Көбірек оқырмандарға қол жеткізуді
мақсат етіп қойғанкітапхана,
өзінің ерекшелік қасиеттеріне баса назар аудару керек. Бұл өткізуді
ұлғайтуға, жоғары бағамен сатуға мүмкіндік береді.
Осы аталғандардан бөлек баға тағайындау мəселесінде де бірқатар
тұрғыдан келуге болады, оны отандық кітапхана ақпараттық мекемелерінде
баға маркетингін, тактикасын іске асыру жəне
стратегиясын өндеуде аз
ескеру қажет.
Ең алдымен айтатын нəрсе, баға жоспарын оңтайлы қою жəне
кітапханада баға саясатын тиімді іске асыру үшін сол салалы рыноктағы бар
қызметтер (стандарттық) немесе жаңа (ориганалды) кітапхана-ақпарат
өнімдеріне баға анықтауды шектеу принципінің маңызы өте үлкен.
Бірінші жағдайда кітапхана-ақпараттық қызметтер мен өнімдердің
белгілі түрлері бұрыннан профильді рынокта ұсынылып жəне олардың
номенклатурасы байқалған болса, кітапхана
мекемелері баға белгілеу
тəжірибесінде мынадай жалпы қабылданған жағдайларды қолдануы мүмкін:
1.Тайғақ (құлдыраушы) баға, сұраныс жəне ұсыныс арақатынасы негізінде
бекітіледі, олардың тепе-теңдігіне байланысты жəне профильді рыноктың
толуына байланысты жаңа оқырмандарды тарту үшін біртіндеп төмендейді.
2.Ұзақ мерзімдік баға, тұрақты белгіленген,
алдын ала сандық көлемі
көрсетілген, ұзақ уақыт бойында жағдай өзгерісіне ұшырамайтын.
3. Рынок сегментінің жекелеген тұтыным бағасы, тұтынушылардың нақты
тобына бағдарланған, тұтынушылар категориясына байланысты сол өнім
немесе қызметті дифференциалды бекітетін.
4. Жұмсақ баға — сала рыногының ағымдағы коныонктурасына бағдарланған
жəне өз көлемімен жағдай
өзгерісіне шұғыл жауап беретін; сəйкес
қызметтерді шұғыл жылжытуға мүмкіндік беріп, бəсекелестік ортаға тиімді
əсер етеді.
5. Басымдық баға — басымдықты сақтау мақсатында қызмет қорытынды
өніміне əдейі бағаны төмендету, рынокта үстемдік орнату жəне бəсекелестер
кіруін бөгеу үшін.
6. Өндірістен алынған (қызмет, өнім) бағасы, оған тұтынуды қажетсінетін
шектеулі топты ескеру.
7. Салалық рынок деңгейіңде қабылданғаннан төмен баға қою;
кітапхана
жұмысының сəйкес өнімі мен қызметіне тұтынушылар назарын аударуға
көзделген; өз қорытынды өнімдерін жарнамалаушы ретінде; көбінесе
қызметтер комплексі немесе өнімдер комплектіне қойылады.
8. Келісім бағалар — тұтынушы бірқатар келісілген шарттарды орындаған
жағдайда базалық құнына қарағанда біршама
жеңілдіктер қарастыру
(мысалы, белгілі көлемдегі қызметтерді алу, қызмет көрсетуге ұзақ мерзімді
келісімдер жасау, оңтайлы төлем формаларын пайдалану, т.б.).
Кітапхана-ақпараттық
рыногында
жаңа
дəстүрден
тыс
интеллектуальды өнімдер мен профильді қызметтерді ұсына отырып,
кітапхана мекемелері баға саясатын қалыптастыруда осы ерекшеліктерді
ескеретін басқа принциптерді қолданғаны жөн:
- Уақытша бағаны көтеру нақты түұтынушылар мен олардың қаржы
мүмкіндіктеріне бағдарланған рыноктағы жағдай монополиясы (рыноктағы
қаржы қаймағын алу секілді); белгілі кітапхана-ақпарат қызметіне
тұтынушылардың аса мол саны жағынан ағымдағы жоғары деңгейлі сұраныс
туындаған жағдайда.
- Өнімді рынокқа ендіру бағасы жалпы деңгейден əдейі төмен, себебі негізгі
ұстанатым мақсат - бір сəттік
пайда емес, сəйкес рынокқа ену, бекіну, сол
қызметтер көлемін ұлғайту.
- «Психологиялық» (арнайы) баға, тұтынушы қабылдауына бағаның
басқалардан төмен екендігіндей əсер қалдырып, символикалық төмендету
(мысалы, 100 теңге орнына 99 теңге); бұл өнім мен қызметті жылдам өткізіп,
тұтынушьшың оңды көзқарасын қалыптастырады.
- Рыноктағы лидерлік баға — жетекші өндірушінің рыноктағы баға саясатын
жүргізу өмірі (баға стандарттары).
- Өндіріс шығндарын өндіру бағасы — қызмет
көрсету немесе өнімді
дайындау жəне рыноктағы (сала бойынша) орташа табыс нормасының
шынайы шығынын формальды есептейді; рынок реттеулерін қолдануға
мүмкіндік бермейді, сондықтан кітапхананың
бюджеттік ұйымдармен ұзақ
мерзімді келісім жасауына тиімді.
- Көрнекті баға - өзіндік ерекшелігі бар өнімдер мен қызметтерге, əрі жоғары
қоғамдық өтімділігі мен даусыз құндылығы бар заттарға белгіленеді; баға
деңгейі сəйкес сапаның өзіңдік кепілі ретінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: