Діннің әлеуметтік және гносеологиялық тамырлары. Діннің функциялары. - Дін – күрделі жүйе, ол діни сананы, діни институттарды, діни қатынастарды және діни қызметті қамтиды. Дінге: 1) діни ілім; 2) діни сезімдер; 3) діни салттар; 4) діни ұйымдар мен секталар кіреді.
- Діннің даму сатылары: 1) табиғи дін – бұл кезенде табиғи күште құдайлар сияқты болып көрінді; 2) зандық сипаттағы дін – діни қағидалар мен ережелерді бұлжытпай орындау талап етіледі; 3) ақталу діні, ол Құдайдың алдындағы күнәлілік, бүкіл болмыстың қасіреттілігі және Құдайдың мейірімділігі сезімінен туындайды.
- Діни сана – жаратылыстан тыс күштерге, Құдайга деген сенімен туындайтын көзқарастардың, идеялардың, нанымдардың, теориялардың жиынтығы.
Ақыл мен сенімнің арақатынасы. Діни сенім бостандығы мәселесі. - Діннің функциялары:
- 1) әлеуметтік функциясы – дін қай заманда да қоғамдық процестерді басқару қоғамда тұрақтылық сақтау, ұлттық менталитет қалыптастыру қызметтерін атқарып отырды.
- 2) адамгершіліктік функциясы – дін жалпы адамзаттық моральдық қасиеттерді насихаттап, индивидтің адамгершілік келбетін өзгертуге үлесін қосады.
- 3) компенсаторлық – адам қиындық-дағдарысқа ұшыраған кезендерде дін көмекке келіп, қайырымсыз дүниені о дүниедегі мәңгілік бақытқа үмітпен алмастырады, адамға сенім-жігер, рухани күш береді.
Ақыл мен сенімнің арақатынасы мәселесіне философия тарихында үш көзқарас бар: - Ақыл мен сенімнің арақатынасы мәселесіне философия тарихында үш көзқарас бар:
- 1) Сенімді, діни сенімді ақыл-ойдан жоғары қою оны «Құдайдың жаратылыстан жоғары сәулесі, нағыз ақиқат» деп түсіну.
- 2) сциентистік көзқарас сенімге негізделген дінді ақылға негізделген ғылымнан төмен қояды және діни сенім түбінде жоғалады деп есептейді.
- 3) «екі ақиқат» – сенім мен ақыл-ой қатар әмір сүре алады деп мойындау.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ
Достарыңызбен бөлісу: |