1.Дүниежүзі тарихы. Оқулық. 10 сынып.2 бөлім.Алматы «Мектеп» 2019жыл 139-141 беттер
2.Дүниежүзі тарихы. Оқулық. 10 сынып.2 бөлім.Алматы «Мектеп» 2019жыл 148,150,154 беттер.
3.Дүниежүзі тарихы. Оқулық. 10 сынып.2 бөлім.Алматы «Мектеп» 2019жыл 162-163 бет
№1
1.Дүниежүзілік мұра тізіміне уақытша негізде жер сілкіністері,қарулы қақтығыстар,бақылаусыз туризм сияқты табиғи немесе адам факторлары әсерінен жойылу қаупінде тұрған нысандар енгізілген.
2.1978 жылы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне ену үшін 6 талап болды,2002 жылытабиғи нысандарды бағалау талаптары толықтырылды.Қазір 10 талап: 6 мәдени талап,4 табиғи талап қойылады.
3.Мәдени мұра азамзаттық баға жетпес игілігі,сондықтан оны сақтау,қорғау әлемдегі бүкіл азамзаттың борышы деп санаймын.
№2
1. Мемлекеттік Эрмитаж мұражайы Санкт-Петербургте орналасқан Ресейдегі және дүниежүзіндегі ең ірі көркемсурет пен мәдени тарихи мұражайлардың бірі.Олардың ішінде Рембранд,Рубенс,Венн,Дейк,Франс Хальс сиякты шеберлердің еңбектері бар.Мұражай жинақтамасы тас ғасырынан бастап дүниежүзі мәдениеттің 3 млн-дай ескерткіштері мен өнер шығармаларын қамтиды.
2. Лувр мұражайы дүниежүзіндегі аса ірі және ең танымал көркемсурет мұражайы.Париждің орталығында орналасқан.Көпшілікке бірінші рет 1793 жылы 10 тамызда ашылды.Мұражайда 300 000-ға жуық жәдігерлер бар,олардың тек 35 000-ы ғана залда қойылған.Көптеген жәдігерлер қоймаларда ұсталады,өйткені сақталу талаптары бойынша келушілерге үш айдан артық көрсетілмейді.Лувр жәдігерлері мынадай коллекцияларға бөлінген:ЕжелгіШығыс,ЕжелгіЕгипет,ЕжелгіГрекия,Этрурия,Рим,ислам өнері,мүсін өнері,өнер заттары,бейнелеу өнерінің кескіндік өнер.
3. Египет ұлттық мұражайы-дүниежүзіндегі Ежелгі Египет өнері бұйымдарының ең ірі қоймасы. Каирдегі Тахрир алаңында орналасқан.Мұражай коллекциясында Ежелгі Египеттің барлық тарихи кезеңдеріндегі 160 мыңдай жәдігері бар.Негізі 1858жылы қаланды.Мұражайда бірнеше бөлім бар: Тутанхамон қазынасы,әр түрлі дәуірлердің зергерлік әшекейлері мен Танис жәдігерлері,әулеттікке дейінгі кезең мен ежелгі патшалық,орта патшалық Амарн кезеңін қосқанда жаңа патшалық,кейінгі және эллиндік кезең,Папирустар мен монеталар,саркофактар.
№3
1. сюрреализм- өнердің негізі деп (түйсік,түс көру,елес көруді),ал оның әдістері деп логикалық байланыстардың үзілуін,олардың еркін қауымдастықтармен алмастырылуын санады. Ол 1920 жылы қалыптасты.
2. кубизм- қарапайым геометриялық форманың пайда болуы мен күрделі форманың қарапайымға ыдырауы-куб,конус,цилиндарға,сосын олардан кеңестіктің көлемді формасына ауысуы болды. Кубизм суреттерінде басқа бейнелеу ағымдарындағыдай ашық түсті,қанық бояу қоданылмайды,солғын қоңырқай,көк-жасыл түстер қолданылады.
3. футуризм- өзгерістер мен жылжуларды пайдалана отырып, суретшілер бүгінгі адамның сан қырлы сәттерін бейнелейді. 20ғ басында Италияда пайда болды.
4. Картиналардың қалдырған әсері:Ерекше әсер қалдырады, суретші ойын бірден түсіну қиын,бірақ көрерменді қызықтырып, сезіміне әсер етіп,оның қиялын дамытады деп ойлаймын.