Мəдениет жəне өнер институты



Pdf көрінісі
бет51/95
Дата26.12.2022
өлшемі0,81 Mb.
#164551
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   95
Байланысты:
Кітапханалық маркетинг

 
Дəріс№16 
Тақырып: Кітапханадағы жарнамалық қызметтің технологиясы 
Дəріс мазмұны
:
Кітапхана ісі мəдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру жəне мəдени-
ағарту қызметінің негізі
Жаңа технологиялар - кітапханаларды басқару мен менеджмент 
технологиясы 
Кітапханадағы жарнама жұмысының бірі - кітап көрмесі 
Кітапхана ісі мəдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру жəне 
мəдени-ағарту қызметінің негізі болып табылады.


Жаңа мыңжылдықта кітапханалар қоғамның қайта жанданып, 
өзгеруінде басқа мəдени мекемелер арасында үлкен мүмкіндіктерге ие. 
Бүгінгі таңда рухани дүниетанымы кең, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіру, 
оны өнерге, халықтық мұраға бейімдеуде, мəдени құндылықтарды жаңартып, 
таратуда сипат беретін мəдени орынның бірі - кітапхана.
Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани 
байлығы мен жалпы қабілетін дамыту жəне жоғары эстетикалық талғамын 
қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алар орны ерекше. 
Сондықтан кітапхана мəдени-ағарту жəне ақпарат мекемесі, облыстағы баспа 
шығармаларын сақтайтын, оны тарату мен насихаттау жөнінде қызмет 
атқаратын мəдениет ошағы. 
Жалпы кітапхана - адамдардың басын қосу, білім беру мүмкіндігі бар 
бірден-бір парасатты мəдени орын болғандықтан, ұлттық мəдениеттің 
мəйегін насихаттау мен дамыту барша кітапхана қызметкерлерінің парызы 
мен міндеті. Ал бүгінгідей жаңа ғасыр - жаңа мыңжылдықта кітапханалар 
жүйесін сақтап қалу, оқырмандарға жаңаша түрде қызмет көрсету, оқуға 
баулу, рухани байлығын көтеру қазіргі заманға сай жүргізілуі қажет.
Заман талабына сай – кітапхана қорындағы əлемге танылған 
құндылықтардың жиынтығын, жазба мəдениетті, яғни ақын-жазушылар мен 
мемлекет қайраткерлерінің қол жазбалары мен туындыларын ұлттық мəдени 
мұраларды пайдалануға еркін ақпараттық кеңістікті құруға мейлінше бар 
жағдайларды жасау қажет.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасындағы көпшілік кітапханалары өз 
істерінде мемлекеттік саясатты идеология, ақпараттық жетістіктерді жəне 
тұрғындарға кітапханалық қызметті дамыту мен сақтау жөніндегі 
бағдарламаларды үнемі іске асыруда. Сондай-ақ кітапхана қызметінің 
мақсаты өз аймағы көлемінде əмбебап құжаттардың толық жинағын 
мүмкіндігінше қалыптастыру, сақтау, оны пайдалануды ұйымдастыру болып 
отыр. 
Кітапханадарда жүйелі түрде ғылыми – практикалық конференциялар, 
байқаулар, семинар - тренинг, жиналыс кеңестер, кештер, практикалық 
сабақтар, көмектер, дөңгелек үстел, іс-тəжрибе трибуналары жəне көптеген 
іс-шаралардың белсенді түрлері мен əдістері қолданылады. Сондықтан 
ақпарат көздерінің қоғамда пайдалануын ұйымдастыратын идеологиялық 
жəне ғылыми - ақпараттық мекеменің бірі - кітапханалар болып табылуда.
Қазіргі кезеңде Қазақстанда қызмет бабындағы кітапханалар торабы 
10,5 мың, онда 16 мыңға жуық кітапханашы еңбек етуде, жиынтық 
кітапханалар қоры 300 млн. дана.
Қазіргі жəне болашақ кітапханалардың жаңа технологиялардың рөлі 
ерекше. Жаңа технологиялар - кітапханаларды басқару мен менеджмент 
технологиясы. Ал осы кітапхананың көпшілік жұмысында оқырмандармен 
топ - тобы мен бөліп қарап; ауызша, көрнекті, баспа, аудиовизуалды 
ақпараттармен кітапты жарнамалау жұмысының түрлі əдістері кеңінен орын 
алуда, яғни айтқанда жарнаманың рөлі ерекше. Жарнаманың көмегімен 


кітапхананы пайдаланушымен байланысты жақсы түрде орнатуға болады. 
Жарнама жұмысы соңғы жылдары пайдаланыла бастады.
Кітапханадағы жарнама жұмысының бірі - ол кітап көрмесі. Көрменің 
басты мақсаты: оқырман көңілін кітапқа аудару. Насихаттау саласында 
жарнамалау көбіне тұрақты жұмыс болып табылады. Жарнама бір 
жақтылығымен жəне көпжақтылығымен көрнектіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет