Трансмәдениеттену – этномәдени қауымның шағын тобы ерікті түрде немесе зорлықпен қоныс аударып, басқа мәдени ортасы жоқ, әлсіз немесе мүлде болмаған аймаққа орналасатын процесс. Уақыт өте келе осы шағын топ өзіндік мәдениеті қалыптасқан дербес этносқа айналады. Солтүстік Америкадағы ағылшын отаршылары өзіндік мәдениеті бар Солтүстік америкалық этностардың қалыптасуының негізі болды.
Геноцид–қандай да бір мәдени-этникалық топтарды толық немесе жартылай жою ниетіндегі әрекеттер: осы топ мүшелерін өлтіру, олардың денсаулығына ауыр зардаптар келтіру; бала туудың алдын алуға бағытталған шаралар қолдану; осы топ отбасыларының балаларын тартып алу, толық немесе жартылай жойылуға бағытталған тіршілік жағдайын жасау.
XX ғасырда орын алған 1904–1907 жылдары гереро және нама тайпалары ұшыраған, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде герман ұлтшылдарының еврейлермен сығандарға жасаған геноцидтерді тарихтан білеміз. Сонымен қатар 1994 жылы Руандада хуту тайпаларының тутсиларға жасаған геноциді, осының салдарынан тутси тайпасының 800 мың адамы қырылды.
Сегрегация (лат. segregatio–оқшаулау)–этникалық белгісіне қарай қандай да бір халықтың тобын еріксіз оқшаулау саясаты.