажды қапсырма мінездемесі.

Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий из трикотажа» 18 стр.

СӨЖ мазмұны: Дәріс бойынша дайындалу.

Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 572 стр.

45 кредит саны

45 дәріс

Тақырып: Түрлі киім ассортиментін жобалау.

Дәріс мазмұны:

1. Эвристика тәсілі



2. Ассоциациялық тәсілі

Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий из трикотажа» 24 стр

ОСӨЖ мазмұны: Модельер, кутюрье,дизайнер терминдары

Әдебиет: В.В.Ермилова, Д.Ю.Ермилова «Моделирование и художественное оформление одежды» 3-4 стр.

СӨЖ мазмұны: Дәріс материалдары бойынша практикалық сабақтарға дайындалу.

Әдебиет: В.В.Ермилова, Д.Ю.Ермилова «Моделирование и художественное оформление одежды» 3-4 стр.

2. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

  1. А. И. Зюзин «Бытовые швейные машины: эксплуатация, ремонт и наладка», Смоленск : Русич, 1997 г.

  2. И. Н. Литвинова, Я.А.Шахова, «Изготовление женской верхней одежды» Москва, Легпромбытиздат 1991 г.

  3. И. К. Валышков «Оборудование швейных изделий», Москва: Просвещение, 1994 г.

  4. Е. С. Калинина «Шитье» Москва Лабиринт - пресс 2002 г.

  5. Л. М. Дашкевич «Лабораторный практикум по технологии пошива одежды» Ростов – на – Дону, Феникс 2001г.

  6. О. В. Суворова «Швейное оборудование»: Ростов –на –Дону: “Феникс” 2000 г.

  7. А. Т. Труханова «Основы технологии швейного производства»: Учеб. пособие для ПТУ -2-е издание, Москва; Высшая школа, 1987 г.

  8. Л. И. Андреянова «Уроки шитья», Екатеринбург. “Стрибог”, 1995 г.

  9. П. Г. Кокеткин «Основы промышленной технологии по узловой обработке ткани». Москва . Просвещение, 1990 г.

  10. Л. В. Ливицкая «Технология швейных изделий», Учеб. Пособие –Москва МОПИ им.Н.К.Крупская, 1989 г.

  11. Матузова Е. М., Соколова Р. И., Гончарук И. С. «Разработка конструкций женских изделий по моделям» –изд. 2 –ое., Москва : Легкая и пищевая промышленность, 1983

  12. Т. О. Бердник «Моделирование и художественное оформление одежды». Ростов – на – Дону: “Феникс” 2001 г.

  13. Е. И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление одежды». Ростов – на – Дону: “Феникс” 2002 г.

  14. Матузова Е. М., Соколова Р. И., Гончарук И. С. «Разработка конструкций женских изделий по моделям”, изд. 2 –ое., Москва: Легкая и пищевая промыш., 1983 г.

  15. И. И. Блинов «Модели женских юбок».Ростов –на –Дону: Феникс;СПБ: Корона принт, 2002 г.

  16. Л. Н. Зевакова, М. Л. Дашкевич, Т. С. Рослякова «Техника раскроя одежды». Ростов – на – Дону: 2003г.

  17. Л. Н. Зевакова «Закройщик верхней одежды». Ростов –на –Дону: 2003 г.

  18. И. Ю. Савельева «Конструирование одежды». Ростов –на –Дону: Феникс; 2003г.

  19. Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий из трикотажа»

  20. В.В.Ермилова, Д.Ю.Ермилова «Моделирование и художественное оформление одежды».

  21. Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий »

  22. Е.Б.Булатова, М.Н.Евсеева «Конструктивное моделирование одежды»

  23. Е.А.Янчевская «Конструирование одежды»

3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.



р/с

Жұмыс

түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын

әдебиет

Орындалу мерзімі және тапсыру уақыты

Балл

Бақылау түрі

1

ОСӨЖ орындау

Студенттердің теориялық дайындығын тексеру

Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 572 стр.


Апта

2

Ауызша тексеру немесе конспект тексеру

2

Глоссарий

Студенттердің өзіндік тапсырмаларын орындау, терминдерді оқу.

Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 572 стр.


Апта 6,14

4

Жазбаша жұмыс

ГЛОССАРИЙ

ГЛОССАРИЙ- мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде негізгі термин сөздер мен ұғымдардың түсініктемелері берілген


Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Қосетек

волан

Shuttlecock,flonce

Сырып тігу

Вытачка

Tuck

дизайн

Дизайн

Design

Шаршаулау

Драпировка

drapes

кокетка

Кокетка

Flirt

Құрама

Комплект

Kit,set

Композиция

Композиция

Composition

Костюм

Костюм

Suit

Лекало, даяр үлгі,қисық сызықтарды сызатын сызғыш

Лекало

French curve

Көкірекше

Лиф

Bodice

өңдеу,тегістеу,құрастыру

Моделирование

Modeling,simulation

Үлгіөрнек

Модель

Model

Модуль

Модуль

Module

Метр

Метр

Metre

Бүрме

Оборка

Flounce,ruffle

Киім

Одежда

Cloth

Үлгіпішін

Покрой

Cut

Қосу,үстеу

Прибавка

Gain

Реглан

Реглан

Raglan

Силуэт

Силуэт

Silhouette

Стиль

Стиль

Style

Форма

Форма

Form,shapp

Эскиз,нұсқа

Эскиз

Outline

Қосымша,үстеме

Прибавка

Gain

Мөлшер,шама,көлем

Размер

Size,amount

Функция

Функция

Function

әдеп

Эстетика

Aesthetics,esthetics

Ақпарат

Информация

Information

Қорғаныс

Защита

Protection,defense

өндіріс

Производство

Prodaction

Маусым

Сезон

Season

Топтастыру

Классификация

Categorization

Түр

Вид

Type

Трапеция

Трапеция

Trapezoid

4. Пәннің оқу - әдістемелік қамтылу картасы.




кітапханада

кафедрада

Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі




2

3

4

5

6

7

Куренова С.В. Конструирование одежды. Ростов н/Д:Феникс,2003г.

5

=

25

-




Янчевская Е.А. Конструирование одежды.М.:Издательский центр «Академия»,2005г.

3

-

20

-




Булатова Е.Б. Конструирование и моделирование одежды./2-е изд.Стер.-М.:2004г.

1

-

10

-




Смирнова Н.И. Проектирование конструкций швейных изделий для индивидуального потребления – М.:Форум ИНФРА-2005г.

1

-

10

-




Раслякова Т.А. Дамский пиджак и пальто.Конструирование.Моделирование.Технология пошива-Ростов н/Д.:2000г.

5

-

25

-




Можчиль Н.Е. Закройщик легкой женской одежды.-Ростов н/Д:Феникс,2001г.

5

-

25

-




Зевакова Л.Н. Закройщик верхней женской одежды. Ростов н/Д:Феникс,2003г.

4

-

22

-




Зевакова Л.Н. Закройщик верхней женской одежды.-Ростов н/Д:Феникс,2001г.

3

-

20

-




5. Лекциялық кешен:

1 апта

1 кредит саны

1 дәріс

Тақырып: Киімді үлгілеу

Мақсаты: Студеттерді курс мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:

1. Кіріспе. Курс мақсаты және міндеттері.

2. Көркемдік үлгілеу.

Болашақ кәсіпке баулу оқытушысы мен технология пәні мұғалімдерінің түрлі материалдардан бұйымдарын әзірлеуге ептілігі мен дағдысын қалыптастыру; алған білімдерін жалпы білім беретін мекемелерде, оқу тәрбие процесінде қолдана білуге үйрету.



Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий из трикотажа» 24 стр.

2 кредит саны

2 дәріс

Тақырып: Негізгі түсініктер және терминдер.

Мақсаты: Студенттерді негізгі түсініктер және терминдермен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:

1. Киім және оның функциясы.

2. Костюм және оның функциясы.

Үлгілеудің негізгі түсініктері «костюм» және «киім» болып табылады. Әрбір халықтың тілінде осы терминдерді белгілейтін сөздер бар.



Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий из трикотажа» 24 стр.

3 кредит саны

3 дәріс

Тақырып: Дизайндағы үлгілеу және жобалау.

Мақсаты: Студенттерді дизайндағы жобалаумен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:

  1. Көркемдік құрастыру.

  2. Жобалық міндет.

  3. Композиция.

Көркемдік құрастыру – жобалық міндетті шешуші процесс, оған концепцияны өңдеу кезеңдері , нақты мақсаттарды көрсету, объект анализі, жобалау, жобалық құжаттарды өңдеу кіреді.

Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий из трикотажа» 24 стр.

2 апта

4 кредит саны

4 дәріс

Тақырып: Сән

Мақсаты: Студенттерді сән тақырыбымен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:

1. Сән құрамы және функциясы.

2. Сән әлеуметтік және психологиялық феномен ретінде.

Сән костюм эволюциясының басты факторы болып табылады. Сәнді адам мәдениетінің феномені ретінде 18 ғасырдың аяғынан бастап оқи бастады. Сәнге әр түрлі көзқараспен қарады: әлеуметтік психология және психоанализ.



Әдебиет. Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 572 стр.

5 кредит саны

5 дәріс

Тақырып: Киімді үлгілеу және көркемдік әрлеу тарихы.

Мақсаты: Студенттерді киім тарихымен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:

1. Киімнің пайда болуы.

2. Ежелгі костюм.

Костюм тарихы адам тарихын және адам қауымының тарихын көрсетеді. Қоғамның әлеуметтік құрылысын, мәдениетін, техниканың дамуын, ел арасындағы тауар байланысы – барлығы белгілі кезеңдегі адамдардың киген костюмдарынан көрініп тұрды.



Әдебиет. Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 572 стр.

6 кредит саны

6 дәріс

Тақырып: Костюм композициясының құрылысы.

Мақсаты: Костюм композициясының құрылысы туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Композициялық формообразование.Негізгі түсініктер.

2. Костюм композициясының гармонизациясы(нюанс, симметрия,масштаб)

Әдебиет. Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 572 стр.

3 апта

7 кредит саны

7 дәріс

Тақырып: Композицияның заңдары.

Мақсаты: Студенттерге композиция заңдары бойынша түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Пропорция.

2. Ритм.

Әдебиет: В.В.Ермилова, Д.Ю.Ермилова «Моделирование и художественное оформление одежды» 94-95 стр.

8 кредит саны

8 дәріс

Тақырып: Бұйымға қойылатын техникалық шарттар.

Мақсаты: Студенттерге тақырып бойынша түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Үлгілердің суретін сызу.

2. Үлгінің сыртқы түрін сипаттау.

Тігін өнеркәсібінің әр бұйымына техникалық шарттар құрастырады. Үлгілерге жасалынған техникалық шарттар қажетті құжат болып табылады. Онда бөлшектерді пішуге және тігуге қойылатын талаптар бөлшектерді өлшеу табелі, бұйымдарды қабылдап алу, сақтау тасымалдау ережелері көрсетіледі.

Бұйымда өңдеуге қойылатын техникалық талаптар: ұсынылатын маталардың тізімі, пішілетін бөліктердің тізімі, бұйым өлшемдері мен үлгілер мәліметі. Қосымша: үлгілер комплектісі, үлгілер көлемінің кестесі, бұйымдарды пішу картасы, пішу схемасы, қосымша қолданылатын үлгілердің тізімі.

Әдебиет: В.В.Ермилова, Д.Ю.Ермилова «Моделирование и художественное оформление одежды» 111-113 стр.

9 кредит саны

9 дәріс

Тақырып: Дайын тігін бұйымдарының сапасын бақылау және киім кемшіліктерінің түрлері

Мақсаты: Студенттерге дайын тігін бұйымдарының сапасын бақылау және киім кемшіліктерінің түрлері туралы

түсінік беру.



Дәрістің мазмұны:

1. Технологиялық кемшіліктер.

2. Құрастырудағы кемшіліктер.

Киімде кездесетін кемшіліктердің бәрі 3 түрге бөлінеді: мата кемшіліктері, конструкциялық және технологиялық өңдеу кемшіліктері. Тоқыма кемшіліктері жіпті иірген кезде, тоқығанда және матаны әзірлеген кезде пайда болады.

Құрастыру кемшіліктері өлшемді дұрыс алмаудың, дұрыс пішпеудің, бұйымды құрастырғанда жіберілген қателіктерден пайда болады.

Технологиялық кемшіліктер өңдеудің техникалық шарттарын бұзудан, ылғалды-жылулықпен өңдеу тәсілдері мен тәртібін сақтамаудан, жұмыс орнында бюұйымға мұқият қарамаудан пайда болады.



Әдебиет: В.В.Ермилова, Д.Ю.Ермилова «Моделирование и художественное оформление одежды» 125-130 стр.

4 апта

10 кредит саны

10 дәріс

Тақырып: Дайын бұйымның сапасын тексеру

Мақсаты: Студенттерге киімді көркемді безендіру және үлгілеу принциптары бойынша түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1.Киімді манекен үстінде тексеру

2.Бұйымның сапасын тексергендегі параметрлер.

Бұйымды манекенге кигізіп, үстел үстіне жатқызып, белгілі бір ретпен сырттай қарау жолымен тексереді. Бөліктердің біріктірілу сапасын тексеру. Кемшіліктерді шартты белгілер арқылы бормен көрсете отырып, өңдеу сапасын тексереді, негізгі және астарлық бөліктерді қарап шығады.

Тексеруді алдымен бұйымның оң бетінде - жағаны, өңірлерді, жотаны, жеңдерді, және әрлеу элементтерін жоғарыдан төмен қарай тексеріп шығады.

Форманың сапасын тексергенде мынадай параметрлерді бақылайды: форманың симметриялығын және жұптық бөліктердің дұрыс орналасуы; бөліктердің шет жақтарының біркелкілігі, жиектемелердің өңделу сапасы; қалталардың рамкалардың сапасын тексеру.



Әдебиет: В.В.Ермилова, Д.Ю.Ермилова «Моделирование и художественное оформление одежды» 131-143 стр.

11 кредит саны

11 дәріс Бүкпелерді өңдеу

Мақсаты: Студенттерге киімді жобалау тақырыбы бойынша түсінік беру.

Дәрістің мазмұны: 1.Иық, кеуде бүкпелері

2.Бел бүкпелері

Адамның тұлғасына сәйкес бұйымға белгілі бір пішін беру. Тұлғаға дұрыс, қонымды болу үшін негізгі бөліктерге бүкпелер жасайды. Бүкпенің ені оның саны бұйымның қонымды болу тығыздығына байланысты. Бүкпелер орналасуына байланысты үстіңгі және бел сызығынан басталатын деп атайды. Үстіңгі бүкпелер иық тігсінен, мойын ойындысынан немесе бүйір тігісінен бастап орналасады. Бұл бүкпелер әйел адам киімдерінің негізгі бүкпелері болып табылады.

Әдебиет: В.В.Ермилова, Д.Ю.Ермилова «Моделирование и художественное оформление одежды» 146-151 стр.

12 кредит саны

12 дәріс

Тақырып: Кеудешедегі бүкпелердің үлгіленуі

Мақсаты: Студенттерге костюмді жобалаудағы бірлескен жақындау.

Дәрістің мазмұны:1.Симметриялы бүкпелер

2.Асимметриялы шаршаулар

Тығыз жабысатын бұйымдардың бүкпе ені, жартылай жабысатын бұйымдарға қарағанда үлкен. Трапеция пішінді бұйымдарда бел сызығы бойынша бүкпелер жобаланбайды.

Өңдеу тәсіліне қарай қималы және қимасыз болып бөлінеді. Жеңіл көйлектерде белдемшелерде шалбарларда бүкпелер қимасыз болып келеді. Үлгісіне байланысты бүкпелер қатпарларға ауысуы мүмкін, бүкпені бүрмемен, бедерлі тігіспен ауыстыруға болады. Әйелдер бұйымындағы сырт киімдерде үстіңгі бүкпелер қималы болуы мүмкін, ал ерлер бұйымында бүйір жақтағы бүкпелер қималы болу мүмкін.



Әдебиет: В.В.Ермилова, Д.Ю.Ермилова «Моделирование и художественное оформление одежды» 154-168 стр.

5 апта

13 кредит саны

13 дәріс

Тақырып: Коллекцияны жобалау

Мақсаты: Студенттерге коллекцияны жобалау туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны: 1.Киім коллекциясының түрлері.

2.Коллекция жасау кезеңдері.



Әдебиет: В.В.Ермилова, Д.Ю.Ермилова «Моделирование и художественное оформление одежды» 169-171 стр.

14 кредит саны

14 дәріс

Тақырып: Көкірекше мен белдемшенің қосылуы.

Мақсаты: Студенттерге костюм көокемдік жүйе ретінде тақыбын түсіндіру.

Дәрістің мазмұны: : 1.Бұйымның бел сызығын өңдеу

2.Белдемше мен көкірекшенің жиек арқылы қосылуы

3.Белдемше мен көкірекшенің жапсырма тігіспен қосылуы

Көкірекше мен белдемшені қосып тікпей тұрып алдымен бүкпелерді, қатпарларды, қалта мен белдемшенің үшкірлерін өңдеп алады. Мақта, зығыр, синтетика маталарынан тігілген бұйымдарда бұл операцияны 797 кл машинада орындауға болады.

Үлгісіне бюайланысты жүн, лавсан, жібек маталарда бүйір тігісін не айырып, не жатқызып үтіктейді.

Көкірекшеде бүкпе, қатпар, рельеф, буфтар, иніштер, түймеліктері, иық, бүйір, жағаның мойын ойындысымен қосылуы алдын-ала өңделуі керек. Белдемшенің көкірекшеге қосылуы.



Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 33 стр.

15 кредит саны

15 дәріс

Тақырып: Үлгіні мата бетіне орналастыру

Мақсаты: Студенттерге сән және костюм туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Технологиялық тізбектілікті құрастыру

2. Өңделудің технологиялық тізбектілігін құрудың оңайлатылған формасы.

1. Технологиялық тізбектілікті құрастыру

Үлгіні мата бетіне орналастыру үшін мынадай техникалық талаптарды ескеру керек:

1. Түкті маталарда түктің бағытын ескеру.

2. Матаның суретін ескеру.

3. Негізгі жіптің бағытын ескеру.

Түкті және басқа да түсті маталарда киімнің барлық бөліктерінің үлгілерін (әдіп және астыңғы жағадан басқа) бір бағытта орналастырып, қию керек. Түкті маталарда: қыжым, жартылай бархыт, шибархытта үлгілерді матаның түгі астынан үстіне қараған бағытта орналастыру керек. Сонда бұйымның түсі әдемі болады.

Үлкен суреті бар маталарда, бұйымның барлық бөліктерінде оң және сол жақ бөліктерінің суреттері симметрилы болу керек. Үлкен бөліктерде сурет сақталу керек. Жолақты маталарда үлкен бөліктердің ортасы жолақтың ортасы болу керек. Киім шығару процесі 3 этаптан тұрады.

1. Үлгіні жасау және құрастыру.

2. Матаны қиюға дайындау және қию.

3. Тігу.


Тігу бұйымдарын өңдеу технологиялық процесі, бірқатар технологиялық бөлінбейтін операциялардан тұрады. Технологиялық бөлінбейтін операция дегеніміз - бұл процесс технология жағынан ұсақ жұмыстарға бөлінбейтін операциялар. Мысалы: жеңдерін қондыру, етегін бүгіп тігу.

Технологиялық бөлінбейтін операциялардың, әр бөліктің өңделуіне қарай, орналасуын және құралуын технологялық тізбектілік - дейміз. Технологиялық тізбектілік кезекті өңдеу реттілігін, дұрыс таңдау болып табылады.



2. Өңделудің технологиялық тізбектілігін құрудың оңайлатылған формасы.

Бұйымның аты - мақта матадан тігілген көйлек, мектеп жасындағы қыз балаларға арналған. Сипаттамасы: көйлектің - алдыңғы бойдың көкірекшесі екі бөліктен тұрады. Бел және кеуде тұстарында бүкпелері бар. Алдыңғы бой 3 түймеге түймеленеді. Артқы бойдың көкірекшесі тұтас. Иығында және белінде бүкпелері бар. Жеңдері қысқа, қондырмалы. Жағасы қондырмалы, қайырма. Белдемшесі тік, белінен жиырылған. Екі жапсырма қалталары бар. Байланатын белдігі бар.



Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 144-146 стр.

6 апта

16 кредит саны

16 дәріс

Тақырып: Иніштің түрлері және олардың өңделулері

Мақсаты:Студенттерге костюмнің көркемдік жобалау негіздері туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Жиекті, желбіршекті, кружевалы иніштердің өңделуі.

2. Қосып, бастырып тігілген түзу және овалды иніштердің алдыңғы және артқы бойларымен қосылуы.

Иніштің қосылу тігісінде, үлгісі бойынша жиек, желбіршек немесе кружева болса, онда алдымен осы сәндік бөліктерді алдымен инішке қосып алады. Жиекті екігебөліп жатқызып, басып үтіктейді.Иніштің оң бетіне дайын жиекті бүтін қиығын бұйымның ортасында болатындай етіп, жиек жақтан қосып тігеді. Бұйым жақтан тігіс ені 1-1,5 см.

Желбіршекті жиек сияқты өңдейміз. Иніштің оң бетіне желбіршектің бүрмелерін біркелкі жайғастырыпоң бетін қойып қиықтан теңестіріп желбіршек жақтан тігеміз.

Кружеваны иніштің оң бетіне оң бетін төмен қойып фигуралы шетін бұйымның ортасына келтіріп, 0,1-0,2 см қашықтықта кружеваның түзу қиығынан тігеміз. Иніш жақтан тігіс ені 1-1,5 см.

Овалды иніштің іш жағының шетінен жиекті қосып тігеді. Тігіс инішті қосып тігетін тігістен 0,2-0,3 см қашықтықта болу керек. Жиектің ішкі шетінен негізгі бұйымның бүрмелерін алдын-ала өңдеп алады.

Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 167-172 стр.
17 кредит саны

17 дәріс

Тақырып: Иніштің түрлері және олардың өңделулері

Мақсаты:Студенттерге киім өндірудегі көркемдік жобалау туралы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.

Дәрістің мазмұны:

1. Жапсырмалы түзу, овалды иніштердің алдыңғы немесе артқы бойларымен өңделуі.

2. Астарлы иніштердің алдыңғы, артқы бойлармен өңделуі.

Овалды иніштің іш жағынан жиекті қосып тігеді. Түзу немесе овалды иніштің шетін үтікпен немесе арнайы шаблонмен жатқызып үтіктейді. Іш жағының қайырылу шетіне ені 0,3-0,4 см желімдік пленканы жабыстырады.

Негізгі бұйымның алдын-ала белгіленген сызығына, престің көмегімен жабыстырып қойып, бастырып тігеді.

Егер желімдік пленка болмаса, онда инішті негізгі бұйымға қойып, бастырып тігеді. Егер жапсырмалы тігісті овал иніштің сәндік тігісі 0,5 см асып кетсе, онда овалды иніштің шетін әдіппен өңдейміз. Әдіптің формасын, овал иніштің формасы мен қиямыз. Әдіптің ені, сәндік тігістің еніне байланысты болады айналдыру тігісінің ені сәндік тігістің ені 1,0-1,5 см.

Егер үлгіде астарлы иніш қарастырылған болса, онда қосып тіккенде немесе бастырып тіккенде теріс жағынан бір мезгілде астарды да қосып тігеді.

Инішті бастырма тігіспен тіккен кезде негізгі бұйымды негзіг матадан қиылған инішпен астардың арасына қиықтарын теңестіріп қояды. Қосып тігудің тігіс ені 1 см. Астарды қоспай бастырып тігеді.



Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 174-176 стр.

18 кредит саны

18 дәріс

Тақырып: Иніштің түрлері және олардың өңделулері

Мақсаты: Студенттерге костюмнің адам тұлғасының пластикасымен байланысы туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Бөлек өңделген иніштердің өңдеулері.

2. Бөлек өңделген астарлы иніштің өңделуі.

Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 198 стр.

7 апта

19 кредит саны

19 дәріс

Тақырып: Иніштің түрлері және олардың өңделулері

Мақсаты: Студенттерге конструктивті белдіктер туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Астарсыз бөлек өңделген иніш.

2. Күрделі конфигурациялы, жапсырмалы иніштің өңделуі.

Иніштің шетін теріс бетіне қаратып, қайтарып, жабық немесе ашық қиықты бүгіп тігу тігісімен өңдейді.

Иніш күрделі фигуралы болса, онда сондай фигуралы әдіппен өңдейді. Тігіс ені 0,5 см, бұрыштарын кесіп, оң бетіне аударады.

Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 201-203 стр.

20 кредит саны

20 дәріс

Тақырып: Қалталардың өңделуі

Мақсаты: Студенттерге костюм композициясының заңдары туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Қақпақты қалтының өңделуі.

2. Технологиялық тізбектілігі.

Қақпақты қақпақ астарымен оң беттерімен беттестіріп 0,7 см тігіспен айналдырып тігеміз. Шеттерін кесеміз оң бетіне айналдыру, қиғаш тігіспен қақпақ астарына қарай жиек жасап көктейміз.Қақпақты басып үтіктейді. Қалтаның тігу орнын белгілеу. Ұзындығы 16 см, ені 1 см төртбұрыш сызу.

Әдіпті екі бүктеп жатқыза үтіктеу. Қақпақты үстіңгі сызыққа қосып тігу.

Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 210-238 стр.

21 кредит саны

21 дәріс

Тақырып: Қалталардың өңделуі

Мақсаты: Студенттерге костюмдегі түр, силуэт және сызықтар туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Жапырақша қалтаның өңделуі.

2. Технологиялық тізбектілігі.

Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 259 стр.

8 апта

22 кредит саны

22 дәріс

Тақырып: Қалтаның өңделуі

Мақсаты: Студенттерге костюм ұйымдастырудағы симметрия және асимметрия туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Рамкалы (жиекті) қалтаның өңделуі.

2. Технологиялық тізбектілігі.

Өңдеу тәсілдерімен тізбектілігімен қалтаны жинау класымен танысу.

Қалтаның орнын белгілеу, долевикті қалтаның артынан көктеу. Үстіңгі әдіпті астыңғы әдіпті 2-ге бөліп, жатқызып үтіктеу. Үстіңгі әдіптің бүтін қиығын жоғарыға қаратып 0,7 см тігіспен қосып тігу.

Астыңғы әдіптің бүтін қиығын астына қаратып астыңғы сызыққа 0,7 см тігіспен қосып тігу.

Қалтаны қию, әдіпиерін оң бетіне аудару, үтіктеу. Бұрыштарын бекіту, қалтаның астарын алдыңғы әдіпке 1 см тігіспен қосу. Подзорды 2-ші шетін 1 см тігіспен қосып тігу. Ы:Ж:О:

Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 300 стр.

23 кредит саны

23 дәріс

Тақырып: Шалбардың түймелігін өңдеу.

Мақсаты: Студенттерге костюмдегі түс туралы түсіндіру.

Дәрістің мазмұны:

1. Шалбардың бүйір қалтасын өңдеу.

2. Технологиялық тізбектілік.

Өңдеу тәсілдері, тігіс тізбектілігі, гульфикті және откосты жинауды тәжірбие жүзінде бекіту.Бөліктері: незізгі матадан - шалбардың алдыңғы бөлігі -2б, белдік -1б, шалбардың алдыңғы бөлігі -2б, гульфик-1б, откосок -1б, астр матадан - гульфиктің астары 1б, корсаждық лента.



Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 348-351 стр.

24 кредит саны

24 дәріс

Тақырып: Костюмдегі көрінетін иллюзиялар.

Мақсаты: Студенттерге костюмдегі көрінетін иллюзиялар туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Вертикаль сызықтың бағалануы.

2. Толық орын иллюзиясы

Иллюзия деген сөз шын нәрсені қисайуы, алдау әсері. Көз әсерінің қабылдауы. Барлық тәсілдердің ішіндегі ең жәй түрі образды тану – эталонымен салыстыру. Образды тану тәсілінің ішіндегі дәлелденген түрі – көз ақпаратының интерпретациясы. Арнайы әдісі:

- интерпретацияны күрделендіре, ең алдымен кескінді жеңілдетеді;

- бәсекелес бейнелерді құру;

- мазмұны жоқ бейнелерді құру.

Киім үлгілеуде иллюзия заңдылықтарын ескерген жөн. Иллюзия, шарт бойынша, шынайы фигураны идеалға жақындату: бойды ұзарту, фигураны жіңішкерту, иық енді болса кішірейту, кеудені үлкейту немесе кішірейту, белді жіңішкерту. Иллюзия немесе көз алдау, киімде баяғыдан қолданған. Костюм тарихынан көруге болады, үлкен юбкалар арқылы белді жіңішкерткен, аяқты ұзын ету үшін белді жоғарыдан қиған,вертикаль сәндік безендірулер арқылы бойды ұзартқан.

Вертикаль иллюзия көбейту, егер 1/3., вертикаль сызық ұзын болады горизонталь сызыққа қарағанда.

Толықтырылған иллюзия, кейбір кезде костюмнің безендірілген немесе бөлшектермен толықтырылған жері болып есептеледі.

Тік бұрыш иллюзия, фигураның иық бөлігін кеңейтеді, ал төменгі жағын жіңішкетеді. Контраст иллюзия, үлкен пішін кіші пініннің қасында оданда үлкен болып көрінеді. Бұранда иллюзия, екі түрлі ақ, қара бауды ширату арқылы қызықты эффект береді. Тегістеу иллюзия, жеңдегі манжета жоғары қайырылса, ол қысқа болып көрінеді, егер манжета төмен қараса жең ұзын болып көрінеді. Жолақ мата иллюзия, вертикаль жолақты мата фигураға әсемдік береді, горизонталь мата арық келген адамды толықтырып көрсетеді.



Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 323 стр.

9 апта

25 кредит саны

25 дәріс

Тақырып: Дизайнның стилі және оның стильденуі.

Мақсаты: Мата туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Дизайн стилі.

2. Стиль түрлері.

1. Стиль көркемдік ойлаудың жалпы категориясы.

Стиль – көркемдік ойлаудың жалпы категориясы, ол ойлау дамуының белгілі бір кезеңдерін сипаттайды. Стиль обьектінің формальды-эстетикалық белгілерін сипаттайды. Онда әр дәуірдің дүниетанымы бейнеленетін көзқарастар мен идеялар жүйе көрнісі болып табылады. Әр дәуірдің көркемдік стилі болады олар өнердің барлық түрінде кездеседі – архитектурада, скульптурада, живописьте, әдебиетте, музыкада.Әр стильдің өзінің даму жолында стадиялары бар:

1. жаңадан пайда болған;

2.. тұрақтаған кезі;

3. өткен кезі.



2. Стиль түрлері.

Өнер тарихын кезеңдерге бөледі: “үлкен дәуір стилі”, роман стилі, Готика, Ренессанс, Маньеризм, Барокко, Классицизм, Рококо, Неоклассицизм, Ампир, Романтизм, Историзм, Модерн. Әр дәуірдің стилін жалпы пішіндерімен салыстырған мысалы, Готика бас киімі мен аяқ киімдерін ұшталған Готика соборымен салыстырған.

20 ғасырда үлкен стильдердің орнына “абстракционизм”, “функционализм”, “сюпрамизм”, “поп-арт” тұжырымдамалар мен әдіс тәсілдер келді. 20 ғ. әр онжылдық сайын микростильдер болды. 1910 жылы – “шығыстық стиль” және “нео-грек”, 1920 жылдары “ар-деко”, 1930 жылдары “неоклассицизм”, 1940 жылдары “кантри”, “вестерн”, 1950 жылдары “нью лук”, “Шанель”, 1960 жылдары “ғарыштық”, 1970 жылдары “романтикалық”, “ретро”, “фольклорлық”, “спорттық”, “этикалық”,”джинсовка”, 1980 жылдары “экологиялық”, “жаңа пират”, “неоклассик”, “нео-барокко”, “секси”, «этникалық», 1990 жылдары “гранж”, “гламур” стильдер дүниеге келді.

Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 392-394 стр.

26 кредит саны

26 дәріс

Тақырып: Сән.

Мақсаты:Студеттерге матадағы сурет туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Сән үлгісі туралы түсінік, құрлымымен анықтамасы.

2. Сән үлгісінің даму тарихы.

1. Сән үлгісі туралы түсінік, құрлымымен анықтамасы.

Сән үлгісінің басты қызметінің құрамы – мәдени үлгілерінің туындыларын жарыққа шығару болып табылады, ол туындылардың сән үлгісіне айналуын, жүзеге асырушы тұлғаның ең алдымен табиғат туралы талғамды түсінігі болуы шарт.

Сән үлгісінің басты заңнамалары , сән үлгісінің психологиялық, әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан дамуымен таныс болу. Сән үлгісі бізді қоршаған ортада киім үлгісінің ғана аса маңызды факторы ретінде ғана емес, әлеуметтік ортаның қарым-қатынасына ықпалын тигізер реттеуші құбылыс тұрғысынан да танымал.



2. Сән үлгісінің даму тарихы.

Сән үлгісін, адам баласының мәдени белгісінің аса маңызды бастауы ретінде 18 ғасырда зерттеп бастаған. Оны эстетикалық құбылыс ретінде қарастырған. Сән үлгісін зерттеушілер 19-20 ғасырда үлгіні ең алдымен психологиялық, әлеуметтік, себептерін туындау салдары мен дамуын анықтап отырған. Сән үлгісін зерттеушілер 19-20 ғасырда үлгіні ең алдымен психологиялық, әлеуметтік феномен ретінде қарастырып отырған. Сән үлгісінің функциялары: инновациялық, регулятивтік, психологиялық, әлеуметтік, коммуникативтік, экономикалық, эстетикалық.

Сән үлгісі әлеуметтік ортада 19 ғ. Буржуаздық қоғам түпкүлікті орнаған шақта қалыптасты. Ал, 16 ғ. Алғашқы сән үлгісі ретінде бүкіл европалық үлгідегі итальяндық костюмдердің қолданыс табуын тауын айта аламыз, кейіннен бүкіл Европаға испан испан сән үлгілері кеңінен таралды.

Мода” сөзі өлшем, ереже, іс-әрекет.



Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 398 стр

27 кредит саны

27 дәріс

Тақырып: Бұйым үлгілерінің басты заңдылықтары.

Мақсаты: Студенттерге сәндік әрлендіру туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Композиция түсінігі.

2. Композициялық пішінді қалыптастыру.

1. Композиция түсінігі.

18-19 ғасырдан бастап композицияны теориялық негізі ретінде көңіл бөліне бастады. 20 ғасырда көркемшығармашылықта композицияның барлық заңдылықтары қолдана бастады. Композиция деген сөз (лат. тілінен – құрастыру, біріктіру) – көркем шығармашылықты құру, оның мазмұнын, мінез-құлқын, бағытын белгілейді. Компонент - қосалқы бөлімі болып табылады.

Композиция түсінігіне мыналар: композициялық пішін (пішін, геометриялық түр, құрлымы, салмағы, силуэті);

Композиция заңдылықтары (өлшемдік, бағыныштық, композициялық ортп) құрлым бірлігі;

Композиция құралы (пропорция, ритм);

Композицияның гармониялық тәсілі (контраст, ньюанс, тождество, масштаб, симметрия, ассиметрия, статика, динамика).



2. Композициялық пішінді қалыптастыру.

Пішін – материалдық обьектінің кеңістіктегі көлемін білдіреді. Пішін физикалық қасиеттерімен де ерекшеленеді, заттың көркемдік мәнерлігін қарастырады:

- Биіктігі, пішін өлшемдерінің үйлеуі, тепе-теңдігі;

- Геометриялық түр, жазықты, сызықты, көлемді пішін өлшемдердің түрлі бағытқа сәйкестігі;

- Массивті, пішін толық жауып тұратын өлшемі;

- Фактура (өң сипаты), пішін сыртының қасиетін белгілейді;

- Түс, эмоцианалды пішін мәнерлігі, бұйым сипатын белсенді анықтайды.

Сонымен, заттың пішінін қалыптастыру үшін, оның қасиетін зерттеу қажет.

Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 407-409 стр.

10 апта

28 кредит саны

28 дәріс

Тақырып: Композиция құрлымы.

Мақсаты:Студенттерге костюмнің стильдік шешімі туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Пропорция.

2. Киімдегі ритм.

1. Пропорция

Өнерде пропорция – пішін элементтерінің өлшемдік сәйкестігі. Дұрыс бесбұрышты құру арқылы термин «золотое сечение» пайда болды. Ежелден адамзат әдемілік формуласын іздеп зерттеген. Ежелгі Грек филисофтары, математиктері, суретшілері ең үйлесімді пропорция табуға теориялық зерттеулер жүргізген.



Гармония – байланыс, сәйкестік түрлі компоненттердің бір органикалыққа бірігуі. Пропорцияны 2 топқа бөледі: жәй (рационалды сандардан құралған) және қиын (иррационалды сандардан құралған). Рационалды сандар: 3:4:5

Иррационалды сандар: АВ:ВС-АЕ:АВ-Ф, Ф – бірінші грек әріпі, скульптор Фидияға арналған, ол «золотое сечение» пропорцияны қолданған.



Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 418 стр.

29 кредит саны

29 дәріс

Тақырып: Композицияның гармониялық тәсілі.

Мақсаты: Студенттерге әйел киімінің көркемдік хатталуының және үлгіленуінің принциптері туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Костюмнің мәнерлі композициясы.

2. Симметрия және ассиметрия.

1. Костюмнің мәнерлі композициясы.

Киім дизайнында барлық пішін құру заңдылықтарын анықтайтын композиция болып келеді. Композицияның мақсаты функционалды, құрастыру және эстетикалық құндылығы бар заттарды шығару. Жобаны анықтайтын тәсілдер: контраст, ньюанс, тождество, масштаб, симметрия және ассиметрия, статика және динамика.



Контраст – пішіннің, өлшемнің пластиканың, түстің, өң сипатының ерекшелігін анықтайды, ол пішін түрінің бөлектігін,мәнерігін көрсетеді. Ньюанс – элементтердің бір-бірінен кішкене ерекшілігі, киімдегі құрастыру сызықтарында, бөліктерде, түстерінде, өң сипатында, бірдей пішіндердің өлшем айырмашылығында, мысалы, пішіннің үлкейуі және кішірейуі. Тождество – пішіндердің, түстің, өң сипатының, өлшемнің бір-бірімен тепе-теңдігі. Масштаб – костюм пішінінің және элементтерінің фигураға сәйкестігі.

2. Симметрия және ассиметрия.

Симметрия – бірдей бөліктің заңды түрде өз ара тең орналасуы. Симметрия түрлері:

1. Классикалық симметрия – қарапайым қабылдауға , көп кездесетін түрі. Заттың жартысы немесе композиция жартысы айнадай шағылысып екінші жартысын құрайды.

2. Орталық ості симметрия – орталық остен тең бөліктер бірдей орналасады және бұрған кезде тегістей жақындайды.

3. Бұрандамен серпенің симметриясы – композицияның өз ісінен айналдыру кезінде элементтер бір жазықтықта орналасып ортаға қарай жақындайды.

Костюмде симметрия кездеседі: қалтада, йықтарында, жағаларда, жеңде, өңірде.

Ассиметрия – бұл композицияның ұқсас емес екендігін анықтайды. Костюм композициясы ассиметрия негізінде құралса ол күрделі болып келеді, Ассиметриялы пішінде тігілген киім оның пішіліу бөлек болады.Киім тігер алдында ассиметриялы пішін вертикаль, горизонталь, диагональ, болуы мүмкін.ассиметриялы шарфты мойынға ораған кезде бірыңғайлықты, реттілікті білдіреді.

Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 435 стр.

30 кредит саны

30 дәріс

Тақырып: Жеңіл әйел көйлегінің ассортименті.

Мақсаты: Студенттерге жеңіл әйел көйлегінің ассортименті туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Костюм

2. Көйлек

3. Блузка

4. Юбка

5. Шалбар.



1. Киім классификациясы.

Ассортимент - өндіріс бұйымдарының тізімі, ғылыми дәлелденген қажеттілік құрлымы және өнім шығару.

Функциональность – бұйымның арнайы атқаратын қызметі.

Жыныс ерекшелігене байланысты киім классификациясы: әйел және ерлер киімі. Мысалы, Ежелгі Египетте ерлер – схенти мықын бауларын байлаған, ал әйелдер – калазирис байлаған.Олардың киімдері түрлі тұрмыстық жағдайларына байланысты болған: өмір сүру жағдайына, религиялық талаптарына, салт дәстүрлеріне.

Мезгілдік киім классификациясы. Қазіргі киімдер жаздық (жібек, мақта, зығыр, вискоза маталарынан алынған), күзгі -қысқы (жүн, мех, т.б. жылы маталардан алынған).

2. Киімнің қолданылу классификациясы.

Қазіргі киімдер киілу түріне қарай бөлінеді тұрмыстық, спорттық, өндірістік, формалық.

Тұрмыстық киімдер бөлінеді: күнделікті, салтанатты, демалыс, үй ішінде киетін киімдер.

Күнделікті киім – бұл жұмысқа, көшеге, выставкаға, дүкенге, бұл киімдерді күн бойы киеді. Әр адам өзінің киіміне өзінше талаптар қойады, өзінің жеке тұлға ретінде көрсеткісі келеді, өзінің қоғамға көзқарасын білдіреді. Жұмысқа киетін киім, ол іскерлік киім, егер адам банкіде, немесе офиста, министерствада жасайтын болса, ол қатаң талап қойады.

Қазіргі киім үлгілерінде қажетті талаптарын анықтауға болады, комфорт, пішін қарапайымдылығы, басқа элементтерді қосу, үйлесімділік.



Салтанатты киім – бұл ерекше жерге киетін киім түрі: салтанатты кештерге, арнайы шақыруға, театрға, мейрамдарға. Салтанатты киімдер адамға жақсы көңіл күй береді.

Демалыс киімі - бұл спортпен шұғылданғанда, қыдыруға шыққанда, теңіз жағасында демалғанда, дискотекаға барғанда, түнгі клубқа киеді. Басты талабы - өзін еркін сезіну, қозғалысқа ыңғайлы болып келеді.

Үй киімі - үй ішінде, демалыс кезінде джемпер, леггинцы, трикотаж майкасы, джинсы.

Спорттық киім – бұл спортпен шұғылданған кездегі арнайы киім, Кәсіби спорт шеберлеріне арналған, оған спорт түріне байланысты материал және жаңа технологиялары қолданылады.

Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 454 стр.

11 апта

31 кредит саны

31 дәріс

Тақырып: Иықтық киімдер

Мақсаты: Студенттерге киімдер ассортименті туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Иықтық киімдер.

2. Блейзер, блузкалар

1. Иықтық киімдер – көйлектер түрі.

Қазіргі киім гардеробында көйлек – костюм ассортиментін кіргізуге болады. Костюм – бір матадан тігілген бірнеше бөліктен тұратын: костюм – двойка (пиджак-юбка, жакет-шалбар), костюм тройка (пиджак-жилет-юбка немесе шалбар). Английский костюм (классикалық немесе бизнес-костюм) – ерлер және әйелдер костюмінің қатаң формасы.



Иықтық киімдер – барлық киімдер жакеттер, блузалар, курткалар, көйлектер т.б. тұрақты формалы киімдерде атайды. Фрак – ер адамның йықты киімі, белден қиылған, алдыңғы бойы қиғаш қиылған, артқы бойы ұзын, жіңішке фалдамен өңделген. Сюртук – Ерлердің сыртқы екі қаусырмалы киім, қынама, белінен қиылған ұзын етегімен, қайырма жаға қайырмасымен. Спенсер – қысқа куртка немесе жакет белге дейн. Смокинг – бір немесе екі қаусырмалы пиджак, қара түсті, алдыңғы кеудесі кеңінен ашық бір түймелігі бар, шаль тәрізді жағамен атлас немесе жібек матасынан өңделген. Смокингке ақ көйлек қара бабочкамен, лампаса шалбармен киеді.

2. Блейзер, блузкалар.

Блейзер – пиджак спорттық стильдегі, спорттық пішін, қынама силуэтті, фланель немесе габардин матасынан тігілген. Веста – ер адам көйлегі, алды ашық, жеңі бар. Блузон – қысқа немесе ұзын кең пішілген куртка.

Жилет – иықты киім жеңсіз, алдыңғы түймелігімен өңделген. Кофта - әйел адам блузкасы, трикотаж матасынан тігілген. Батник – блузка аатауы, ер адам көйлегі, жеңі манжетамен өңделген, қайырма жағасы бар, түймелігі планкамен өңделген, жапсырма қалтасы бар.

Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 464 стр.

32 кредит саны

32 дәріс

Тақырып: Бұйым үлгілеудің түстік шешімі

Мақсаты: Студенттерге ерлер киімінің көркемдік хатталуының және үлгіленуінің принциптері туралы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.

Дәрістің мазмұны:

1. Түс теориясы

2. түс- бұйымның құралы ретінде

1. Түс теориясы.

Ғалымдар, суретшілер ежелден түстерді зерттеген. Түстің ғылыми зерттеулері 19 ғасырдың басынан Гете, Гельмгольц, Освальд т.б. байланысты. Леонардо да Винчи, түстік теорияны зерттей отырып, ол басты 5 түсті анықтаған: сары, көк, қызыл, жасыл, ақ, ол белгілеген: ақ-жарық, сары-жер, жасыл-су, көк-ауа, қызыл-от. Ежелгі Гректік ғалым, философ Аристотель түстік белгілерді анықтаған: ақ-ауа, сары-от, қара-жер, фиолетовый және малиновый түстерді керемет деп есептеген. Ағылшындық математик және астроном И.Ньютон, түстік үйлесімділікті зерттей жүргізіп ол, түсті музыка ноалармен сәйкестірген: до-қызыл, ре-оранжевый, ми- сары, фа- жасыл, со-көгілдір, ля-көк, си-фиолетовый.



2. Түс – костюм композициясының құралы ретінде.

Түс – қошаған ортадағы затты көз мүшелерінің көруі арқылы сезінуі. Түсті айыру, көркемдік бейне құра отыра оларды үйлесімді байланысын орнату, осы білімін анықтауға көмектесетін факторлар:

- Түстік тон – түстің сапасы, мысалы, табиғи түстер күн спектрі арқылы болады.

- Ашықтық – ақ түстермен қара түстердің айырмашылығы, мысалы, ашық түстерге ақ түсті келтіруге болады, қанық түске қара түсті келтіруге болады, спектр түстердің ішінде сары түс- ең ашық түс, қанық түс- фиолетовый болып табылады.

- Қанықтық – түстің қанықтығы түстің белсенділігін анықтайды, қоспалары жоқ болып келеді.

Колорит – түс, бояу, түстің жүйелі түрде үйлесімділігі, нақты бірлігін құрайды, бояудың эстетикалық нақышы ретінде саналады. Колорит эмоционалды мәнерлі құралы, көркемдік бейнелеу өнерінің компоненті.

Түстерді екіге бөледі: хроматикалық, ахроматикалық. Ахроматикалық түстер – ақ, қара, осы түстердің үйлесімділігі. Хроматикалық түстер – қанық түстер.



Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 476 стр.

33 кредит саны

33 дәріс

Тақырып: Графикалық үлгілеу

Мақсаты: Студенттерге балалар киімінің көркемдік хатталуының және үлгіленуінің принциптері туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Жоба графикалық бейненің түрі.

2. Графикалық үлгілеу

1. Жоба – графикалық бейненің түрі.

Графика – жазу, бейнелеу өнерінің бір түрі (грфюра, литография, монотипия), сурет өнерінде негізделген, бірақ өзінің бейнелеу және мәнерлік құралы бар. Графика дизайн жобалауының кәсіби құралы болып есептеледі, сондықтан ол жоба міндетінің қалыптасуына және түрлі әдістерін ізденуге, оның дамуына көмектеседі. Графика дизайнер ойының жобалау кезіндегі нақты шешіміне ауысуы.

2. Графикалық үлгілеу.

Киімді графика-жоба үлгілеудің бірнеше түрге бөлуге болады:

- набросок – бастапқы графикалық ой;

- ізденіс сурет – графикалық жұмыс бұйымының бөлшектерін ойластыру;

- эскиздік жоба – жобаның бейнелік шешімін табу, материалын, қосымшаларын таңдау;

- сызбасын құрастыру;

- құрастыру арқылы макетін материалда қолдануы.

Жоғарыда айтылған әдістердің бастысы эскиздік жоба, оның нақты талаптары бар: мәнерлік, түсініктік, анық мазмұны. Эскиз түрлі графикалық тәсілдерден тұрады:

- ізденіс эскиз – жобаның идеясын салу,

- эскиз беру – таспа графикасында орындау;

- техникалық эскиз – адам фигурасымен бұйым пропорциясымен анық сәйкестігі.

Графикалық үлгілеу міндеттері:

- жобаның басты идеясын белгілеу;

- жеке бейненің шешімін табу, көбейтуі мүмкін;

- қосымшалары керек емес болса кетіру, графикалық тазалау.

Диплом жобаны жасаған кезде ізденіс эскиздерін орындайды, сонымен қатар коллекцияны планшеттерде орындайды.



Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 510 стр.

12 апта

34 кредит саны

34 дәріс

Тақырып: Үлгілеу және макеттеу

Мақсаты: Студенттерге лиф негізін муляждау туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Графикалық үлгілеу

2. Нүктенің орналасуы.

1.Графикалық үлгілеу негізі бойынша тапсырма.

Композиция заңдылықтарының негізін қалайтын бөлім болып графикалық үлгілеу. Арнайы ЖОО композиция негізін оқитын “Композиция негізінің пропедевтикалық курсы” деп аталады.



Пропедевтика – ғылымға алдын – ала курстың, жүйелі элементті түрде кіріспе. Бұл тапсырмаларды орындаған студенттер, бастапқы кәсіби білікті жинау:

- жүйелі анализ және синтез тәсілін қолдану;

- берілген құралмен басқару;

- өз жұмысын берілген тапсырма арқылы бағалау.

Пропедевтика курсы студенттерді шығармашылық процесс негізімен таныстырады. Болашақ киім дизайнерге образ-ассоциациялық ойлауды дамытады, бейнелік мәнерлікке үйретеді. Оқыту әдісі композициялық міндеттің жәй түрінен күрделі түріне дейін жүйелі оқытады. Дизайнер жұмысына қойылатын басты талаптары: элементтердің органикалық бірлігі; шешілетін міндеттің бейнелеп білдіру; құрал таңдау кезінде шектен шықпау; берілген тапсырма бойынша пропорция мен масштабтың сйкес келуі; эскиз жазықтығын ұйымдастыру; графикалық үлгілеудің мәдениеті, шешім еркешелігі, орындалу дәлдігі; тапсырманың жұмыс әдістемесі.

2. Нүктенің орналасуы.

Композицияның басты заңдылықтары болып графикалық үлгілеу болып табылады. Ең бірінші тапсырма беттің композициясы, графикалық жердің композициясы, нүктемен жердіңөзара байланысы. Ол үшін формат ортасына немесе қағаз бетіне кез келген бейне орналастырады. Қағаз бетіндегі бір нүкте жазықтықтықты ұйымдастырады: орталық ұйымдастырушы, төменге түсе бастаған, жоғары көтеріле бастаған; қағаз шетіне шыға бастаған. Екі нүктенің контраст болуы, екі нүктенің ньюанс болуы, екі нүктенің сәйкестігі.



Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 514-517 стр.

35 кредит саны

35 дәріс

Тақырып: Ансамбль

Мақсаты: Студенттерге ансамбль туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1.Ансамбльдік жоба

2.Комплекттік жоба

3. Коллекциялық жоба



1. Ансамбльдік жоба.

Ансамбль – костюм бұйымының жиынтығы, нақты көркемдік оймен құралған, киімнің қосымша бөліктерінің байланысы. Ансамбль бір –бірінің үйлесімділігін, силуэт бірлігін, пропоция сақталуын, түсітк шешімінің келуі, безендіру өңдеулері аяқталған.Ол киімнен, аяқ киімнен, бас киімнен, прическа, әшекей костюмнің толық бірлігі. Ансамбль бұйымдарына:

    • сәнді киім;

    • салтанатты кештерге арналған костюм;

    • той костюмі;

    • арнайы костюм;

    • сахналық костюм.

Костюмнің эстетикалық критериясы болып аяқталуы, тұтастығы саналады. Костюмнің барлық бөлігі, арнайы киілуге арналған, түсін, мата суретін, безендірулерімен сәйкестірілген. Мысалы, 16 ғ. Англия елінде әйел адам көйлегінің жеңі етек матсыиен бірдей болған.

2. Комплектік жоба.

Комплект – киім және заттың бірлігі, костюмді толықтыратын, көркемдік шешімін және қызметін анықтайды. Комплект бір бұйымнан тқрады: жакет, етек, шалбар, жилет т.б. 1970 жылдары комплект модаға айналды. 1972 жылы ағылшын модельері Люк және Дж. Таллис өз коллекцияларында комплект демонстрация жасады: юбкадан, шалбардан, жилеттен, блузкадан, түстік суреті бәрі сәйкес келген. 1970 жылдары “диффузный стиль” пайда болды, стильдердің араласуы: классикалық пиджак пен бүрмелі юбка, классикалық шалбармен спорттық куртуа. 1990 жылдары комплект жүйесінде киімге жаңа көзқарас пайда болды: комплекттер жинақсыздығымен ерекшеленді, фигураға киімнің бос тұруы, жеңдердің түрлі ұзындығы.

3. Коллекциялық жоба.

Коллекция – біртекті заттың жүйелі түрдегі жиыны, ол ғылыми, тарихи, көркемдік қызықтарды тудырады. Киім үлгілеудегі коллекция - бұл түрлі қызмет атқаратын үлгілердің сериясы:

Авторлық концепция;

Образдық;

Коллекцияда қолданылатын материалдар;

Түстік шешімі;

Формасы;

Базалық құрастырулар;

Стильдік шешімі.

Коллекция құрлымы:

Сыртқы киімдер;

Күнделікті киімдер, спорттық, туризм және демалыс киімдері;

Сәнді, кешкі және мейрамдық киімдер;

Арнайы киімдер – той және салтанатты кештерге арналған.

Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 520-522 стр.

36 кредит саны

36 дәріс

Тақырып: Киім дизайны.

Мақсаты: Студенттерге киім дизайны туралы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқау: Дәріс кешені және әдебиеттер кешені бойынша дайындалу.

Дәрістің мазмұны:

1. Қазіргі кездегі дизайн

2. Костюм дизайн объектісі ретінде.

3. Дизайндағы киімді жобалау ерекшеліктері.



Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 523-540 стр.

13 апта

37 кредит саны

37 дәріс

Тақырып: Дизайнер шығармашылығындағы образды-ассоциативтік негіздер.

Мақсаты: Студенттерге дизайнер шығармашылығындағы образды-ассоциативтік негіздер туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Киім дизайнындағы көркемдік образ.

2. Дизайнер шығармашылығының көздері және ерекшеліктері.

1. Берілген фунцияларды көрсету.

Функция – орындау, іскерлік, міндет, жұмысты білдіреді. Киім дизайнерлеріне ең қолайлы тапсырма – материалдық раппорттық ритм арқылы графикалық эскиз жасау, мысалы: шашақ, сусылдақ, жылтық, жеңіл, тоқылған, қиылған, тігілген т.б. Осы берілген тапсырмаларға силуэт құру қажет, бас киім мен әшекейлері бар портрет, мықынға дейін жартылай фигураны, костюмнің нені орындайтынын көрсетіп және бар бойына толық фигураны.

Фигураны толық бойымен салған кезде, түрлі вариантта жұмыстар жүргізу керек, түрлі интерпретациялар қолдану керек, бұл іс-әрекетті фигураның жоғарыдан төменге дейін, жең, жаға, иық, бел сызығы, мықын сызығы, аяқ, аяқ киім, және толық фигураны қамту қажет. Қосымшалар ретінде: мойын орамал, белдік, перчатка, сөмке.



2. Түрлі тәсілдерді қолдану.

Тапсырманың мазмұны костюмді барлық сәндік, технологиялық тәсілдерді қолданып, ішіндегі бір әдісті таңдайды. Соңында жаңа идея, қызықты шешім табуға болады. Мысалы, (тента, бинт, тесьма, мойын орамал, мата жолағы, трикотаж, мех) сияқты жазықтан көлемді пішін алу үшін оларды байлау арқылы, бантакк, түймелікпен, ілмекпен, фурнитура арқылы әдіс қолданады. Силуэтті қарай отырып, композициялық заңдылықтарға еніге болады, контраст-нюанс-тождество, симметрия-ассиметрия, статика-динамика, доминанта, бағыныңқылық, ритм.



Әдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 539-550 стр.

38 кредит саны

38 дәріс


М. өтемісов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік университеті
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет