Мəдениет жəне өнер институты


Дəріс №23 Тақырыбы: Кітапханадағы фандрейзинг



Pdf көрінісі
бет59/95
Дата26.12.2022
өлшемі0,81 Mb.
#164551
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   95
Байланысты:
Кітапханалық маркетинг

Дəріс №23
Тақырыбы: Кітапханадағы фандрейзинг
Дəрістің мазмұны:
Жобаның құрамдас бөліктері 
Қаржы көздері мен фандрайзинг əдістерін таңдау 
Кітапханадағы фандрейзинг мүмкіндігі
Жобаның құрамдас бөліктері 
Жобаға кіретін тауарлар: 

Потенциалды демеушіге, қаржымен демеушіге ресми хат; 

Алғашқы беті; 



Жобаның қажеттілігін айқындайтын кіріспе; 

Жоба мəселесіне түсініктеме жəне қажетті көмекті көрсететін жазба; 

Мəселенің тарихи тұрғысы; 

Жобаның мақсаты; 

Жобаның міндеттері; 

Жобаның алғышарттары мен негіздемелері; 

Жобаны іске асырудағы əрекеттердің жоспары мен əдістері; 

Жобаны тəуелсіз арналардың бағалауы; 

Жобаның бюджеті. Қажетті материалдық – техникалық жəне адам 
ресурстары; 

Қосымша. 
Қаржы көздері мен фандрайзинг əдістерін таңдау 
Қаржыны тартудың нақты əдістеріне тоқталудан бұрын қажеттіліктері: 

Уақыт шеңберін есте ұстау. 
Қаржыны тартуға нақты əдіс жолымен қанша уақыт кетеді – 
жоспарлау, ұйымдастыру, жүзеге асыру жəне т.б. 
Қаржыны жинақтаудың алғашқы уақытынан қаржы мекемеге келіп 
түскенге дейін қанша уақыт керек. Мысалы, қорлармен байланысу – көп 
еңбектенуді жəне ұзақ уақытты қажет ететін процесс. Мекеменің жобаны 
жасауға кеткен уақытынан басқа əр қордың өтініш мəлімдемесін қарайтын 
жəне шешім қабылдайтын белгілі кезеңдері болады. Өтініш мəлімдемені 
тапсырғаннан бастап оны қаржыландырғанға дейін бірнеше айдың өтіп кетуі 
жиі 
кездеседі. 
Кейде 
қорлар 
өздерін 
қызықтыратын 
жобаны 
қаржыландыруды келесі жылға қалдыруға ұсыныс жасайды. 

Қолданылатын əдістің тиімділігін жəне оның көмегімен мекемеге 
қажетті қаржыны жинақтау мүмкіншілігін алдын – ала бағалау. 
Егер Сіз белгілі бір мекемеге немесе нақты бір адамға келіп, өзіңіздің 
қызметіңіз жайлы айтсаңыз, Сізге дəл сол жерде əмиянын ашып ақшаны 
суырып береді немесе сіздің есеп шотыңызға ақшаны бірден аударады деп 
үміттенбеңіз. 

Есептеу: 
-
қаржыны тарту кезіндегі мекеменің əкелетін шығынын (қаржыны 
тарту кезінде қажетті жабдықтар, кеңсе тауарлары, транспорт т.б.) 
-
адам ресурстарын (штат қызметкерлерінің саны қанша, еріктілер 
керек пе, қосымша адамдарды тарту қажет пе, егер қажет болса, қанша жəне 
қандай адамдарарнайы біліммен бе, əлде қабілетімен бе); 
-
бұл 
қызмет 
түрін 
жергілікті 
бірлестік 
мекемелерінің, 
Коммерциялық Емес Ұйымдардың жəне басқа қаржыландыратын 
мекемелердің келбеті мен абыройында, беделі мен мерейін де көрсету. 
Мысалы, АҚШ – тың мұнай саудасымен айналысатын немесе темекі
өнімдерін өндіретін танымал ірі коммерциялық компаниялары мақсатты 
түрде қайырымдылық саясатын жүргізіп, коммерциялық емес ұйымдардың 
бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру қомақты қаржы бөліп 
отырады. Егер Сіз олардан грант алу үшін байланыс жасауға шешім 


қабылдасаңыз, онда сіздің мəселеңізді жұртшылыққа, қайырымды көмек 
берушілерге, сонымен қатар экология жəне денсаулық сақтау саласында 
қызмет атқаратын мекемелерге түсінікті ете білуге дайын болуыңыз қажет. 
-
салыққа байланысты мəселелер;
-
Сіздің мекемеңіздің бюджетіне тартылған қаржы қалайша 
жұмсалынбақ (қаржылық жоспарлау). 
-
Бар қаржы көздерін бағалай білу (шетелдік қорлар, мемлекеттік 
жəне жергілікті билік органдары жəне т.б.) жəне болжанған əдістерді тиімді 
қолдануды ұтымдылықпен игере білу. 
Мысалы, құқық қорғау немесе экологиялық мекемелер қандай да бір 
ғылыми немесе технологиялық əдістерді қолданғанымен, олардың 
қызметінің ерекшеліктеріне қарай мемлекет пен жергілікті бюджеттен қаржы 
алуға үміті аз, бірақ шетелдік қорлардан қаржы тартуда жоғары мүмкіндікке 
қол жеткізуі мүмкін. 
Мынаны есте ұстаған абзал, фандрайзинг – бұл ақша тілену немесе 
сұрану емес. Садақа немесе рақым сұралады, ал əлеуметтік салада жұмыс 
атқаратын мекеме садақаны керек етпейді, саналы түрде берілген жəрдемді 
керек етеді. Олай болса, егер сіз фандрайзингпен айналысуға шешім 
қабылдасаңыз, онда өз қызметіңіздің қажеттілігіне адамдардың көзін жеткізе 
білуді үйренуіңіз керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет