- өз тұрғысынан орнығу жəне профильді рынокта бекіну. Маркетологтар мен
кітапхана басшылары баға саясатын жасағаңда ақылы қызметке
тағайыңдалатын баға мекеме шеккен шығынның орнын жауып, табыс əкелуі
керек, бірақ ол төмен болуы шарт, себебі потенциалды оқырмандарды тарту
мен басқа кітапханалар мен ақпарат органдарымен бəсекелесе алатын болуы
тиіс.
Нақты кітапхананың баға стратегиясын жасағанда ақылы кітапхана
ақпаратгық қызметінің оңтайлы рыноктық бағасын, нормадан тыс қызметтер
мен қосымша сервистік қызмет көрсетудің қалыптастыру тəртібі жəне
теңестірілген тактика жағдайлық-вариативтік əдісін соңыра таңдау
мақсатында баға тағайындаудың жалпы тұрғысы мен принциптерін
негіздейді.
Профильді баға маркетингінің шығу нүктесі арқылы кітапхана
ұсынатын қызметтің өзіндік бағасы мен оқырмандардың жетекші тобының
көлем мүмкіңдігін анықтау болып табылады Осы мəліметтерді салыстыру
негізінде жалпы деңгейін (жоғары-орта-төмен) жəне рыноктық бағаның
мүмкіндік диапазоны анықталады. Баға бұл жағдайда шығын, сұраныс жəне
бəсекелестікті ескере отырып, реттеуші əрі маркетинг құралы ретінде
болады.
Сұранысқа негізделген баға саясатында бірінші дəрежелі маңызға ие
болатын келушілердің потенциалды тұтыным сұраныстарын зерттеу əрі
кітапханалық-ақпараттық қызметтері мен өнімдерінің тұтынымдылық
(коммуникативті, білім беру мəдени-рухани жəне т.б.) кітапханалық-
ақпараттық қызметтері мен көрмелері. Сол факторларды талдау негізінде
профильді мақсатты рынокқа оңтайлы баға тағайындалады.
Бұл ең алдымен оқырмандар рыногына бағдарланған. Нақты
кітапханалық-ақпараттық өнімі мен мақсатты белгілі топтар, олардың
өкілдерімен баға туралы өзара байланыс орнату қажет. Бірақ мұнда
сұраныстың классикалық заңды ережелерін жəне жұмсақ бағаны
басшылыққа алу қажет.
Сұраныс заңына сəйкес тұтынушылар бағасы төмен өнімді қымбатынан
гөрі көп алады. Өз кезегінде баға жұмсақтығы баға өзгерісіне
тұтынушылардың сезгіштігінен сипат беріп, тапсырыс берген қызмет
көлемінен көрінеді.
Теориялық негізделген жөне көп қайтара іс жүзінде дəлелденген нəрсе — ол
сəйкес сұраныстың болуы екі межеге негізделеді:
- ауыстыру мүмкіңцігі;
- тұтыну маңыздылығы.
Достарыңызбен бөлісу: