Мәдениеттік семиотика



Дата10.11.2022
өлшемі382,63 Kb.
#157687
Байланысты:
Презентация мәдениеттану семиотикасы
ГЗН пр, Мәдениет 5-Дәріс Қазақстан көшпелілері мәдениеті (копия), л6, Дип.-Маркетинг-жүйесіндегі-тауар-және-тауар-саясатыь-БК-«Беккер-және-К»-ЖШС2008, 457853.pptx, Эссе тақырыптары 2, stud.kz-112016

Мәдениеттік семиотика

Жоспар:

Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады.Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.

  • Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.

Семиотика— таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт – дәстүр , кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылым

Семиотика таңба мен белгілерді зерттейді. Таңбаның тарихы, мағынасы, қандай мақсатпен бұл таңбаның салынғаны – семиотика. Семиотика ғылым саласын қазіргі таңда – лингвистикада, математикада, әдебиетте, сәулет өнерінде, көркем суретте, пәтерді жобалауда пайдаланады

Семиотика үш топқа бөлінген: Бірінші топ таңбалық – иконы. Бұл таңба мен таңбалық объект арақатынасы. Мысалы: «портрет»нақты адамды бейнелеу.Екіншісі таңбалық – индексы. Кеңістік пен уақыт аралығындағы таңба мен белгіленетін объект. Оған мысал келтірер болсақ: «түтін» оттың белгісі, «жол көрсеткіштер».Үшінші топ таңбалық – символ. Таңба мен объектің арасындағы конвенционалды келісім. Бұл таңбалық – символға келісім, салт – дәстүр немесе жай ғана кездейсоқтық жатады

Таңба (знак; character, symbol) — есептеуіш техникасында қолданылатын алфавиттің жеке символы. Арифметикалық амалдар таңбасы (знак арифметической операции; arithmetic operation character) — арифметикалық амалдарды анықтайтын алфавит белгісі (әдетте, +,-,*,/ ). Таңба - әлеуметтік хабардың материалдық көрсеткіші

Таңба түрлері 1.Белгі таңба - заттардың өз бойындағы, одан бөліп алуға болмайтын белгісі (дене қызуының көтерілуі - адам ауруының белгісі); 2.Жазуға дейінгі белгілер - жазу пайда болғанға дейінгі ауызша жеткізілетін хабардың орнына немесе соған қосымша қолданылған түрлі заттардың символикалық мағыналары; 3.Тыныс белгілері - сөздердің сөйлемдегі қызметіне қарай сөз соңынан немесе сөйлемдерден соң қойылатын белгілер; 4.Тілдік таңба; 5.Диакритикалық белгілер - жеке әріп (графема) мағынасының мәнін өзгерту немесе нақтылау үшін қолданылатын белгілер. Олар жол үстінде, астында, кейде жолдың ішінде қолданылады. Мысалы, көне славян тілінде жол үсті. Диакритикалық белгілер «титло» сөзінің қысқартылып жазылуын және кейбір дыбыстардың түсіп қалуын көрсету үшін кең пайдаланылған. Диакритикалық белгілер әріпке жаңа мағына беру үшін қолдануы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет