Cаясат
Мəдениет саласында саясаттың алатын орны.
Саяси мəдениет деген не?
Адамдардың саяси мəдениетке көзқарасы əртүрлі.Көпшілігі саясат лас іс жəне саяси «ойындарға» қатысу ұят деп санайды.
Басқалары, егер саналылар саясатпен белсенді шұғылданбаса, онда саясатқа лайықсыз адамдар араласады деп санайды. Саяси
шешімдерге дербес келу қабілеті – адамның саяси мəдениетінің элементі.Оны игеру үшін міндетті түрде университет бітіру немесе
ғылыми кандидат болу шарт емес, барлық тұрғыдан да мəдениетті адам болуға ұмтылу жеткілікті.Бұл қабілеттілік адамды арсыз
саяси қызметкерлердің қолындағы ойыншық болудан құтқарады.
Саяси мəдениеттің ерекшелігі оның саясаттың өзін немесе саяси процесті құрайтындығында емес, саясат əлемі туралы пікірлер мен
түсініктер жиыны екендігінде. Саяси мəдениет көптеген онжылдықтар бойында əртүрлі ұрпақ қалыптастырған саяси дəстүрлерді,
саяси практиканың қолданымдағы нормаларын қамтиды. Оның құрылымына, сондай-ақ , билік жүргізіп отырған саяси жүйеге
қатысты адамдардың бағдарламалары мен ұстанымы кіреді.
Саяси мəдениеттің берік элементі ретінде жеке адамның , жеке топтың жалпы көзқарасының бір бөлігін құрайтын саяси
көзқарасты алуға болады. Адамдардың саяси бағдарламаның ұнатушылығы мен жақтырмаушылығының саяси сипатына қоғамда
үстемдік ететін көзқарастар жүйесі , қоғам мен əлем туралы жалпы фундаменталдық көзқарастар үлкен ықпал етеді.