«Мәдениет және өнер» институтының директоры


Растрлық объектілер трансформациясы



бет3/4
Дата22.08.2017
өлшемі0,71 Mb.
#24165
1   2   3   4

3. Растрлық объектілер трансформациясы


Дәріс мақсаты:

Оқытудың негізгі мақсаты болып болашақ мамандарға оқып жатқан пәні бойынша растрлық түрде бейнелеу жолдарын, спецификасын, графиканың көркемдік эффектілерін жалпылама түсіндіру табылады.



Дәріс мазмұны:

Бағдарламада жоғары сапалы кәсіби иллюстрацияларды жасау жолын жеңілдететін көптеген өзіндік көркем эффектілерді қолданылады. Сонымен қатар, жұмыс істеу кезінде редакторды қолдану облысын кеңейтуге арналған растрлық бейнені өңдеудің мықты құралдары бар. CorelDRAW 12 өзінің растрлық графиканың көркем эффектілеріның сапасы жағынан көптеген мықты растрлық графика редакторларынан айтарлықтай алдында тұрады.

Эффектілерді қолдану. Бағдарламада жасап редакторлаған векторлық объектілер мәнерлі де әдемі графикалық құжат түрінде шығуы үшін әр түрлі өзіндік эффектілерді пайдалануға болады. Эффект жасаудың қарапайым түрі – бағдарламаның интерактивті құралдары. Алайда, қосалқы меню командасын ашып, одан Effects (эффектілер) командасын таңдап бекіту арқылы жұмыс жасауға болады.

Нұсқаның өзгеге ағу тәсілі және ұқсату эффектілері. Интерактивтік эффектілер аспаптары «Interactive Blend Tool» қосалқы аспаптар панелінің Toolbox (графика) панеліне топтастырылған. Енді осы аспаптардың ішінен бір нұсқаның екіншісіне ағу эффектісіне тоқталайық. Бұл эффект бір нұсқаның екіншісіне асуын аралық сериясы арқылы жатық бақылап отыруға мүмкіндік береді. Ағу қысқартылған түрде де, берілген көлбеу түрінде де орындалады. Ағу әртүрлі түсті контур сызық пен түрлі түсті боялған объектілер арасында да, ашық көлбеу мен жабық объекті арасында да болады.

Ағу эффектісі әсіресе, алған объектінің біреуі немесе екеуіде градиентті боялған болса, әдемі көрінеді. Текстура мен өрнекті қолданғаннан кейін бояудың ағуы орындалмайды. Ұқсату эффектісі ағуға ұқсас, бірақ оны бір объектіге қолданамыз.

Бағдарламадағы графикалық қатармен дайын салынған суреттерді қайталап салу жаттығулары. Нұсқаның өзгеге ағу және ұқсату эффектілерінің әдістері мен жолдары тәжірибелік жолмен түсіндіріліп көрсетіледі.

CorelDRAW редакторының кейбір эффектілері тек қана растрлық объектілерге қолданылады. Олар: түсті өзгерту, суретті трансформациялау және көптеген көркем эффектілер операциялары.

Түсті түзету. Растрлық бейнелермен нәтижелі жұмыс жасау үшін түспен реңді өзгертудің мықты да сенімді мүмкіншіліктері қажет. CorelDRAW графикалық редакторы түсті растрлық объектілерді өңдеудің көптеген әртүрлі мүмкіншіліктерін ұсынады. Дегенмен, кейбір эффектілерді векторлық объектілермен жұмыс жасауға қолдануға болады, бірақ түсті түзету эффектісін негізінен растрлық суреттерді өңдеуге пайдаланады. Растрлық графика объектісінің контрастын қарастырайық. Объектіні айқындап аламыз. Меню командасынан Effects/Adjust/Contrast Enhancement (Эффекты/Коррекция/Расширенная контрастность) таңдаймыз. Экранда Настройка контрастности диалогы пайда болады.



Растрлық объектілер трансформациясы. Бір топқа біріктірілген бірнеше команда растрлық объектіні тиімді өзгертуге мүмкіндік береді. CorelDRAW-да суретті Сіз негативке айналдыра аласыз. Шамаланған бейненің сапасын жақсарта аласыз. Кез келген растрлық суретті негативке айналдыру үшін мына команданы орындайсыз: Effects/Transform/Invert (Эффекты/Преобразование/Инвертировать). Бейненің барлық түстері де керісінше өзгереді. Осы команданы қайтадан орындау арқылы бейненің түстерін бұрынғы қалпына келтіре аласыз.





Бақылау сұрақтары:

  1. Ағу эффектісін қалай қолданамыз?

  2. Эффекті не үшін керек?

  3. Компьютер бөлшектерін атап көрсет

  4. «Растрлық бейненің» маңыздылығы қандай?

  5. Эффектінің қандай түрлері бар?

  6. Растрлық объектілерді қалай трансформациялайды?


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. CorelDRAW 7. Учебное пособие разработанное COREL CORPORATION LIMITED. Дублин, 1999

2. Коцюбинский А. О. Компьютер для художника. М. «Триумф» 1999г

3. Тайц А. Эффективная работа с CorelDRAW, С-П, «Питер» 2001г.

4. Практический курс Adobbe PageMaker 6.5: перевод с англ. –М.:КУбК-а, 1997 г, -352 стр.: ил. компакт-диск

5. Грошев С.А., Коцюбинский А.О., Комягин В.Б. Современный самоучитель профессиональной работе на

компьютере. М.: Изд-во Триумф, 1998 г. -444 с.

6. Пасько В. Word 7.0 для Windows 95. Торгово-издательское Бюро BHV: Киев, 1996 г.

7. Дублин Р. Учебное пособие разработанное CorelDRAW, 1999 г.

6. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырыбы

Практикалық сабақ мазмұны

Апта

Әдебиет

1


7-семестр

Растрлық графиканың көркем эффектілері.



Үшөлшемді өзгеріс, Үшөлшемді айналу, Шекіме эффектісі, цилиндрлік бұрмалау.

Живопиське еліктеу, Живопись техникасы: импрессионизм, шпатель, пастель, қаламсап.

Дымқылданған суреттерді қолдану. Түсті көркемдік өзгерту.

Контурларын өңдеу. Өзіндік оригиналды эффектілері.

Суреттерді бұрмалау.

Шумды қосу мен жою.


1-3


Коцюбинский А.О. Компьютер для художника. М. «Триумф» 1999 г

Тайц А. Эффективная работа с CorelDRAW, С-П, «Питер» 2001 г.

Дублин Р. Учебное пособие разработанное CorelDRAW, 1999 г.


2

Ою-өрнектердің түрлерін орындау

Растрлық графикаға өзгерту

Растрлық суретті редакциялау


4-6

Коцюбинский А.О. Компьютер для художника. М. «Триумф» 1999 г

Тайц А. Эффективная работа с CorelDRAW, С-П, «Питер» 2001 г.

Дублин Р. Учебное пособие разработанное CorelDRAW, 1999 г.

Петров М., Папов С. «CorelDRAW» -М, 2003г.



3

Бейне-кадрлар жасау.


Аумақтарды клонирлеу

Сиқырлы таяқша құралы

Бейнелердің кадрын жасау


7-10

Цветкова М.С. Интегрированный курс «Изобр. искусство и инфор. технологии».

Журнал «Информатика и образование» 9. 2001

Давыдова Е.В. «Создание графики для WEB-страниц Журнал «Информатика и образование»

6. 2001, 8. 2001 стр. 72



4

Мәтіндермен жұмыс жасау. Билборд.


Мәтіндерді форматтау.

Бұрмаланған мәтіндер, Көлеңке. Эффект «X-Files».

Толқын бетті жазулар. Алтынмен жазу. Алаулаған әріптер. «Тамшыланған» мәтіндер.

Графикалық редактор арқылы коллаж жасау әдіс-тәсілдерін үйрену. Слоймен, палитрамен жұмыс.




11-15

Панкратова Т. Adobe Photoshop 6.0 – Учебное курс, 2003.

Коцюбинский А.О. Компьютер для художника. М. «Триумф» 1999 г

Давыдова Е.В. «Создание графики для WEB-страниц Журнал «Информатика и образование»

6. 2001, 8. 2001 стр. 72



5

8-семестр

Фильтрді қолдану.




Фотографиямен жүргізілетін тәжірибелер

Линза эффектілері

Пейзажды қалпына келтіру

Бейнелерді монтаждау мен Render/Lighting Effects




1-6

Цветкова М.С. Интегриро-

ванный курс «Изобразит. искусство и информацион. технологии». Журнал «Информатика и образов.» 9. 2001; Давыдова Е.В. «Создание графики для WEB-страниц Журнал «Информатика и образов.» 6. 2001, 8. 2001 стр. 72



6

Photoshop редакторының көмегімен киноафиша жасау


Графикалық редактор арқылы коллаж жасау әдіс-тәсілдерін үйрену. Слоймен, палитрамен жұмыс.


7-15

Коцюбинский А.О. Компьют. для художника. М. «Триумф» 1999 г;

Грошев С.А., Коцюбинский А.О., Комягин В.Б. Современный самоучит. професс. работа на компьютере. М.: Изд. Триумф, 1998




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет