Мәдениеттану Публикация учебных и научных материалов презентаций в Pdf формате на веб- ресурсах КазНУ


 сұрақ. Ортағасырлық көшпелі дүниетаным негізі



Pdf көрінісі
бет23/49
Дата19.11.2022
өлшемі1,45 Mb.
#158915
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49
Байланысты:
Дәріс- Мәдениеттану- ГТХ

 
2 сұрақ. Ортағасырлық көшпелі дүниетаным негізі 
Адамзаттың тарихында номадизмнің қалыптасуы прогрессивтік қадам болды, 
өйткені оның бірқатар жағымды және қолайлы жағдайлары шекаралас 
жерлерде тұратын, жер шаруашылығымен айналысатын елдердің және қала 
мәдениетінің элементтерін тартатын.
Заңды түрде маңызды мәселе көтеріліп тұр: номадизм осы жерлерге 
келгенде осында бұрын болған көркемдік әрекеттердің түрлерін сақтап қалды 


ма, әлде керісінше, өзімен бірге осы жерлерге көркемдік мәдениеттің жаңа 
формалары мен құралдарын әкелді ме? 
Көшпелі қауымнан дараланып бөлінген хан, сұлтан, бек, тархан, ру басы, 
мырза, бай, би сияқты тұлғалардың әлеуметтік статусы олардың қоғамда 
атқаратын қызметімен қоса рухани-мәдени факторлармен де негізделіп 
отырылған және бұл аңыздық қасиеттермен толықтырылған. Мәдени 
қаһармандар тек реалды кеңістік пен уақыт өрісінде әрекет етіп қоймай, 
мифтік континиумда қатар өмір сүрген. Тарихы оқиғалар аңыздық 
қосымшалармен тұтасып кеткен. Батырлар мен хандар ғажайып өмірге 
келеді, тез ержетеді, тұлпарымен сөйлесе алады, тылсым күштерге иелік 
етеді, Ғайып Ерен Қырық шілтен, Түкті Баба Шашты Әзиз, пірлер мен 
аруақтар оларға қолдау көрсетіп отырады. Өткен уақыт пен баяғы кеңістік 
қайтадан келгендей болады. Мезгіл мен мекен мәдени қаһарманның 
төңірегінде қоюланып тоғысады. Осы жөнінде М. Әуезов мына бір ойын алға 
тартады: «Ескілікті әңгімелердің бірсыпырасы белгілі бір хан мен патша 
немесе бір белгілі, асқан бидің айналасында жиналған болады. Ескілік 
әңгімелерін кейде бір үлкен тарихи дәуірге әкеп те жинап қояды. Орыс 
жұртының ескіліктегі батырлар әңгімесінің барлығы «Қызыл күндей 
Владимирдің» айналасында жиналған. Араб жұртының ескіліктегі әңгіме, 
ертегісінің көбі Арон Рашид патшасының айналасында жиналған. Қазақ 
атаулы елдің ноғайлы дәуірінен қалған әңгіме-жырларының көбі Орманбет 
би заманының маңызына жиналған. Онан соң қазақтың ноғайдан бөлініп 
шығып, қазақ атанып, бөлек хандық құрып жүрген заманнан қалған ескілік 
әңгімелерінің көбі Әз Жәнібек ханның тұсында болдың. Тарихи инверсия 
бұрынғы мәдени қаһармандарды бізге жақындатады, тіпті арамызда 
жүргендей әсер қалдырады. Сол себепті Қобыланды мен Алпамыс та, Еділ 
мен Едіге де, Жәнібек пен Абылай да біздің замандастарымыз сияқты. 
Сондықтан мәдени қаһармандар біздің қазіргі өмірімізде де жақсылық пен 
жамандықтың арасындағы таңдауда үлгі мен бағыт беретін кейіпкерлер 
болып табылады (Әуезов М. Таңдамалы. – Алматы: Энциклопедия, 1997. – 
512 б.). Мәселенің бұл қыры ары қарай талдауды қажет етеді 
Мифтік ұғымның араласпайтын жері жоқ. Құс пен жануарлар тілін адам 
тіршілігіне көшіру үшін, әрине, олармен тікелей байланыс, қарым-қатынас 
қажет, әр нәрсенің, заттың нақты қадір-қасиетін білу керек. Жылан әдетте 
батырға ақылгөйлік, даналық дарытады, емшілік, балгерлік ғаламат дарын 
сыйлайды. Аңдар тілін жете ұқтырып, қажет кезінде солардың өзіне де 
айналдырып жібіре алады. Осыншалық ғұлама білім, құдірет күш қанына, 
жанына әбден сіңуі үшін жылан батырды жұтуы керек, немесе керісінше, ол 
жыланның денесінен жұлып жеп дәм татуға тиіс. Самұрық құс Құдайбергенді 
жұтып жібереді де, қайта құсып, лақтырып, жарық дүние көрінетін ғажайып 
айнаны тауып алуына жәрдемдеседі.
Мифтерде де, ертегілерде де жалпы айналмалы, ауыспалы сарын мықты 
дамыған. Хан тыңшылары Құдайбергенді тас төбешікке айналдырып 
жібереді, ал оның ордасының оң жағындағы бұрынғы тас үйіндісі Жалмауыз 
кемпірдің дәу ұлы боп шығады. Құдайбергеннің қайтыс болған балықшы 


өгей әкесі Тасшылардың қызы Айсұлуды тәрбиелеп, су астында өмір сүретін 
етеді. Соның талап етуі бойынша ғана хан Құдайбергенді қайта тірілтеді. 
Айсұлудың өзіне де зымиян бақсыны инеге айналдырып, жан-перілерді 
орамалымен бір желпіп қалып жанына жинап ала қоятын керемет сыйқырлық 
қасиет дарыған. 
Өліп, қайта тірілу, жан бітіріп, жан көшіру – ғасырлыр бойы халық 
санасында, салт-дәстүрінде ұялап келген ежелгі наным-сенім қалдықтары. 
Жануарларға табынуға, қоршаған ортаның көзге көрінбейтін құпия қауіп-
қатерімен жасқап, әйелдерді үйден ұзатпай, тұмшалап ұстауға байланысты 
туған әр қилы тыйым салу (табу) жүйелері бұл. 
Көне дүние көшпелілері үшін су – шейіттер патшалығы. Оған кеткендер 
қайтып оралмайды. Жер тіршілігіне ұқсас құралғанына қарамастан, бұл – 
қыршын өмірлерді қылғып жұтып жатқан мүлдем басқаша әлем – су асты 
әлемі. Көзге көрінбейтін Албасты осы әлеммен сабақтас, екі қабат әйелдердің 
ажалы содан, өкпесін ұрлап алып, суға атып жібереді. Албасты туралы 
Гильгамеш дастаны мифологиялық суреттерге тұнып тұр. Бірақ соның өзінде 
де ол эпикалық дәстүрлермен келісті дараланған. Жын-пері, құбыжық, 
құдайлар мейлінше молдығына қарамастан, мифологиялық үлгілер мұнда 
керемет көркемдік мәнісін тапқан. Эстетикалық айырықша қадір-қасиетке 
бөлініп, біраз өнделіп, қорытылып, жаңа ұғыммен, дүние туралы жаңаша 
түсінікпен байыған. Жаратылысты тәуелсіз, ақиқат бар болмысымен жан-
жақты тану талпынысы кәдімгі іс адамы қызметімен өрістес тұтас бір мифтік 
мәнердің қалыптасуына қолайлы негіз қалаған. 
Дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы «өліммен күрес» уақытқа қарсы күрес 
ретінде «алғашқы жұмақтық уақытқа оралуды» меңзейтін ұстындармен, 
қимыл-әрекеттермен, яғни символдық ойлау категорияларымен берілсе, 
исламдағы «өліммен күресуң уақытпен алға қарай жарысу, болашақтан үміт 
етуге негізделген. Дегенмен, «өлімнен қашу», «өліммен күрес», «өлімді 
қабылдау», «өлімді аңсау» сияқты құбылыстар психологиялық абстрактілі 
салмақтағы ұғымдар. Тәңірлік сенімде «өлімнен қорқуды» қамдық институт 
реттеп отырады. Бақсылық адамға «өліп-тірілу» тәжірибесін үйретеді. Яғни, 
тек бақсылар ғана өлімді таниды. Өлімді тану — қорқыныш-үрейдің 
жойылуы деген сөз. Ал исламда кез келген адам иман арқылы өзінің 
«өлімнен қорқу» сезімін реттеуге қабілетті. 
Сақтар мен савроматтардағы отқа табыну ғұрпы о баста күнге 
табынудан шыққан. Күн мен от зұлым, қас күштерден қорғап, тазартады 
деген ұғыммен молаларды өртеп тазарту әдеті савромат, сақтарда көп 
кездеседі. Ғұндар мен үйсіндер, сақтар қабірлерінен жиі шығатын қызыл 
бояу сол қасиетті күн мен оттың рәмізі болған. Тотемдік және магиялық ескі 
түсініктер тұмарлар асудан, тас моншақтар қадау, киімге құс қауырсындарын 
тігіп алудан, ұлу, жылан бас сүйектерін тағудан байқалған. 
Скифтердің де, ғұндардың де өмір салтында жауынгерлік асқақ рух 
күшті дәріптелген. Сондықтан да наным-сенімдер сақ-ғұн қоғамының тірегі 
– жауынгерлердің соғыс қабілетін, соғыстағы женіске деген сенімін 
нығайтуға қызмет еткен. 


Архетиптік сипаттағы мәдени символдар өздеріне құпиялылықты, 
құдіреттілікті сақтаған. Олар терең эмоцияны тудырары сөзсіз. Бұл жағдайда 
мәдениет белгілі бір жүйе ретінде, адам және оны қоршағана ақиқат 
арасында тұрған жүйе ретінде танылады, яғни әлемнен түсетін хабарды 
өңдейтін тетік ретінде танылады. Сонымен қатар берілген бір мәлімет өте 
маңызды орынға ие болады да, ал енді біреуі белгілі бір мәдениет саласында 
ғана танылады. Керісінше, басқа мәдениеттің тілінде бұл мәлімет өзгеше 
сипатта болады. Осылайша мәдениет жалпы семиотикалық жағдайда адам 
және әлем арасында орнайтын қарым-қатынас жүйесінде түсіндіріледі. Бұл 
жүйе бір жағынан оның әлемді осылайша модельдейтіні анықталады, бір 
жағынан адам тәртібін анықтайды (Лотман Ю.М. О мифологическом коде 
сюжетных текстов // Сборник статей по вторичным моделирующим 
системам. – Тарту, 1973. – 276 б.). 
Ежелгі діни нанымдар, мифтер мен аңыздар адамдардың рухын көтеру үшін, 
табиғатпен өзара байланысын қалыптастыру үшін қолданыста болған , әрі 
халықтың тарихи тағдырына, дамуына әсер еткен. Олардың мән-жайын 
идеялық тегі мен тарихи тұрпатын ашып көрсету аса күрделі, себебі сырттай 
қарағанда кез-келген діннің болмысы ессіздік сияқты немесе тіпті бір 
түсініксіз нәрсе болып көрінеді. Ал сол ессіздіктің өзін танып білу үшін 
кемел зерде қажет. Мұны түсіну үшін көне этнографиялық материалдарға, 
ертегілер мен аңыздарға, мифтерге жүгініп терең зерттеуді талап етеді. 
Олардың түп-тамырын тарихи этникалық кең аяда танып түсіндіруге болады. 
Ұлтық маңызы бар мифтер мен аңыздар діни наныммен байланысты 
аңыздармен сәйкес келе бермейді, тіпті қайшы келуі де ғажап емес. Мысалы, 
қазақтың болмысы ежелден әулиеге немесе аруаққа сену, әулиелер арқылы 
емдеу сияқты мықты дәстүрлері мұсылмандыққа қайшы келеді. Біздің 
мақсатьмыз халқымыздың дәстүрлі рухани жөн-жорасын суреттеп беру емес, 
оның әлеуметтік мәніне ғылыми талдау жасап, жарамды жақтарын ашып 
беру арқылы, қалайда өсіп келе жатқан ұрпақтың сана-сезімін, рухын, 
талғамын кетеру. Осы баяндамада казақ өркениетінің қалыптасуында үлкен 
орын алған ұлттық рух, ұлттық сана, қала берді философиясы, мифологиясы 
туралы біраз сөз қозғамақпыз. 
Сенім-нанымдардың тамыры сонау көне заманның тарихи койнауында 
жатыр. Ежелгі заманнан бізге там-тұмдап жеткен тарихи мұрағаттар 
(ескерткіштер) тас пен қола дәуірлер кезеңінде даламызда анимистік (өлі 
заттар мен үдерістерді жанды деп пайымдау) табиғатпен сырласып, сіңісе 
білгенінің айғағы. Табиғаттың тылсым күштерін жанды деп түсініп, оларға 
адам қасиетін, белгісін телу дәстүрлері болған. Ол құбылыстарға жан бітіріп, 
иесі бар - мыс, олардың тәңірі бар деп, тәңір иеге бағыну туындаған. 
Элиаденің сөзімен айтқанда, «күнделікті өмір тіршілігінде орын алған 
сыртқы күштердін адам бойында қайта қиял түрінде бейнеленуі, жаратушыға 
еліктеп жер бетінде моделін жасай білген» (Еliade M., Joan P. Couliano. Dinler 
Tarihi Sözlüğü. - İst.: Çev: Ali Erbas. İnsan Yayınları, 1997. – S. 366.). 
Сонымен, дәстүрлі-наным сенім, ырым мен жораның, әдет ғүрыптың, 
талғам мен түйсіктің, наным мен танымның сипаты табиғилықтан бастау 


алып, көшпелі өмір салтымен қойындасу, ал заттар мен өмір 
құбылыстарының тіршілік талабымен үйлесе сүрыпталуынан туындаған. 
Алматы маңында табылған Таңбалы баурайындағы тасқа қашалған құдай 
түлғалары күн дидарлы адам пішінді болып келетіндігі сондықтан. Қола 
дәуірінің соңғы кезеңінде бұл діни түсініктер одан әрі дамыған. Мұнда затты 
пір тұту, затты киелеу, бірте-бірте сол затгы құдірет күш иесі деп тануға 
ұласады. Төрт-түлік малдың иелеріне деген мадақ-сенімнің белең алған 
тұсы да осы кез. Сенім-нанымның түп төркіні, діни-идеяларды адамдардың 
әлеуметтік қарым-қатнасымен сабақтастыра отырып, қазіргі таңда оған басқа 
сипатта қарауды талап етеді. 
Ғасырлар қатарынан бізге жеткен ежелгі рухани мұрағаттар қатарына 
жататын салт-санамен дәстүр әлеуметгік психологияның саласы. Бұл бай 
мұраларды игеру, әлем заңдылықтарын игеру, қиял мен шындықты, жарық 
жалғанның болмысы мен бопсасын, күйкілігі мен құдіреттілігін таба аламыз. 
Адам баласы қашаннан-ақ дүниені ақиқат қалпында қабылдауға құштар.
Адамдар қоршаған ортаны ғылыми таным ретінде білмей жатып-ақ, 
диалектикалық әдіспен ойлайтын болған, себебі табиғатқа өте жақын, 
табиғаттың тылсым сырымен астасып, бірлесіп өмір сүріп, табиғаттан 
үйреніп, өмір сүруі, халықтың рухани болмысының өзегі. Халықтық бұл 
ақыл-ой, зерделі, өмірлік тәжірибесі (фольклор, музыка, би, сәулет өнерінде) 
жинақталған. 
Қазақ мифологиясының және философиясының қайнар көздері ежелгі 
дүниеде, бұрынғы протоқазақтардың және қазақтардың мифологиялық 
алғашқы философиясында (б.э. д. І-ІІ мыңжылдықтар) жатыр. Қазақ халқы 
көптеген елдердің өзара әсерлесуі мен бірігуінің арқасында пайда болып, 
олардың әртүрлі мәдени қырларын мұралап, кезіндегі жетекші өркениеттің – 
сақ өркениетінің мұрагері болып табылады. Олар толық қанды қазақ 
өркениетін қалыптастырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет