Мəдениет жəне өнер институты



Pdf көрінісі
бет64/95
Дата26.12.2022
өлшемі0,81 Mb.
#164551
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   95
Байланысты:
Кітапханалық маркетинг

 
Дəріс №28
Төртінші бөлім. Кітапханада маркетинг ті ұйымдастыру 
Тақырыбы:
Ішкі маркетинг кітапхана ұжымын басқару инструменті 
ретінде 
Дəрістің мазмұны: 
Ішкі маркетинг
Ішкі маркетинг
Маркетингтік концепцияны іске асыру стандартты емес «жаңа» идеяларды 
таратумен байланысты, соған сəйкес кітапхана мекемесінде құрылым қайта 
құрылуы іске асырылып, кітапханалық-ақпараттық ассортименті жəне басқа 
да қызметтер бекітіліп, оқырмандармен жұмыс істеудің ең оңтайлы 
каналдары, кітапхана қызметкерлерінің мінез-құлық моделі, ұжым 
қызметкерлерін басқару əдісі іске асырылады. Маркетингтік идея 
қызығушыларды тауып, кітапхана персоналына түсінікті болуы тиіс. Іс 


жүзіңде тек соған ғана мақсат бағыты күмəн тудырмайтын жаңалықтарды 
ендіруге тура келеді, сондықтан кітапхананы тиімді басқару үшін, өз 
маркетинг концепциясын іске асыруды қамтамасыз ететін маркетинг қажет 
болады, оның жекелеген компоненттері, яғни маркетингтегі маркетинг 
немесе тавтологияға ұрынбау үшін ішкі маркетинг. 
Ішкі маркетинг (жалпы маркетингтің өзі) кітапханалық-ақпараттық 
мекемесі жұмысын құрудың философиясы əрі маркетинг құралы бола алады. 
Ол басшылықтың төмендегі сатыдағы орындаушыларға жоспарланған 
шаралардың мазмұнын, бағытын жəне мүмкіндік құралдарын дер кезінде 
жеткізуді 
қанағаттандыра 
алады. 
Нақты 
жұмысшылардың 
жеке 
қызығушылықтарын (мотивация) ескере отырып басқару, технологиялық 
басқа да жаңалықтарды ендіруді қамтамасыз етеді. 
Ішкі маркетинг кітапхана қызметкерлерінің кəсіби бағдарлануына, 
құндылық шкаласының қалыптасуына, мінез-құлқына, мақсатты бағытына 
əсер ету үшін басшыларға мүмкіндік береді. 
Кітапхана өз алдында тұрған міндеттерді тиімді атқаруы үшін 
маркетинг заңдылықтарын ұстана отырып, кітапхана қызметкерлері сапасына 
əр түрлі қарым-қатынас формасы, яғни ішкі маркетинг арқылы кіруі қажет. 
Өңдірістік байланыстар мен этиканы орнықтыру саласының жалпы танылған 
лидерлері - жапон басқарушылары өз жұмыс уақыттарының 30% дейін өз 
формаларының қызметкерлерімен жеке адамдар арасындағы қатынастарды, 
персонал коммуникациясын қалай жетілдіру əрі сонымен жұмыс өнімділігін 
арттыруға шығындайды. Жұмысшыларды өз ісіне берілуге тəрбиелеу 
фирманың өркендеуіне қамқор болу ұдайы басты назарда болады. 
Кəсіби жəне бейресми кітапхананы басқару процесінде аралауы 
айрықша рөл атқарады, себебі осының арқасында кітапахана қызметкерлері 
бірін-бірі жақсы түсініп, бірге тізе қосып жұмыс
істейтін болады: олар 
белгіленген мақсатқа топтасып барады
бұл кітапхана басшылығы қойған 
міндеттерді орындауды жеделдетеді. 
Өзгеріс уақыты келгенін түсінген кітапхана қызметкерлері өздерінің 
жаңа міндеттерін мағыналы атқарады. Оның үстіне
басшылықтың 
ақпараттық жолдауын білдіретін, ақпараттық каналдарды (бөгеттер) басқару 
құрылымын ыдыратуға апаратын бірқатар себептердің бар екендігін білу 
қажет. Ол туралы белгілі поляк социологы С.Ковалевский толық жазған
оның ерекшелейтіні: 
- перспектива қателігі (қазіргі болып жатқан нəрсені, таңертең немесе кеше 
кешке болған нəрседен аз біліп, көңіл 
бөлмейміз); 
- сəулелену эффектісі (көкейтесті оқиғалар ағымдағы шешім
қабылдауға 
күшті қысым жасайды); 
- қызулық диспропорциясы (ашу, қорқыныш, қуаныш шынайы оқиғаның 
көлемі мен маңызын өзгертеді); 
- мұқият берілу жəне қабылдау міндеттлігі (мерзімдік жəне басқа да құбылыс 
сипаты, жиі қайталанатын секілді жəне т.б.)
;
- нағыз іс жүзінде болып жатқан, айтылып жатқан нəрселер емес, ұнатқан 
нəрсесін көру жəне тыңдау; 


- салыстыру үшін базаны жаңылыс тандау (қала, аймақ ТМД, Еуропа, Əлем 
кітапханалары); 
- тапсырма мəнін жеке мазмұндамау (қалғанын қызметкер өзі ойластырады); 
- өз қызметін биіктетуге ұмтылу (келушілер санын əдейі көбейтіп жазды); 
-«танымдылық консонансы» (ұнамайтын нəрсені санамыздан шығарып 
тастауға тырысамыз). 
Кітапханада ақпараттандырудың нақты тіке жүйесін құру əр 
қызметкерге өз жұмысында дұрыс бағдарлануға, кітапхана қызметінің жалпы 
контекстінде оның рөлін түсіну, фактілер мен олардың басшылық үшін 
маңызын дұрыс түсінуге көмектеседі. Ол
əр тапсырмаларды іске асыруда 
мамандар мотивациясын
көтеріп, басшының берген жарлығының 
кемістіктерін толтырады.
Бұл бағыттағы қызметтердің арқасында барлық иерархиялық 
деңгейдегі қабылданатын басқару шешімдерінің сапасы артады, əрі сонымен 
қатар қызметкердің өзіне басқару əсері күшейеді. Осылардың барлығы 
кітапхана персоналына алға қойған мақсаттары кітапханаға, əрі тұтастай 
қоғамға қажет деген сеніммен ұйымдастыру жəне инновациялық қызметпен 
жемісті айналысуына мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет