1.Мәдениет ұғымы алғашында адамның табиғатқа ықпал етуін, табиғат күштерін бағындырып, өзінің көздеген мақсатына жетуін көрсетуге қолданылады. Мәдениет халықтың мыңдаған жылдар бойндағышығармашылығын,адамның рухани ізденістерін, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандарын жинақтайды. Адамзаттың рухы, келбеті, еркі, бостандығы, тарихи санасы, жады, философиялық жүйелері, рәміздері, өмірлік сабақтары, діні, тілі, ділі, мұраты – бәрі мәдениетпен біте қайнасып жатыр. Мәдениеттің негізгі иегері халық болып табылады. «Мәдениет дегеніміз не?» — деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі үғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» — қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні — мәдениет пен табиғатты яғни «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық.
Көне заманда «культура» деген үғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда,Рим философы Цицерон (б.д.д. 106-43 жж.) өмір сүрген ғалымның еңбектерінде дәлірек айтқанда (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген үғымды білдірді.
Атақты ақын-ойшыл Вергилийдің (б.д.д.70-19 жж.) пікірінше «cultura» адам тіршілігінің негізі, әлемді игерудің көзі. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады.