Мәдениеттер Диалогі Бүгін сабақта



бет3/5
Дата08.02.2022
өлшемі36,35 Kb.
#124960
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
10 лекция Мәдениеттер диалогі

Назар аударыңыздар!
Этникааралық өзара әсер түрлі этностар мен олардың мәдениетінің бірігуінің (ассимиляция, интеграция) және бөлінуінің (трансмәдениеттену, геноцид, сегрегация) әртүрлі формасына соқтыруы мүмкін
Ассимиляция барысында этнос өкілдері өздерінің бастапқы мәдениеттерін жоғалтып, жаңасын игереді. Ассимиляция жаулап алу арқылы, аралас неке нәтижесінде және аз халықтармен олардың мәдениетін басқа үлкен этносқа қосу мақсатын көздеген саясат нәтижесінде жүзеге асады. Мұнда мына жағдайлар орын алуы мүмкін:
- біржақты ассимиляция – азшылықтың мәдениетін үстем мәдениет ығыстырады;
- мәдени араласу–этностардың мәдениет элементтері араласып, нәтижесінде олар тұрақты комбинациялар құрайды;
- толық ассимиляция–бір этнос басқа бір этносқа оның тілі мен салт-дәстүрін т.б. меңгеріп сіңіп, өзінің тілі мен мәдениетін және өзіндік бейнесін жоғалтқанда болады. Бұл сирек кездеседі.
Ел немесе аймақ ішіндегі бірнеше этностардың шаруашылық, мәдени қарым-қатынас, саяси байланыстар негізінде ортақ белгілер, соның ішінде жалпыға бірдей сана-сенім қалыптасады, бірақ халықтар мен мәдениеттер өзіндік ерекшеліктерін сақтайды.
Мәдени интеграция формалары былай бөлінеді:
- тақырыптық–бірортақ «тақырыпқа» негізделген адамның іс-әрекетін бағдарлауға бағытталған интеграция. Батыс еуропалық елдердің интеграциясы христиандық негізден шықса, ал ислам араб әлемінің негізгі интеграциясы болды;
- стилистік–бір стильге негізделген интеграция (экономикалық, саяси, ғылыми, көркемдік), ортақ мәдени принциптерді құруға ықпал етеді;
- логикалық–логикалық келісім негізіндегі мәдениет, ғылыммен философиялық жүйенің қайшылықсыз жағдайындағы интеграция;
- коннективтік–адамдардың тікелей байланысы нәтижесінде жүзеге асқан, мәдениеттердің өзара әрекеттері деңгейіндегі интеграция;
- функционалдық немесе бейімделгіштік–адамның және барлық мәдени қауымдастықтардың функционалдық тиімділігін арттыру мақсатындағы интеграция (қазіргі заманға тән әлемдік нарық, әлемдік еңбек бөлінісі және т.б.);
- реттеушілік–мәдени-саяси жанжалдарды реттеумен бейтараптандыру интеграциясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет