Мəдениет формалары
Дайындаған: Сисембаев Айхан
Мəдениет-əрбір халықтың ғасырлар бойы қордалап, сұрыптап,
електеп өткізіп жинақталған материалдық жəне рухани қазынасы,
игілігі, салт-дəстүрі, əдет-ғұрпы, діні, тілі, танымдық айшықтары,
көзқарастар жүйесі, халықтың өзіндік ұлттық қабілеті, басқа
халықтардан айырмашылығы жəне өзін əрі қарай өркендететін қайнар
бұлағы. Ол адамдардың рухани өмірінің барлық саласын қамтиды
жəне көркемдік, эстетикалық, тағылымдық, танымдық өрнектері
арқылы өзін əлемге паш етіп отырады.
Мəдениеттің түрлері:дін, құқық, өнер, саясат, ғылым, мораль.
Адамның мəдени қызметтерінің барлық түрлерінің ішінде діннің
маңызы орасан зор.
Дін мəдениеттануы
Дін адамның рухани шығармашылығының жəне қоғамның бір саласы
болып табылады.Ол адамдар тіршілігінің бір қыры ретінде оның
дүниеге, табиғатқа, қоғамға ерекше қатынасын білдіреді жəне адамның
өз-өзінен оқшаулануын жеңіуіне көмектеседі. Дін мəдениеттің маңызды
құбылысы.Адамгершілік мəселесі қойылып шешілген, жалпы адамзаттық
құндылықтар жүйесі нəр алған əлемдік əдебиеттің шығармалары оның
ерекшеліктеріне айналады.Əлемдік əдебиет, бейнелеу өнері, саз бүгінгі
күнге дейін діни сюжеттер мен тақырыптарды қамтып келеді.
Дінді мəдени құбылыс ретінде түсінуде оның шығу төркіні мен міндетін
түсіндіру маңызды рөл атқарады.Дінді əлеуметтік-мəдени құбылыс
ретінде арнайы пəн – дінтану зерттейді.Қазіргі дінтану мəдениеттанумен
ментальдықты зерттеу əдісіне тоғысады.Ментальдық — əлемнің
қабілетін жасайтын мəдени дəстүрлердің бірлігін нығайтатын ақыл-
ойдың, сенімнің жиынтығы.
Дін екі ғасыр бойы мұқият үйрену мен зерттеудің объектісі болып келеді.Діннің адам мəдениетіндегі орнын, яғни мəдениеттің дінді
тудыратындығын немесе діннің мəдениетті тудыратындығын түбегейлі іздеу мен пайымдау жүргізіліп келеді. Алғашқы мəдениет танушы
– теорстик жəне мəдениет тарихшысы болып неміс ағартушысы Иоган Гердер саналады.Оның «Адамзат тарихының философиясына
апаратын идеялар» жұмысын мəдениеттану білімінің бастауы деп атайды.Дін,Гердердің көзқарасы бойынша, мəдениеттің ең көне
элементі.Дін барлық халықтарға мəдени жəне ғылыми білімнің шымылдығын ашты.Діннің мəдениеттің дамуындағы озық рөлін
бағалауға ұмтыла отыра, Гердер египеттіктер мен басқа шығыс халықтарының, ертедегі барлық көзі ашық еуропалық ұлттардың –
этрустардың, гректердің, римдіктердің ғылыми білімді діни көзқарастардан алғандығын атап өтеді.Оның пікрінше, поэзия мен өнер, саз
бен жазу, агрономия жəне жыл санау, ізгілік пен мемлекеттік туралы ілім осылайша пайда болды.
Дж.Фрэзер өзінің басты «Алтын бұлақ» атты кітабында алғашқы діндер эволюциясы туралы өз көзұарасын білдіреді.Ол алғашқы
адамның көзқарасын жəне бұдан кейінгі діни сенімін, əдет – ғұрпын, тыйымдарын түсінуге мүмкіндік беретін жалпы идеялық жəне
психологиялық негізді табуға əрекеттенеді.Ал,кейінгі «Магиялар жəне діндер» теориясында адамзаттық ақыл – ойдың дамуының үш
тармақты схемасы туралы ережені қамтиды.Олар:магия, дін, ғылым.
Құқық
– мораль, саясат, экономика, өнер сияқты мəдениеттің ажырамас бөлігі.Құқық – сан қырлы түсінік. Ол үш түрлі мағнада
қолданылады. Алғашқысы – қоғамдағы аса маңызды қатынастарды реттейтін нормалар жиыны жəне оларды бұзғандығы үшін мемлекет
айып салады. Екінші мағнасы – жеке мүмкіндік, бұл мүмкіндікке заң кепіл береді. Бұл жерде əңгіме ар – ождан, дін бостандығы, еңбек
ету, білімалу сияқты адам құқықтары туралы болып отыр. Ең соңында біз «құқық» сөзін заңдық емес мағнада жиі қолданамыз. Бұл да
жеке мүмкіндік, алайда, заңда белгіленбеген.
Қазір бізге адамның қалыпты дамуы үшін қоғамның рухани мəдениетін игеру қажеттігі айдан анық болып отыр.Ол мəдениеттің
басқа түрлерімен қоса құқықтық мəдениетті де қамтиды.Олардың үйлесімі жеке адамның рухани дамуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |