«Семиосферада» жинақталған ғалымның таңдаулы еңбектері оны төрткүл дүниеге танытты. Таңдалған кітапқа кірген монографиялар («Мәдениет және жарылыс», «Ойшыл әлемдер ішінде»), түрлі жылдарда жарық көрген мақалалары, бүгінгі таңда қайтадан ғылыми айналымға еніп, гуманитарлық білім мамандары үшін орасан мүмкіндік алаңын тудырып отыр. Бүгінде әлемнің озық жоғары оқу орындарында семиотика дербес пән ретінде жүргізіледі. Таңбалар туралы ілімге деген қызығушылық ең алдымен ақпарат алмасу, ғылыми дискурс һәм мәдени таным тұрғысынан аса маңызды. Бүгінде біз мәдени, ұлттық, тарихи код туралы оның түпкі мәніне бойламай жиі сөз қозғаймыз. «Семиосфера» бұл түсініктердің түпкі механизмінен бастап, таралу тәртібіне дейін айқындап береді. Таңбалар туралы ілім – өнер мен өмірдің, ұлт пен мәдениеттің, тарих пен тіл білімінің, адам баласының ақпарат алмасу қағидаттарының мәнін тайға таңба басқандай түсіндіреді. Мәселеге, оның бастапқы міндеті тұрғысынан қарауды үйретеді.