Дəріс №2
Тақырыбы:
Кітапханалық маркетинг маңызы жəне құрылымы
Дəрістің мақсаты: Кітапханалық маркетинг маңызы жəне құрылымын
анықтау
Дəрістің мазмұны:
Кітапханалық маркетинг ерекшелігі.
Бесекелестік тауарлар мен қызметтерді тұтынатындар.
Паблисити ұғымы
Тəжірибе көрсеткендей, бұл саладағы бəсекелестік көбінесе жасанды
түрде болып, шындығында бар күш пен қызметтестікті біріктіруге үлкен
мүмкіндік береді.
Міне, осылайша қазіргі кезде экономика жəне мəдени маркетинг
саласындағы жетекші мамандардың бірі Т.В. Абанкинаның пікірінше тиімді
маркетингтік стратегия корпоративті ұсыныстарды қалыптастырудан тұрады:
кітапханааралық қызметтестік басқа да мəдениет мекемелері жəне
ұйымдарымен бірлескен бағдарламалар, серіктестік жобалар. Оның үстіне
ұсынатын өнім негізін өзара бірін-бірі толықтыратын тауарлар мен
қызметтер құрайды, олар белгілі мөлшерде комплексті тұтынуын қамта-
масыз етеді. Бұндай өнімді кітапхана жəне туристік ұйым, кітапхана жəне
білім беру мекемесі, кітапхана жəне көңіл көтеру индустриясы жəне т.б құра
алады.
Қазір Қазақстандағы кітапханалар алдында коммуникативті саясат
саласы бойынша екі басты міндет тұр. Бір жағынан, оларға адамдар
санасында кітапхана ұсынысына қатынас ретінде қалыптасқан жалған
стереотипті қирату қажет, екінші жағынан, кітапхана қызметкерлеріне
кітапхана аудиториясына деген өз көзқарастарымен бір жақты бағалауды
өзгерту керек.
Бірқатар Еуропа елдерінде өткізілген зерттеулер көрсеткендей
кітапхана қызметкерлері ішінде кітапхана аудиториясын бағалау жалпы
сипатқа ие болған. Мысалы, кітапхана қызметкерлері былай деп есептейді:
— аудитория біртекті;
— аудитория өздерін кітапты сүюшілерміз деп есептейді;
— аудитория динамикалы жəне кітапты таңдауда белсенді;
— аудитория білімді жəне кітапты түсінеді;
- аудитория өз біліміне сенімді, кітапхана жəне кітапты жақсы
бағдарланады;
- аудитория кітапхана құндылығын түсінеді;
Бірақ шындығына келгенде бұндай ұғым дұрыс болмай шыққан, себебі
көптеген жағдайда адамардың кітпханаға келу себебі:
- балалары мен достарын əкелу;
- досы немесе құрбысымен уақыт өткізу;
- кітапхана тыныштығына демалу;
- «күнделікті тіршілікті ұмыту», себебі оларға кітапхана атмосферасы
ұнайды;
- өздерін қызықтыратын көрмелерді көру;
- кітапханамен танысу, себебі олар – оқырмандар.
Адамдар кітапхана мен көрмелерді көруге келмейді, себебі:
- кітапханада не болып жатқанын білмейді;
- мəдениетті түсінбейді, сол үшін ұялады;
- іскер адамдар, уақыт жоқ деп есептейді, ал кітапханаға ат үсті келуге
болмайды;
- мүгедектер өзіне ерекше көңіл аударғанына қарсы;
- жастар өздерінің білімінің таяздығына ұялады. Адамдар өздерін кітапханада
еркін сенімді сезіну үшін алдын ала өз күмандарын сейілтетін
дифференциалды ақпарат алуы қажет.
Кітапханаға аудиторияға тікелей өз қабырғасында, əрі жарнама жəне
паблисити (жасырын жарнама-ақпарат) арқылы ықпал ете алады. Дəстүрлі
ұстамалы ақпаратты кітапхана жұмысы туралы тақталармен қатар жарнама
тасымалдаушы ретіңде əр түрлі сувенирлік өнімдер кітапхана символикалық
атаулары бар орау құралдары пайдаланылады. Кітапхана жарнамасы жəне
олар өткізетін шаралар плакаттар түрінде қоғамдық көліктерге жапсырылып,
листовка қатырма қағаз, почта жіберілімдеріне тапсырмалар, газеттер мен
журналдарға, радио жəне теледидардағы жарнамалар. Жарнама кітапханаға
тікелей келуге көтермелеу ретінде əсер етпей, əсерді бекіту мен
қалыптастыру құралы ретінде болады. Оның кітапхананың оңды имиджін
орнықтырушы ұзақ уақытты əсері, аз сəтті əрекеттен маңызды. Сондықтан
жарнамадан үнемдеуге болмайды, оны бірегей кітапхана үшін фирмалық
стильде кəсіби өңдеу қажет.
Паблисити (ағыл. publicity
-
көпшілікті, жариялық) — бұл: 1) тауар,
қызмет немесе жұмысына сұранысты жариялау немесе белгілі демеуші
төлеген радио, телевидениеден ыңғайлы презентация алу; 2) көпшіліктік,
жариялық, атаққа іліну, көпке танылу. Паблисити серіктестер мен клиенттер
пікірлерін, ұйымның өз қызметін, əрі PR – құралдары – пресс - релиздер,
мақалалар, репортаждар, пресс-конференцияларды қалыптастырады. Бұл
құралдардың жарнама алуында біршама басымдығы бар: олар үлкен сенімге
ие, себебі онды жаңалық ретінде қабылданды, ал оларды даярлау мен
орналастыру арзанға түседі. Бірқатар жағдайларда, тікелей жарнама емес, тек
паблиситиді қолдану қажет. Мысалы, қайырымдық акциясын жаңалықтар
қатарында, ал жаңа қызметтер мен шараларды кəсіби түсіндіру мақала
немесе сұхбатта берілсе, мазмұндалса түсінікті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |