Мәдениеттану Публикация учебных и научных материалов презентаций в Pdf формате на веб- ресурсах КазНУ


 сұрақ. Қазақы дүниетанымда жақсылық пен жамандық ұғымдары



Pdf көрінісі
бет30/49
Дата19.11.2022
өлшемі1,45 Mb.
#158915
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49
Байланысты:
Дәріс- Мәдениеттану- ГТХ

3 сұрақ. Қазақы дүниетанымда жақсылық пен жамандық ұғымдары. 
Қазақы дүниетанымда жақсылық пен жамандық ұғымдары ақын-жыраулар 
шығармашылығында жан-жақты әрі көркем суреттелген. Бұл түсініктер таза 
поэзия аумағынан шығып, халық даналығы үлгілеріне, философиялық 
пайымдауларға айналған. Жақсылықтың отаны - Жерұйықтың қандай басты 
белгілері бар? Бұл сұраққа жауапты заман талаптарынан, халықтың арман-
аңсауларынан, өкініштері мен мұқтаждарынан іздеу керек. Шоқан Уәлиханов 
– осы мәселеге алғашқы назар аударғандардың бірі. Ғалымның сараптауы 
бойынша, қазақтардың аңыздарында ноғайлармен көрші отырған кездері 
алтын заман болғаны туралы айтылады. «Ноғайлы мен қазақтың бағы жанған 
заманда» – дейді олардың эпостары әрбір қиссаларының басында. 
Яғни, Жерұйық ешқандай утопия да емес, болашақ туралы сәуегейлік те 
емес, бұрынғы туыс түркі халықтарының (алты алаш) бірлігін жырлау болып 
табылады. Жерұйық идеясын батыстың утопиялық құрылымдарымен 
теңдестіру біздің зерттеулерімізде жиі кездесетін үлгі болып табылады. Бұл 
әдістеме батыстық барлық модельдердің біздегі баламаларын іздеумен 
әуестенеді. Халық жерұйықты – «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған 
заманды» немесе елді қиыншылықтан құтқаратын батыр, дана, көсем туралы 
утопиялы әңгіме, аңыз шығарады және бұл аңыздық тұлғалар тарихта болған 
кейіпкерлерден шығарылады. Осыдан барып мессияндық роль атқаратын 
адам, елге ырыс-дәулет беретін қоныс жайында әпсана-хиқаят қалыптасады. 
Қазақ әдебінде жақсылық пен жамандық синкретті: әрі әдептік, әрі тәлімдік, 
әрі өнегелік категориялар ретінде баяндалады және олар кісілік қасиеттердің 
санатында жүзеге асу мүмкіндіктерімен жырланады. Бұл өмірлік 
философияда жақсылықтың өлшемі адамның өз атына сай тіршілік етуі 
болса, онда жамандық тіршілікті шектеу деп түсіндіріледі. Яғни, жақсылық 
адам мен әлем арасындағы үйлесімдік. Тек нағыз адамның қолынан ғана 
жақсылық жасай білу келеді. Жамандық – үйлесімсіздік, шектен шығу, теріс 
қылық, «ғаріп» нәрсе: 
Бұл заманда не ғаріп ? 
Ақ қалалы боз ғаріп, 
Жақсыларға айтпаған 
Асыл шырын сөз ғаріп, 
Замандасы болмаса, 
Қариялар болар тез ғаріп, 
Қадірін жеңге білмесе, 
Бойға жеткен қыз ғаріп,... 
Мүритін тауып алмаса, 
Азғын болса пір ғаріп (Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия /құр. 
Мағауин М. - Алматы: Ана тілі, 1993. - 331 б..). 


Жоғарыдағы жолдардан жақсылық пен адамдық қасиеттер көрінісі ғана 
емес, оған қоса жалпы ізгілікпен тепе-тең, абсолютті бастау ретінде 
қарастырылатынына көзіміз жетеді. Қазақ философы Қ. Әбішев жазғандай, 
жақсылықтың айшықты өлшеміне адамдардың дүниемен қатынасына да, 
өзара қатынастарына да олардың ешқашан өшпес құндылықтар екенін 
мойындап, оларды сақтау, қастерлеу және оны бұзатын, оны былғайтын, оны 
тәрік ететіннің бәрін де жамандық деп қарау (Әбішев Қ. Философия. – 
Алматы: Ақыл кітабы, 1998. 259 б.). 
Бұл сипатта жамандықтың жиі кездесетін түрі – жетесіздік, қадірлей білмеу: 
Ауылдағы жамандар 
Ер қадірін не білсін! 
Көшіп-қонып көрмеген 
Жер қадірін не білсін! 
Көшсе, қона білмеген, 
Ақылыңа көнбеген 
Жұрт қадірін не білсін! (Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия 
/құр. Мағауин М. - Алматы: Ана тілі, 1993. - 331 б..). 
Бұл жерде маңызды этикалық мәселе көтеріліп тұр. Ол – жақсылықтың 
шартсыздығы. Біздің ісіміз жақсылық па, әлде жамандық па деп дәлелдеп 
жатудың қажеті жоқ. Ол дауысқа салынбайды, тылсымдық түрде бірден 
аңғарылады. Не болса да, сол болуы керек. Өйткені ізгілік адамның 
болмысымен тікелей қатынасты, жақсылықтың жасалуы есеппен жүрмейді; 
онда ол оны сатқанмен, міндетсінгенмен бірдей әрекет болып табылады; ол 
«өз қайтарымын күтпейтін және адамның шынайылығынан туындаған 
өмірдегі нұрлы қадамдар болып табылады». Жақсылықтың бағдары – адамды 
көтермелеу. Керісінше жасалған әрекет жамандыққа әкеледі. 
Адам үшін оның өміріне мән беріп тұрған негізгі нәрсе – өз бойындағы 
адамшылықты жоймау, бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру. Осы 
дүниеге адам болып келгендіктен, осы дүниеден адам болып кету керек. 
Адамның адамдық қасиетін өмір сүру барысында жоғалтып алмау бұл да 
адамның ең алдымен өз алдында, басқа адамдар алдындағы жауапкершілігі, 
ол адам тарапынан белгілі бір ерік-жігерді, қайратты қажет етеді. Адам 
баласы ежелден-ақ бақытты өмірді, бейбіт тіршілікті, берекелі тұрмысты 
аңсап-армандап, іздеген. Қайткенде адам бақытты болады? Қай жерде, 
қандай жағдайда ол өзін бақытты сезінеді? Міне мұндай сұрақтар әр 
заманның данышпанын да, қарапайым жұртын да толғандырған.
Бұқар жырау жырларынан оның нақыл сөздерге философиялық ойлы 
тебіреністерге толы, заманының көкейкесті мәселелерін көтеріп отырған 
азамат ақын болғандығын көреміз. 
Шашырап шыққан қандар көп, 
Шашау жатқан малдар көп. 
Қайсыбірін айтайын,
Хандық дәуірінің көркем санасында, бір жағынан, күйбең тіршіліктің 
ырықсыз иесі болу құпталмаса, екінші жағынан, қиял мен елеске бағытталған 
өмір де мұрат болмады. Осы тұрғыдан қазақ ақын-жыраулары діндегі әдептік 


бастамаларға басты назар аударды. Ешнәрсеге, ешкімге қиянат жасамау – 
мұсылманшылықтың негізгі этикалық арқауы. Қазақ дүниетанымының негізі 
– этикалық арқау. 
Сол сияқты хандық дәуірдегі қазақ мәдениетінде де түркілік «Тәңірі» 
мұсылмандық «Алламен» бір бейнеге айналып кетті. Ақын-жыраулардың 
әдептік түсініктері де жалпы мұсылмандық контекстіден аулақ болмады. 
Сөзіміз дәлелді болу үшін ақын-жыраулар шығармашылығына жүгінейік: 
Басты, бірінші тілек аллаға арналады: 
Бірінші тілек тілеңіз, 
Бір Аллаға жазбасқа. 
Немесе жыраудың басқа да өсиеттері: 
Ей, айтшы, Алланы айт, 
Аты жақсы құдайды айт. 
Төрт шадияр Мұстафа, 
Нұсқап ашқан ғаламды айт. 
Тәңірім сөзі бұрқанды айт, 
Кәлим Алла құранды айт, 
Тәңірім салса аузына 
Жан жолдасың иманды айт (Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. 
Хрестоматия /құр. Мағауин М. - Алматы: Ана тілі, 1993. - 331 б.). 
Халқымыздың ұлттық дәстүрі бойынша, кісіні сыйлау, құрметтеу, оның 
кісілігін үйрену әрбір жастың парызы болып табылады. Үлкен кісінің 
алдынан қия өтпеу, үлкен адамға орын беру, оны төрге шығарып құрметтеу, 
оған сәлем беру, көңіліне қарау – адамгершілік борыш ретінде қалыптасқан 
дәстүрлер. Ерлік пен елдік, отаншылдық пен сүйіспеншілдік, ынтымақ пен 
бірлік, жан тазалығы мен адал достық – бәрі де ақын-жырауларымыздың 
жыраулық поэзиясынан орын алған, осының өзі – болашақ ұрпақтарыздың 
бойына бүкіл кісілік асыл қасиеттерді жинақтауға зор көмек беретін бала 
тәрбиесінің бастау бұлағы. 
Жыраулық поэзияның ірі өкілдері Асан қайғы мен Қазтуғанның, Доспамбет 
пен Шалкиіздің, Ақтамберді мен Бұқар жыраудың ж.т.б. елдік пен ерлікті, 
азаматтық пен адамгершілікті жырлаған өршіл өлең-жырлары, туған жер, 
ата-қоныс, ел тағдыры, өмір өткелдері мен қоғам жайлы философиялық 
толғау-тұжырымдары, өткір ойшылдық пен шешендік өнер өнегелері адамзат 
атаулыға тән асқақ кісілік идеяны паш етеді. Осы үлгі-өнеге тұтар, 
ұрпағымыз 
мақтанышпен 
мәңгі 
естерінде 
ұстар 
ақын-жырау, 
даналарымыздың әрқайсысының өмір жолдары сол өзі өмір сүрген заман 
тарихымен тығыз сабақтастықта жатыр. Жалпы кісілік құндылық болып 
табылатын: салауаттылық, инабаттылық, ізеттілік, ар-ұятты болу, 
қайырымдылық, перзенттік парыз, ата-анаға, отанға қызмет ету, ұлтын, 
халқын отанын сүю, қорғау, әдептілік, имандылық, ар-намыстылық, 
өнерпаздық, ата-текті қастерлеу, бүкіл адамзаттық адамгершілік қасиеттерді 
ардақтау, ерлік деген ұғымдарды тәлім-тәрбиеде кісілік өлшемдердің 
көрсеткіші деп санасақ, адам бойына қуат берер осынау ізгі қасиеттерге 
баулуда жыраулық позэиядан аларымыз өте көп. 


Тұтастай белгілі бір кезеңдердің қоғамдық-әлеуметтік, тарихи сипатын 
таныта алатын дидактикалық-философиялық сарындағы толғаулармен қатар 
сөз зергерлері адамгершілік, этика, мораль тақырыптарын да адам өмірінің 
түрлі жағдайларына қатысты келістіре жырлап, ел ішінде тәрбиелік міндет 
атқарып отырғаны байқалады. 
Аталған деректер мен куәліктерді біз қазақтың дәстүрлі мәдениеті жүйесін 
оның көрнекті өкілдерінің өмірлік ұстанымдарын талдау мақсатында 
келтірдік. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде тек әдеп пен құқық емес, сонымен 
бірге саяси-әлеуметтік құндылықтар да мораль құдіреттілігімен баяндалған. 
Мысалы, «қарға тамырлы» қазақта отансүйгіштік пен ұлтшылдық басты 
кісілік қасиеттер болып марапатталған. Қазақ халқының ұлтжандылық 
дәстүрлері, отансүйгіштік қасиеті сонау көшпелілік заманнан бастау алған. 
Көшпелі қазақтар қоршаған ортаны, табиғатты өздеріне қарсы қоймаған. 
Табиғатты қастерлеу адамдық парыздан пайда болады. «Дүниенің көрінген 
һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың 
орны толмайды», – дейді Абай жетінші сөзінде. Көшпелілер түсінігінде жер 
жай ғана қоршаған орта емес, ол – тірі, жанды бейне, «Жер-Ана». Көшпелі 
өзін сол Жер-Ананың перзентімін деп есептейді. «Туған жер топырағынан 
жаралдым» дейтін адам табиғатқа қарсы қиянатқа бара алмаған. Сондықтан 
да туған жерді қорғау анаңды қорғау, арыңды, өз өміріңді қорғау деп халық 
санасында есептеледі. «Ер – туған жеріне, ит – тойған жеріне», «Өзге елде 
сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дейтін халық мақалдары жоғарыда 
айтқанды дәлелдеп отыр. Жер-Ана қазақтың саяси-әлеуметтік мәдениетінде 
ата-бабадан қалған басты мұра, аруақтар мекені деп бағаланған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет