Сабақтың тақырыбы: Тау жыныстары мен минералдардың жіктелуі



бет1/3
Дата07.10.2024
өлшемі267,36 Kb.
#205771
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Тау жыныстары мен минералдардың жіктелуі 8 сыныпқа арналған ҚМЖ




Білім беру ұйымының атауы

Мөлдір бұлақ оқу сауықтыру орталығы

Пәні:

География

Бөлім:

Физикалық география

Педагогтің аты-жөні:

Оразбеков Дәуір

Күні:




Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Тау жыныстары мен минералдардың жіктелуі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.3.1.5.Тау жыныстары мен минералдарды түрлі белгілері бойынша жіктейді;

Сабақтың мақсаты

-тау жыныстары мен минералдарды топтастырады(ЕБҚК бала үшін);
-тау жыныстары мен минералдардың ерекшелігін талдайды(ФС)

Бағалау критерийі

- тау жыныстары мен минералдарды топтастыра алады;
-тау жыныстары мен минералдардың ерекшелігі туралы түсініктерін кеңейтеді

Ойлау деңгейі

Қолдану,жоғары деңгей

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

Кері байланыс


Оқушылармен амандасу,оларды түгендеу.Психологилық жағдай қалыптастыру. «Ұшақ» әдісін қолдану арқылы сұрақтарға жауап береді
Географиялық диктант.
1.Тау жыныстарының суда еруі........ құбылыс деп аталады
2.Сыртқы күшті.......... деп атаймыз
3.Қатпарлану кезінде біртұтас жоғары көтерілген бөлігі .............. ,ал беткі тегіс болып көтерілген бөлігі............. деп аталады.
5.Жер қыртысындағы қозғалыс түрлері:........

Жаңа тақырыпты ашу мақсатында экранға тақырып бойынша суреттер көрсетіледі.


Жер қыртысын құраушы минералдық бір тектес заттарды тау жынысы деп атайды. Жердің сыртқы қыртыс қабаттары көбінесе қатты тастардан тұрады. Сол себепті тау жыныстарын анайы түсінікпен атағанда тастар деуге болады. Тастардың жер бетіне шыққан айқын күрделі түрлері тауларда кездеседі. Тау жыныстары деген сөздің өзі сол тастардың тауда кездесу түсінігінен шыққан. Олай болса тау жыныстарының орнына тастaр деген түсініктің өзін алуға да болар еді. Расында петрография деген сөздің өзі де сонан шыққан болатын (грекше петро — тас деген сез). Бірақ ерте кезде осылай алынғанымен қазіргі түсінікке ол дәл келе қоймайды. Өйткені жер кабаттарын құраушы минералдық бір тектес зат қатарына, яғни тау жынысы қатарына су, мұнай, көмір, топырақ, сияқты заттар да жатады. Бірақ бұларды тас деуге болмайды. Сондықтан тау жынысы деген түсініктің тастан көрі мағынасы кеңірек. Сонымен, петрография тау жыныстарын зерттеуші ғылым.
Тау жыныстарының шығу тегіне жалпы шолу жасап көрейік. Жердің үстіңгі қабатындағы тас қабықты құраған тау жыныстары алғашқыда балқыған тұтқыр заттан қатайып пайда болған. Тау жыныстарының үгітіліп ұсақталған түйіршіктері суға еріп, химиялық әр түрлі қосындыларға айналып, тұнып, тығыздалып, бірігіп, басқа түрлі минералдарға және тау жыныстарына айналған. Мұнан кейін олар екінші рет қайта өзгеріп, тағы басқа тау жыныстарының түріне айналған. Жердің жүздеген миллиондаған ұзақ тарихы бойында осы әрекет көп қайталанып отырған. Сонымен қатар бертін келе-келе тау жыныстары мен минералдардың бұзылып өзгеруіне және жиналып құралуына тіршілік дүниесі де көп әсерін тигізген.
Жер қабаттарын құрайтын барлық тау жыныстары үлкен үш түрлі топқа бөлінеді:

  1. магмалық тaужыныстaры,

  2. шөгінді тау жыныстары

  3. метаморфтық тау жыныстaры.



Оқушыларды топқа бөлу.Суреттер арқылы оқушылар 3 топка бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет