МӘдениеттің ҚОҒАМҒа және қазіргі мемлекеттің тиімді дамуына ықпалы



Дата21.10.2019
өлшемі21,57 Kb.
#50401
Байланысты:
МӘДЕНИЕТТІҢ ҚОҒАМҒА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИІМДІ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ
МӘДЕНИЕТТІҢ ҚОҒАМҒА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИІМДІ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ, МӘДЕНИЕТТІҢ ҚОҒАМҒА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИІМДІ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ, Инструкциялық карта №1, 4практикалық сабақ, менеджмент, Силлабус Әлеуметтану-Саясаттану (1), kazedu 201595
МӘДЕНИЕТТІҢ ҚОҒАМҒА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИІМДІ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ
Бүгін әлемде бәсекеге қабілеттілік дегеніміз тек экономикалық даму, халықаралық бастамалар мен жобалар емес, бәсекеге қабілетті мәдениетті қалыптастыру, өз мәдениет жетістіктерін әлемге таныту.

Бүгінгі күнде Қазақстан бай мұнай қорымен, ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан және жаппай қырып-жою қарудың тарауына қарсы, атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалануын қолдайтын ел ретінде әлемге танымал. Бұл образ Қазақстанның ұлттық брендісіне айналды, осының арқасында әлемдік және аймақтық процестерге еліміз белсенді қатысып келеді.

Қазақстанның дамуындағы жаңа кезең - қазақстандық мәдениеттің үздік үлгілері арқылы елді әлемге танылу. Сондықтан, ұлттық мәдениетті мейлінше кең түсіну үшін оған ғылымды, әдебиетті, бейнелеу өнері мен музыкалық шығармаларды, театрды, киноны және тағы басқаларды қосып қарау керек.

Мәдениеттің, халық шығармашылығын, тарихтың, музыканың, әдебиеттің, бейнелеу өнерінің, театрдың, киноның және тағы басқалардың үздік үлгілерін алға тарту Қазақстан туралы жағымды ассоциацияны қалыптасуына әсерін тигізеді.

Заманауи мәдениетті алға қарай дамыту үшін оның формасы мен мағнасына мән беруге тиіспіз. Қазіргі жас авторлардың жұмыстары, жобалары, 3D мұражайлар, ғылыми көрмелік экспозициялар, электронды кітапханалар халықаралық деңгейде қолдау табуы керек. Осындай түрде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобаларды алға жылжытып іске асыру қажет.

Сондықтан ұлттық мәдениеттің үздік үлгілерін таңдаумен қатар оларды халықаралық аренада насихаттайтын тиімді механизмді табу керек. Заманауи Қазақстанның ғылыми және әдеби жетістіктерін наихаттау жолының бірі оларды әлемдік тілдерге аудару. Бұл істе мемлекеттік емес Ұлттық аудару бюросының рөлі маңызды.

Әлбетте, мұндай ауқымды масштабтағы жобаны іске асыру үшін мемлекеттің қолдауы қажет және министрлік пен ведомствалардың, мәдениет және спорт, білім мен ғылым, ақпарат және коммуникация, сыртқы істер министрліктері, облыстық және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері, сонымен қатар қоғамдық ұйымдар мен зиялы қаум бірлесіп қимылдау керек.

Атап айтқанда, сыртқы істер министрлігі ақпараттық жұмысқа бөлінген бюджеттің бір бөлігін шетелде ұлттық мәдениетімізді насихаттауға жұмсауға тиіс. Елшілік пен дипломатиялық өкілдіктердің жұмыстары тиісінше ведомстваның алдында тұрған міндеттерді іске асыруға бағытталады.

Өз кезегінде, қазіргі қазақстандық мәдениетті шетелдерде көрсету үшін мәдени брендтерді таңдап, баға беретін жүйе әзірленеді.

Қазіргі кезеңдегі тарихи білім берудің жаңа жүйесі, өзін-өзі дамытуға бағытталған, жалпыадамзаттық құндылықтары басым мамандарды даярлауды өз алдына міндет қойып отыр. Ауқымды өзгерістер, мәселелік тұрғыда негізделген білім берудің трансформациясын талап ететін, қоғамдық сананың жаңғыруымен қоса жүргізіледі. Қазақстанның қазіргі заман тарихын теориялық және практикалық түрде зерттеудегі материалдың орналасу алгоритмі, тарихи үрдістің даму серпінін түсінуге мүмкіндік беріп, қоршаған әлемде этникалық, әлеуметтік және мәдени өзін-өзі сәйкестендірудің құндылықты бағдарын қалыптастырады. Әлемдік білім беру жүйесінің ізгілендіру жағдайында, ҚР Президенті «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап өткендей, өзінің мәдениетінің, ұлттық кодының бейнесі болып табылатын, «жаңа үлгідегі жаңғыру» қазіргі қоғамда ерекше рөлге ие.

«Мәдени мұра» мен «Халық тарих толқынында» атты мемлекеттік бағдарламалардың табысты жүзеге асырылуы, тарихи білім шегінің өрістеуіне мүмкіндік бере отыра, қоғамдық сананың өзгеруіне және мықты әрі жауапты адамдардың біртұтас Ұлтының қалыптасуына бағытталған, іргелі жұмысына алып келді.

Біздің елдің қазіргі кезеңдегі дамуы Қазақстанның үшінші жаңғыруы деп сипатталып, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін, экономикалық өсімнің жаңа үлгісін қалыптастырады. Экономиканың жаңғыруы сананың жаңғыруымен тығыз байланыста, Қазақстанның әр азаматы, бүкіл елдің дамуының сапалы жаңа деңгейіне өту үшін өзгерістердің қажеттілігін түсінуі керек. Қазақстандық қоғам мақсаттардың сәтті жүзеге асырылуы үшін рухани және идеологиялық негізге ие болуы керек. «Рухани жанұя» бағдарламасы рухани және мәдени дәстүрлердің сабақтастығына негізделетін қоғамдық сананы жаңғыртудың механизмдерін көрсетеді. Өз халқының тарихын білу ауқымды түрде қабылдау мен қайта ойлай білу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Егер тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мәдениеттің тарихи миссиясы қазақ халқының мемлекеттілігін қайта дамытуының негізін жетілдіруге бағытталса, қазір оның міндеттері Қазақстанның орнын қазіргі заманғы әлемдік мәдениет процестерінің жүйесінде айқындау болып табылады.

Қазақстандағы қазіргі мәдени процестер көпқырлы және әр алуан. Оның астында қазіргі таңда дамып жатқан өнердің түрлері мен жанрын қоса алғанда, өзгерістердің, инновациялардың, білім берудің, ғылымның және мәдениеттің әртүрлі салалары мен аясын қамтитын түбегейлі қайта құрылудың кең көлемдегі спектрін түсінуге болады. Тарихи жағдайларды кешендендіру себебінде Қазақстан саяси этникалық қоғамы бар мемлекет болып табылады. Сондықтан бұл жердегі мәдени процесс өзіне ұлттық өзара іс-қимыл жасасумен және өзара ықпал етумен байланысты құбылыстарды таңдайды.

Қазақстанда, оның аумағында орын алып жатқан алуан түрлі саяси, тарихи, қоғамдық-экономикалық өзгерістердің арқасында адамзаттың рухани мұрасындағы ең жақсыларын сіңіріп алуға мүмкіндігі бар берекелі тетік әзірленді.

Қазақстанда 1980 жылдың екінші жартысынан бастап қалыптасқан мәдени процестер бір жағынан алып қарағанда тоталитарлық жүйедегі кеңестік дағдарыста, партияларда, әлеуметтік реализмде көрінді.

Елдің мәдени дамуы қиындықтар мен коллизияларда жаңа тәуелсіз мемлекеттің құрылуымен сипатталады. Мәдени мұраға жүгіну ұлттық мәдениетті дамытуда этнодифференцияциялау функцияларын анықтау міндеті келген кезде ерекше өзектілікке ие болады.

Біздің жүз жылдығымыздағы психология ауқымды идеяларда, үлгілерде немесе идея жүйелерінде және санасыздық сферасынан адамдардың ойлау қабілеті шығатын үлгілерде анықтау қиындыққа соқтыратын архетиптер туралы бірнеше рет ойлады.

Ұлттық ертегі, мифология, ертедегі заңдар, сәулет, әдебиет, тарих, мәдениет, әуен және т.б. әрбір адамның сана-сезімінде тарих пен мәдениеттік өзіндік бағасын, сондай-ақ «Біз» және «Өзгелер» деп бөлуді тудыруға мүмкіндік туғызатын,  құпия құбылыс арқылы бейнені қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Мұндай архетипсіз ұлттық ой, әлемнің ұлттық бейнесі, ұлттық рухани және материалдық мұра туралы айту тіптен мүмкін емес.

Қазіргі таңда Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың тепе-тең субъектісі ретінде өркениетті қалыптасуы, оған республика берген, халықтың мәдени байлығындағы орны мен рөлін терең ойлауды талап етеді. ЮНЕСКО қабылдаған «Бүкіләлемдік мәдениет және табиғи мұра туралы конвенцияға», сондай-ақ «Мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы ұсынымға» сәйкес, осы саладағы нормативтік жүйелердің реттелуін сақтауға және айрықша құзыретке жауап беру мемлекеттік құрылымның арқасына жүктелген.

Алайда, кең жұртшылықты тарта отырып, жалпы ұлттық деңгейде куәландыруды жүргізу және тілді, материалдық, интеллектуалдық және рухани жетістіктерді сақтау мен дамыту тұрғысында тарихи-мәдени мұраларды анықтау қажеттілігі туды, оның негізінде қазақ халқының қазіргі заманғы этникалық бейнесі қалыптасады.

Барша адамзаттың ізгілік құндылықтары контекстінде қазақстандық қоғамның тарихи-мәдени мұрасына салыстырма талдау жасау тек қана имманентті әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымды байытуға ғана емес, сондай-ақ Қазақстанды қазіргі әлемде бірегей тарихы мен мәдениеті бар ел ретінде көрсетуге мүмкіндік туғызады.

XXI ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық қарқында қол жеткізген жетістіктері  мәдени процестерді дамытуға болмай қалмайтын оң ықпал көрсетті. Қазіргі Қазақстандағы мемлекеттің және мәдениеттің жемісті диалогы ретінде «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын есептеуге болады.

Осы Бағдарлама міндеттері елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру;  көркем және ғылыми толық дестелерiн шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту; әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің негiзiнде гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру; eлдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларын қалпына келтiру мен қазiргi заманғы аудиотаспаларға көшiру болып табылады.

ХХ ғасырдың 80 жылдарының екінші жартысынан бастап философия, тарих, құқықтану және т.б. салалардағы әлемдік ғылыми ойдың негізін қалайтын еңбектерді, сондай-ақ қазақ тіліндегі аудиторияларға арналған көркем әдебиеттерді шығару тоқтап қалды. 

Осыған байланысты, өскелең ұрпақты қазақстандық отаншылдық рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтаңдақтарды жабу, сондай-ақ қазақ халқының сан ғасырлық рухани тәжiрибесiн қорыту мақсатында мемлекеттік тiлде тарихи, көркем, ғылыми толық дестелердi шығарудың мәселелерi ерекше өзектi болып отыр.

Жоғарыда аталған проблемаларды осы Бағдарламаның шеңберінде кешенді шешу Қазақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және жария ету жүйесін одан әрі дамытуға мүмкін туғызады.

Әрбір бағыт бойынша жобаның бас қосымша орындаушысы мәртебесін анықтау керек. Ең алдымен, бұл жазба ескерткіштері мен елеулі деген шығармаларды таңдап алу және жүйелеу. Бұл жағдайда, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі саласына қатысы бар сарапшыларды, жоғарғы білікті аудармашыларды және ғылыми редакторларды, мамандарды іріктеу мәселесі алға шығады.

Кейбір жағдайларда, жұмыс бірнеше рет тілдік өңдеуден өткізуді (шет ел тілінен орысшаға, ал одан соң орысшадан қазақшаға аудару), сонымен қатар көлемді ғылыми түсініктер мен түсіндірулерді қажет етті.

Бұл үшін уақыт пен нарық талабына сәйкес келетіндей материалдық-техникалық база құрылуы қажет. Көрсетілетін қызметтің ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз етілу мәселелері тиянақты шешілуі тиіс.

Себебі кейде материалды өткізетін мерзімде, әсіресе көне тілдерден аударылғандарды теретін компьютерлік технология саласындағы мамандардың болмауы келеңсіз жағдайлар тудырады. Осы жерде айта кетер жайт, оларды пайдалану мен еңбегі үшін төлемақысы да жобада қарастырылмаған.

Ұлтымыздың тарихы мен мәдениетін жаңғыртуда, халқымыздың мәдени мұрасының өзіндік құндылықтарын қайта екшелеп, жүйелеуде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының ерекше маңыздылық танытып отырғандығы баршамызға аян.

Қазақ елінде, бүгінгі жаңарған Отанымыздың тағдыр шешті кезеңдерінен бірге қайнасып өткен, тарихы терең, халқының рухани байлығы әр заманда биіктен көрінген Қостанай мен Арқалық өлкелерінде «Мәдени мұра» Ұлттық стратегиялық жобаның өзекті мәселелеріне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу біздің еліміздің экономикалық, әлеуметтік-саяси және мәдени даму бағытына сай жауап беретіндей дер кезіндегі және нақты жасалынған іс-шара болып есептелінеді.

ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық даму қарқыны мен жеткен жетістіктері мәдени үрдістердің ілгері жылжуына зор әсерін тигізді.

Егер тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мәдениеттің тарихи миссиясы қазақ халқының мемлекеттілігін қайта дамытуының негізін жетілдіруге бағытталса, қазір оның міндеттері Қазақстанның орнын қазіргі заманғы әлемдік мәдениет процестерінің жүйесінде айқындау болып табылады.

Біздің мемлекетіміздің егеменді және тәуелсіз даму процесін бекіту мен жетілдіру ісіне Қазақстанның мәдениет және өнер жанры саласындағылармен қоса барлығы өзінің қолдан келген үлесін қосуда.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Назарбаев Н.  Қазақстанның ел бірлігі Доктринасы // Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты http://www.mk.gov.kz/kaz/doctrina 10.11.2014 ж.

2.Қасабек А.Қ. Өркениет және ұлттық философия // О философской школе Казахстана. – Алматы, 1999. – №3.  – 5-6 бб.

3. Кул-Мухаммед М. Основы национального бытия // Казахстанская правда. – 2004. – август – 20.

4.Жұртбай Т. Өлімші халықты тірілткен Мәңгілік ел нысанасы // Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер. – Алматы: Ғылым, 2001.

5.  Менлибаев К.Н.  Роль национальных традиции  в патриотическом воспитании: Автореф. … канд. филос. наук. – Алматы, 1995. – 29 с.



6. Мәдени мұра: Қазақтың тарих айту, сақтау дәстүрі және оны жаңғырту жолдары // Қошқар ата конференциясының материалдары. – 2005.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет