Мәдениет және Өнер институтының директоры


Әдістемелік нұсқаудың тәртіпті зерттеу



бет8/8
Дата30.04.2017
өлшемі0,82 Mb.
#15232
1   2   3   4   5   6   7   8

7. Әдістемелік нұсқаудың тәртіпті зерттеу



ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СТУДИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Пәннің негізгі мақсаты-әсемдік көркем кескіндеменің ерекшелігін ашып көрсету , жалпы керекті композициялықпен қамтамасыз ету. Практикалық жұмыстағы «кескіндеме» пәні оқу бөлмесінде орындала отырып, жобалық материал үшін үйде де, студенттердің өзіндік жұмыс істеу кезінде де орындала береді. Оқу тапсырмасы қысқа мерзімде ұзақ уақытта да орындалуы мүмкін.

1. Орналастыру.

2. Жарық пен көлеңкенің шектеулі қалпын көрсету.

3. Заттың түсі мен көлемін бейнелеу.

4. Түсті рефлекс арқылы заттың түсін беру.

5. Заттардың кеңістіктегі түстерінің мінезін беру.

6. Рендік және түстік мінездіме бере отырып, фондағы матаның түсін сақтау.




Түсті сезіну.

Көз арқылы қабылданатын түстерді екі топқа бөлуге болады: ахроматикалық және хроматикалық. Ахроматикалық түстер дегеніміз-ақ, қара түстер мен екеуінің арасындағы сұр түстер реңдері. Ал өзге түстердің бәрі-хроматикалық түстер, олар бір-бірімен түстік реңдері, жарықтығы мен қанықтығы арқылы ажыратылады.



Түстік рең- (цветовой тон) – бұл түстің, мысалы қызыл түстің , өзге түстерден көк, жасыл түстерден ажыратуға негіз болатын төл қасиеті. Түс реңі көзге әсер ететін жарық толқынының ұзындығына тәуелді.

Түстің ашықтығы (светлота)- бұл қандайда болмасын түстің қара түстен айырмашылық деңгейі. Ашықтық деңгейінде ең төмен түс-қара, ең жоғары түс – ақ. Ашықтық шағылысу коэфиценті бір минус жұтылу коэфицентіне тең. (Мысалы, қара барқыттың беті жарық сәулесінің 0,98-ін жұтады да, 0,02 –сін кері шағылыстырады.). Бір зат бетінің жарық сәулесін жұту коэфиценті көбірек және соған сәйкес жарық сәулесін кері шағылыстыру коэфиценті азырақ болса, бұл түс түске жақынырақ деген сөз. Сондай-ақ , бір зат бетінің жарық жұту коэфиценті төмен , ал жарық сәулесін кері шағылыстыру коэфиценті жоғары болса, онда бұл түстің түске жақынырақ болғаны.

Түстің ашықтығын оның сәулелігінен ажырата білу қажет , түс сәулеллігі жарық толқынының қуатына немесе оның тербеліс амплитудасына тәуелді. Түс сәулелігі шағылысу коэфицентіне жарықтың қосылуымен сипатталады. Ал түс жарықтығы , зат беті бірлігіне бір секунд ішінде түсетін сәуле қуатын мөлшері арқылы сипатталады.

Ашықтық (яркость)- зат бетінің түстік қасиеті, ал сәулесі осы зат бетінен шағылысатын сәуле қуатының мөлшері арқылы сипатталады. Сәуле қуатының бұл мөлшері екі себептен туындайды: бір жағынан, осы зат бетінен шағылысу коэфиценті , екіншіден, осы зат бетіне түсетін сәуле қуатының мөлшері. Сол себепті жарық сәулесіне көбірек бөленген қара барқыттың сәулелігі көлеңкеде тұрған ақ қағаз сәулелігінен көбірек болуы мүмкін.

Түс қанықтығы (насыщенность)- бұл бір түстің сұр түстен айырмашылық деңгейі. Түс қанықтығы зат бетінің түсін сипаттайтын жарық сәулелері мөлшерін зат бетінен шағылысатын тұтас жарық ағынына деген қатынасына тәуелді.

Адамның көзі сәуле қуатының ең аз мөлшерін де сезеді. Мысалы, қараңғылыққа үйренген адам көзі майшамның мыңнан бір бөлшегіндей мөлшердегі жарықты 1 шақырым қашықтықтан көре алады екен (төменгі шектеу) . Ал жоғарғы шектеудегі жарықтың сәулелігі көз көрмей қалатындай мөлшермен сипатталады. Бұл көздің қараңғылыққа қаншалықты үйренгеніне тәуелді.

Кейбір жағдайларда сыртқы тітіргендіргіштер көру сипатын өзгертуі де мүмкін. С.В.Кравковтың тәжірибелік материалдарында, дыбыс көздің жасыл және көк түстерге сезімталдығын арттырып, қызыл-сары және қызыл жасыл және көк түстерге сезімталдығын арттырып,қызыл-сары және қызыл түстерге деген сезімталдылығын төмендетеді. Көздің түрлі қашықтықтағы жарық толқындарына деген сезімталдылығы әркелкі. Адам үшін ең ашық, жарқын сәуле толқынының ұзындылығы спектірдің сарғылт-жасыл бөлшегіне сәйкес келетін (556 мм) сәуле. Іңір қараңғысында адам көзіне ең сәулелі боп жасыл түс көрінеді (толқын ұзындығы 510 мм) . Ал қараңғылық түскен кезде қызғылт-күлгін түстер күңгірттеніп , ал жасыл-көгілдір түстер ашығырақ көрінеді. Бұл Пуркинье құбылысы деп аталады. Адам көзінің ажырата алар қанық түстерінің жалпы саны-150 ге. жетеді екен.

Түстердің араласуы.

Біздің қоршаған ортада қабылдайтын түстеріміз біздің көзімізге бір емес әр түрлі ұзындықтағы толқындардың ықпал етуінен пайда болды. Сөйтіп біздің табиғи ортадағы көрінетін түстеріміз аралас түстерге жатады.



Бірінші заңдылық. Әрбір хроматикалық түстің осы түстен ахроматикалық түс туындауына себепші болатын тағы бір түс бар. Мұндай жұптар қосымша жұптар деп аталады. Яғни, қосымша түстер: қызыл және көк-жасыл, қызғылт-сары және көгілдір; сары және көк; сарғыш – жасыл және күлгін; жасыл және күрең қызыл;

Екінші заңдылық. Бір-біріне жұп емес, жақын жатқан екі түсті араластыру арқылы осы түс аралығында жатқан жаңа түс алуға болады.

Үшінші заңдылық. Бірдей көрінетін түстердің екі жұбы араластырғанда бірдей көрінетін түс береді. Сөйтіп, қосымша түстердің бір жұбын араластырудан шыққан сұр түс, өзге жұптың араласуынан шығатын сұр түстен еш айырмасы жоқ.

Түстер араласуы туралы айтылғанда ең алдымен оптикалық араласу туралы айтылады. Мұндай оптикалық араласу түрлі түсті тітіркендіргіштердің бір уақытта немесе аса шапшаң бірінің соң бірі көз торшасының бір бөлігіне әсер нәтижесінде пайда болады.

Бұдан өзге түстердің кеңістіктегі араласуы туралы да ұмытпау керек. Егерде белгілі бір қашықтықтан тұрып, бір-бірімен қатарлас тұрған түс дақтарына қарасақ , бұл екі дақтың түстері араласып, бір түс беретін бір даққа айналғанын көреміз. Мұндай түстердің бірігуінің себебін жарықтың таралуынан және адам көзінің оптикалық жүйесінің жетілмегендігінен іздеу қажет. Осылардың әсерінен түс дақтарының шекаралары көмескелініп, екі немесе оданда көп түс дақтары көз торшасының бір жүйке талшығын тітіркендіреді. Сол себепті, біз ұсақ түс жолақтары немесе дақтары бар мата бетіне қарағанда , оның бетіндегі барлық түстер араласып бір түс беріп тұрғандай етіп көреміз. Түрлі түсті жіптерден тоқылған маталардың көзге тигізетін осындай ықпалы осы түстердің кеңістіктегі араласуынан негізделеді. Пуантилист және импрессионист суретешілердің түрлі түсті нүктелер мен дақтар арқылы көрерменге тигізер ықпалы да осы түстердің кеңістіктегі раласуына негізделген.

9. Оқушы дербес жұмысқа арналған материалдар



СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

1. Бейнелеу өнерінін түрлерін айтып шығыныз.

2. Бейнелеу өнері жанрдарын атап шығыныз

3. Сурет салғанда ќандай материалдар ќолданады?

4. Сурет салѓанда ќандай техникалармен бейнелейді?

5. Живопись жазғанда ќандай техникалармен бейнелейді?

6. Графиканыњ түрлерін айтып шығыњыз

7. Живопись түрлерін айтып шығыњыз

8. Мүсіннін түрлерін айтып шыѓыњыз

9. Ќол µнерініњ түрлерін айтып шыѓыњыз

10. Жылдам салынатын суретті ќалай атайды?

11. Эскиз дегеніміз не?

12. Эскиз жєне аяќталмаѓан сурет т‰сініктеме беріњіз

13. Композиция дегеніміз не?

14. Композицияныњ зањдары мен ережелері

15. Сызыќтыќ перспектива зањдарын айтыњыз

16. Сызыќтыњ перспективалыќ зањдылыќтарымен ережелері

17. Ауалыќ перспектива дегеніміз не?

18. Суретті ќаѓаз бетіне ќалай орналастырады?

19. Суретті саларда сызыќтыќ – конструктивтік дегенімізді ќалай

т‰сіндіресіз

20. Сурет салудыњ этаптарын айтыњыз

21.Сурет салѓанда жарыќты ќалай ќолданады?

22. «Рефлекс» дегенімізді суретте ќалай кµрсетеді?

23. «Тон» , «Жартылай тон» суретте ќалай кµрсетеді?

24.Заттардыњ кµленкесін суретте ќалай кµрсетеді?

25. Кескінді жасаѓандаѓы этаптарлы айтыњыз

26. Кескінді жазарда т‰стерді ќалай ќолданады?

27. Т‰стер туралы мінездеме

28. Салќын жєне жылы т‰стер дегеніміз не?

29. Салќын т‰стерге ќандай бояулар жатады?

30.Жылы т‰стерге ќандай бояулар жатады?


Реферат және баяндама тақырыптары.

1.«Живопись түстерінің салқынды-жылылық табиғаты.»

2. «Түстің маңызы».

3.«Табиғи жарықтың түсуінен натурадағы түстің құбылуы».

4.«Бейнелеу өнерінің тілі».

5.«Живописьте түстік және жарықтау камертоны»

6. «Акварельмен жұмыс жасау техникасы»

7. «Кескіндеме өнері»

8. «Натюрморт»

9. «Жылы және суық түстер»

10. «Коллориттік үйлесім»

Шығармашылық жұмыстар тақырыбы.

1. «Тақырыпқа құрылған натюрморт»

2. «Табиғат көрінісі»

3. «Композициялық шешімде құрылған тақырыптық жұмыс»
10. Методические указания по прохождению учебной, производственной и преддипломных практик, формы отчетной документации (если требует специфика дисциплины)

11 Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»
Бағалау саясаты:




«Академиялық кескіндеме» пәні бойынша білімді бағалау кестесі


Бағалау критериясы


Бағалау түрі

Атпа

Жұмыс үшін %

Барлығы

%


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Үй тапсырмасы

0,6

8,4




+




+




+




+




+




+




+




2

Жеке тапсырма

4,8

9,6



















+













+










3

Бақылау жұмысы

2

28













+













+
















4

Студиялық жұмысрдағы белсенділігі

1

14










+







+










+







+




...


























































Р1 + Р2




60














































...

Емтихан




40














































Барлығы




100













































Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)


Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:


Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


Корпус № 8 , аудитория № 302-313.
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет