Ғабитов Тұрсын Хафизұлы
Мәдениеттану
Публикация учебных и научных материалов презентаций в Pdf формате на веб-
ресурсах КазНУ
1 Дәріс
Сәлеметсіздер ме, құрметті тыңдаушы қауым!
Менің есімім
Ғабитов Тұрсын Хафизұлы
, философия ғылымдарының
докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, дінтану және
мәдениеттану кафедрасының профессорымын. Мен сіздерге мемлекеттік
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша мәдениеттану курсынан 15 дәрісті
оқуды жоспарлап отырмын. Мәдениеттану бұл ерекше пән және бұл пәнді
игеру үшін, әсіресе қашықтықтан оқыту жағдайында арнаулы кітаптармен
танысу керек. Біріншіден мен сіздерге ұсынатыным Әл-Фараби атындағы
университетінің мәдениеттанушылары дайындаған ұжымдық мәдениеттану
оқулығы және осы пән бойынша қазақ мәдениетінің тарихы атты өзімнің
кітабымды сіздерге ұсынамын
Бүгінгі дәрісіміздің тақырыбы – «
Мәдениет ұғымы және құрылымы»
Дәрістің мақсаты:
Мәдениеттанудың гуманитарлық ғылымдардың
ішіндегі ерекше рөлін сараптау және мәдениетті өте күрделі көп
функционалды құбылыс ретінде айқындау
Дәрісіміздің жоспары
1.
Мәдениеттану пәні
2.
Мәдениет ұғымы.
3.
Мәдениеттің құрылымы
1 сұрақ. Мәдениеттану пәні.
Қазақстан Республикасындағы ресми атауы Әлемдік және отандық
мәдениеттің теориясы мен тарихы. Мәдениеттану пәні ғылым реттінде ХІХ
ғасырдын аяғында мәдени антропологиялық және мәдени философиялық
зерттеулердің нәтижесінде қалыптасты. Мәдениеттану пәні негізінен үш
құрлымдық бөліктен тұрады:
1. Мәдениет философиясы немесе мәдениет теориясы
2. Әлемдік мәдениеттердің теориясымен тарихы
3. Қазақ мәдениетінің теориясы мен тарихы
Мәдениет материалды мәдениет және рухани мәдениетке бөлінеді.
Матералды мәдениет бұл негізінен адамды қоршаған жасанды орта яғни
адамның қолымен жасалып шыққан болса неге адамның ақылының ықпалы,
ойы, парасаты араласқан болса соның бәрі мәдениетке жатады. Матерялды
мәдениет бұл ғылыми тілде артефактілер яғни жасанды құнды құбылыстар
деп аударылады. Әрине материалды мәдениет өте маңызды бірақ сонымен
бірге рухани құбылыстармен тығыз байланысты. Рухани мәдениет жалпы
мәдениеттің өзегіг құрастырады. Біз рухани мәдениет туралы айтқанда рух
және жан деген ұғымды бір бірінен ажырата білуіміз керек. Жан субъективті
категория психологилық ұғым, себебі адам бекерден бекер жаным ашиды,
жаным ауырады деп айтпайды. Рух бұл жағынан алғанда ерекше объективті
құбылыс халықтың рухы туралы айтады жалпы әлемдік рух туралы
айтылады.
Адам баласы өмірінің басты мақсаты – мәдениет ұстындарына
сүйене отырып, өзінің бойындағы қасиетті дәйекті де тұғырлы етіп
тәрбиелей отырып, жүзеге асыру. Өйткені мәдениеттің өзі өмірдің
тиянақтылығын, дәйектілігін, мәнділігін, табандылығын, тұрақтылығын
қамтамасыз ететін бірден-бір институт болып табылады. ХХІ ғасырда
басталған жаңа үрдістерде көп деңгейлі және көп мағыналы болып
табылатын осы мәдениет феноменіне өскен қызығушылық себептерінің
бірі – қазіргі кездегі қоғамдық өмірде дәйексіздік, тұрақсыздық,
тиянақсыздық, негативтілік сияқты белгілердің біршама орын
алғандығынан деп білу қажет. Қоғамда айқын көрінетін мына жағдайлар –
ата-ана мен баласы арасындағы түсініспеушілік, олардың арасындағы дау-
жанжалдар, адамдардың бір-біріне сенімсіздік білдіруі, бір мемлекеттің
азаматтары бола тұрып, ұлтқа, нәсілдікке, діни ұстанымға бөліну, бір-бірін
белгілі бір себепсіздіктен жек көру, т.с.с. негативті бейсаналыққа,
эмоцияларға негізделген келеңсіздіктер қоғам, мемлекет, әлем өмірінде
орын алып келуде. Мұның себебін іздеп, анықтап алудың кезі әбден келді
деуге болады. Ал қоғам өміріндегі мәдениет функцияларының бірі – бұл
реттеу функциясы. Оның негізгі мәні – адамдардың қоғамдық және жеке
әрекет түрлерін реттеу. Мәдениет мораль мен құқыққа негізделе отырып,
адамдардың мінез-құлқына ықпал етеді.
XVIII ғасырдан бастап көрсетілген үрдістер ұлттық және әлемдік
мәдениеттер арасындағы қатынастар мәселесін құра отырып, мәдени
релятивизм мен мәдени әмбебаптылық нысанында болады. Мәдени
релятивизмнің басында француз философы Монтень тұрды, ол әрбір ұлт
өзінің жеке ұлттық идеясын құрайды деп болжаған. Алайда бұл неміс
философы Гердердің жұмыстарында жеткілікті түрде дайын күйінде
ұсынылған. Мәдени релятивизмнің қазіргі өкілі француз мәдениеттанушысы
К. Леви-Строс болды.
Мәдени әмбебаптылықтың белгілі өкілдері Руссо, Кант, Гете, көптеген
ағартушы-философтар адамгершілік әмбебапты, көпшілік ұстындар жағында
болады деп болжаған. Кант белгілі кесімді императивті тұжырымдады, оған
сәйкес егер қылық әмбебапты, жарамды болса, жақсы болып саналады.
Осыдан әділеттілік жалпылық болады, әділеттілік дәрежесі әмбебаптылық
дәрежесіне сай келеді.
Мәдениет – философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық
мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет ұғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына
байланысты жиі пайдаланылады. Қысқасы, бұл ұғым саналы іс-әрекет
жемісін даму үдерісінде көрсетуге бағытталған. Әрбір тарихи дәуірдің
өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір халықтың өзіне ғана тән дәстүрлері
болады. Бұдан мәдениеттің көптүрлілігі ондағы жалпылықты, әмбебаптықты
теріске шығарады деген қорытынды тумайды. Керісінше, мәдениеттің
нақтылы-тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін және ондағы
жалпы ерекшеліктің диалектикасын білдіреді.
Көпшілікке арналған әдебиетте мәдениет мәселесін рухани, көркемдік
салалармен байланыстыра қарау басым. Шынына келгенде, мәдениет – адам
әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, оған рухани да,
материалдық та жетістіктер жатады. Басқаша айтқанда, адам болу үшін еңбек
құралдарын жасауы, сөйлесуі, пікір алысуы, түсінісуі қажет.
Мәдениеттің философиялық сипаттамасын оның құрылымы арқылы
көруге болады. Ресми әдебиетте «саяси мәдениет», «экономикалық ойлау
мәдениеті», «адамгершілік мәдениеті», «тәрбие мәдениеті», «ұлтаралық
қатынас мәдениеті» деген көптеген мәдениетке қатысты сөз тіркестері
кездеседі Олардың әрқайсысы, жекелеп алып қарағанда, философиялық
мәселелер. Басқаша айтқанда, философия мен мәдениеттің арақатынасы
қоғамның рухани өмірінде орын алатын келелі, күрделі құбылыс екенін бөліп
қарау қажет.
Ұлттық және әлемдік мәдениеттер арасындағы қатынастар проблемасы
кейде «Батыс – Шығыс» белгілі мәдениеттану дилеммасы арқылы
қарастырылады. Батыс және Шығыс мәдениеттері арасындағы үйлесімділік
немесе үйлесімсіздік туралы дау ертеде пайда болды және әлі шешімін
таппай, жалғасуда. Оның бірін Р. Киплинг ұсынды: «Батыс ол Батыс.
Шығыс ол Шығыс… Олар ешқашан қосылмайды». К. Юнг де осындай
көзқараста болды. Ол Шығыс пен Батысқа тән ойлау типтері соншалық
өзгеше болғандықтан, қосылу оларға мүмкін емес, әрі қажет емес деп
есептеген. В. Соловьев керісінше, болашақта Шығыс пен Батыс бірыңғай
әлемдік өркениетке бірігеді де, бұл «алқалық» ұстындардың толық жеңуіне
негіз болады деп санаған.
Достарыңызбен бөлісу: |