бірақ ол кімге, не үшін? Танысып, кітапхана жайлы көбірек айтып, донордың
жеке өз басындағы қызығушылықтарын ескергеннің өзінде бірнеше
кездесулер белгілеу керек. Содан соң өтінішіңізді айтып,
ақшалай көмек
беруін сұрасаңыз болады.
Ризашылық білдіру -
демеушілік көрсеткен қорға алғыс білдіру. Əр
адам өзінің істеген еңбегі үшін оған алғысын білдіргенін қалайды,
фандрейзингті де бұл кезеңсіз өткізсек онда бола-шақтағы жоспарлардың
өшкені. Барлық демеуші қорлар өздері берген сыйлықтарын, техника немесе
əдебиеттердің халықтың игілігіне қолданылып жатқандығының нəтижесін
көргісі келеді. Үлкен
қаржы аударған адамдарға, қорларға алғыс - хаттар
міндетті түрде жазылуы тиіс.
Мұндай алғыс білдіру, рахметін айту əр мекеме үшін болашақта да
қажет болады.
Бұл біріншіден, қарым-қатынастағы адамдарды жоғалтпай,
алдағы толғандырып жүрген мəселелерді тағы да шешіп берудің бірден-бір
амалы.
Кейбір күрделі сыйлаушыларға алғыс білдіру ауызша сөздермен ғана
айтылады. Олар көбінесе
өздерінің аттарын экслибристен, мемориал
тақталарынан көргенге еш қарсы болмайды.
Гарольд Сеймур өзінің көпшілікке арналған, кеңінен тараған "Фандрейзингті
жоспарлау" атты кітабында сыйлаушының қозғалыста келе жатқан екі түрлі
дəлелін келтіреді. Г. Сеймурдың пайымдауы бойынша адамзатқа екі түрлі
алға ұмтылу тəн. Біріншіден, адам өзінің біреу үшін бағалылығын сезу үшін
"өзін іздегенін қалайды". Екіншіден, қоғамда немесе ұйымда атқарған қыз-
меттерін мақтанышпен айта алатындай, "өзін белгілі бір ұйым үшін пайдалы
адам ретінде" көргісі келеді.
Достарыңызбен бөлісу: