Құдайға деген махаббат. Фрейдтің ілімінше, діни махаббат бұл жыныстық құмарлықты рухани қызметке бағыттау. Ол құдайға сенетін адамдарды діни қиялдар әлеміне беріледі дейді, өйткені ол адам ләззат алады. Сондықтан Фрейд кейде дінді жыныстық құмарлықтың сублимацияланған жемісі дейді, кейде алғашқы табиғи құмарлықтарды басып тастаудың салдарынан пайда болған ұжымдық иллюзия дейді.
Суфизмдегі құдайға деген махаббат. Суфизм ілімінде құдайға деген махаббат ең негізгі тақырып болатын. Құдайға деген махаббат идеялары Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен іс әрекеттері туралы аңыздарда белгіленген сунналарда да, құрандарда да айқын көрініс таппаса да, суфизмде бұл идея кең мағынада қарастырылды. Өйткені онда құдіретті күштің алдындағы табынып, бас ию мен оған мойынсұну мотиві өте басым болды.