МӘдібаева қанипаш қайсақызы



бет21/22
Дата31.12.2019
өлшемі1,9 Mb.
#53947
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Қорытынды


Әдебиет теоретиктері атап көрсетіп отырған дәуірдің стилі болады. Дара суреткердің стилі болады.

“Қысқасы, осындай көп-көп сыбайлас сырлар, ұқсас сипаттар бір емес, бір топ жазушының бүкіл суреткерлік өнеріндегі белгілі бір уақыт пен кеңістікке сай идеялық-көркемдік бірлікке әкеледі. Дәл осы бірлік – әдеби ағым...

... стиль – бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болып, ағым – бірнеше жазушыға тән творчестволық бірлік; стиль – әр жазушының дара қасиеті болса, ағым – әр алуан жазушының ортақ сипаты; стиль – жалқыға тән ұғым болса, ағым – жалпыға тән ұғым; стиль – әр жазушының әдеби беті болса, ағым – әр жазушының әдеби бағыты”, – дейді З. Қабдолов [23, 355 б.].

Әдеби ағымдар – дәуірдің стилін, көркемдік бағытын көрсетеді. Стильді дәуірмен бірге туған ағым жасайды.

“Қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясына терең талданып қалыптаса қоймаған ғылыми тұжырымдардың бір парасы поэтиканың көркемдік мерзім санатындағы ерекшеліктеріне қатысты.

... Әдебиеттің ежелгі дәуірі мен жаңа ағымдары арасындағы бірлік пен жаңашылдық мәселесінде көркемдік уақыт категориясының ерекше орны бар” – дейді Асқар Егеубай [3, 195 б.].

Сол уақыт категориясын қамтып жатқан және бір нақты әдеби дәуір,кезең – ХІХ ғасыр.

ХІХ ғасырдағы әдебиет үлгілеріне, көркемдіктің уақыт категориясында өзгешелік-даралығына тоқталғанда айрықша атап өтер бір әдеби құбылыс – ол Шәңгерей Бөкеевтің шығармашылығы.

1959 жылғы конференцияда Ш. Бөкеевтің творчествосына қатысты
М.С. Сильченко мен З. Ахметов мәселенің қойылымына орай сөз қозғағаны белгілі.

З. Ахметов өзінің қосымша баяндамасында Шәңгерейдің қазақ әдебиеті тарихындағы орнын биік ғылыми өре, ерекше теориялық таным, талғаммен тайға таңба басқандай, айқын тұжырымдаған болатын: “Шәңгерей


ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, дамыған қазақтың жазба әдебиетінің өкілдерінің бірі. Ол қазақ поэзиясында жазба әдебиет дәстүрін орнықтыру, көңіл күй, махаббат, табиғат лирикасы сияқты поэзияның кейбір жанрлық түрлерін дамытуға едәуір үлес қосқан ірі суреткер ақын” [93, 202 б.].

З. Ахметов қазақ поэзиясында терме, толғау, жыр, дидактикалық өлең түрлері мол еді. Шәңгерей сыршыл лириканы, суретті бейнелеу тәсілін дамыта түсті деп, оның шығармашылығының салмақты жағы осы дейді. Оның шығармасы кең сахара саясын, шалқыған шалқар көл айдынын, күн нұрымен күмістенген су толқынын көзіңе көрсеткендей, майдалап ескен самал желдің лебін сезіндіріп отыратын лирикалы жыр. Шәңгерейдің ақындық сезімі терең, өлеңі – қызуы үзілмей, жалыны басылмай жанатын сәулелі өлең.

Шәңгерейдің ақындық өнері өнімді. Ол дәстүрлі әдебиеттің көркемдік байлығын жазба поэзияның өмір суреттеу тәсілдерімен ұштастыра алған ақын...

ХІХ ғасыр әдебиетінің көркемдік жүйесі қарастырылған бұл еңбекте Шәңгерейдің ақындығын арнайы қарастырудың қажеттілігі сияқты, басқа да жеке ақындар шығармашылығының құндылық, өзгешелік сипаттарын айқындай түсу қажеттілігі де айқын сезілді. Тақырыпты, мәселенің қойылымын жалпы тарихилық, тарихнамалық негіздемелер аясында ұамту қажеттілігі – келешек кең өрісті ғылыми зерттеулердің қайсыбір мәселелерін атап көрсетіп отырумен шектелуге міндетті.

Сол негізде диссертациялық еңбек мазмұны қамтыған нақтылы мәселелер бойынша төмендегідей қорытынды жасалды:

– ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде нәзира дәстүрі орыс отаршылдығы жүргізген миссионерлік сипатқа қарсылық негізде туып, өрістегендігі айтылды.

Нәзира – ХІХ ғасыр қазақ әдебиетіндегі әдеби үрдіс, әдеби жанр, дәстүрлі әдеби әдіс, тәсіл, әдеби дәстүр есебінде танылды.

– ХІХ ғасырда дәстүрлі айтыс өнері байырғы суырыпсалмалық сипатынан ажырай бастады. Айтыстың жаңа жазба, шығарма айтыс түрлері дамыды. Шығарма айтыс бір ақынның екі немесе бірнеше адам атынан айтыс мәтінін өзі шығаруы. Еңбекте ХІХ ғасырдағы айтыстың ауыз әдебиеті, фольклорлық жанр есебінде ғана қарастырылмауы қажеттігінің көркемдік қисын, негіздері атап көрсетілді. Айтыс түрлерін жүйелеудің шарттарына қатысты өзіндік ой-пікірлер айтылды.

– ХІХ ғасырдағы ән өлеңнің жанрлық табиғаты жайлы ғылыми негіздемелер жинақтала қарастырылып, сол негізде ХІХ ғасырдағы ән өлеңнің қайсыбір үлгілері (мәселен, Абайдың әнге арналған өлеңдері, Жаяу Мұсаның ән өлеңдері Қ.М.) қазақ өлеңінің жаңа түрі есебінде, Шоқан Уәлиханов зерттеуінде негізделген “қазаққа соңғы елу жылда татарлар арқылы енген өлеңнің” бір түрі есебінде танылды.

– Айтыстың, ән өлеңдердің өнертұтастығы (синкретизм) есебіндегі ерекшеліктері ХІХ ғасырдағы әдебиет үлгілері арқауында айқындай түсуге арналған негіздемелер жасалды.



– ХІХ ғасырдағы зар заман поэзиясының әдеби ағым, бағыт, сарын, әдеби стиль жөніндегі тарихилық негіздері айқындала түсті. М. Әуезовтің зар заман әдебиеті, зар заман ағымын негіздеуіндегі Махамбет Өтемісұлы, Ыбырай Алтынсариннің зар заман дәуіріне қамтылу қисындарына байланысты ойтүрткі пікірлеріне назар аударылған ой қосылды.

  • ХІХ ғасырдағы әдебиет үлгілерінің жанрлық даралық сипаттарын қазақ әдебиеттану ғылымының зерттеу нәтижелерін негіз ете отырып көркемдік ерекшеліктер жөнінен айқындай түсудің жөндері қарастырылды.

  • Сол негізде ХІХ ғасырдағы әдебиет үлгілерінің ауыз әдебиеті, ауызша әдебиет, жазбаша әдебиет, жаңа жазба әдебиет түрлері есебіндегі өзгешелігін айқындай түсудің мәселелері қозғалды.

  • Қазақ әдебиетінің теориялық тарихын қалыптастырудағы ХІХ ғасырдағы әдебиет нұсқаларының әдебиет фактісі есебінде тарихи маңызы нақтылы мәселелер аясында, өлеңдегі түр өзгешелігін тану, айқындау мәнінде аталып көрсетіліп отырды.

  • Махамбет Өтемісұлы поэзиясының зерттелу тарихы жүйеленіп, махамбеттану нәтижелерінің қазақ әдебиетінің теориялық тарихын жасаудағы түпкілікті қисындары нақтылы көрсетілді. Махамбеттанудың ендігі өрісі, өзекті мәселелері қозғалды.

  • Ыбырай Алтынсариннің қазақтың рухани тарихындағы, ХІХ ғасырдағы қазақ оянушылығындағы тарихи орны ендігі уақыт өлшемімен саралана түсті. Ыбырайдың ағартушылық, қайраткерлік еңбегі мен қазақ көркем сөзінің жаңа сапаға ойысуындағы мазмұнды мәні нақтылы ой ауқымында ашыла түсті. Жаңа жазба әдеби тіл, жаңа жаза әдебиет жанрларын қалыптастырудағы өлшеусіз еңбегі шығармашылық мұра аясында айқындала түсті.

  • Абайтану ілімінің нәтижелері мен өзекті мәселелерін алға тарта отырып, сол негізде Абайдағы дін, дүниетаным жайы, Абайдың қазақтың жаңа жазба әдебиетінің қалыптасуындағы тарихи миссиясы, әдеби тіл, әдеби түр жөнінде әлде де індете зерттеудің қисындары қарастырылды. Абайдың қазақ әдеби тілін қалыптастырушы емес, жазба әдебиет стилінің туып, дамуындағы айтулы тарихи тұлға есебіндегі еңбегі айқындала түсті.

  • Абай поэзиясының өлеңдік құрылымы, үлгі, ұйқас жөндеріне орай танылу, бағалануына, абайтану ілімі нәтижелеріне сүйене отырып, Абай поэзиясының өлең өлшемі, өлең түрі негізінен көне Шығыс, ежелгі түрік әдебиетінен бастау алған деген байлам жасалынды.

  • Абай қара сөздерінің жанрлық сипаты жөнінен жаңа болжамдар жасалды.

  • Абай ақындығының айналасы мәселесіне қатысты абайтану нәтижелері жүйеленіп, сараланды.

  • ХІХ ғасыр әдебиетіндегі дәстүр, сабақтастық, өнертұтастығы, жанрлық жаңару, даралану үрдісі, әдеби дамудағы тарихи негіз ХІХ ғасыр әдебиетін зерттеудің негізгі нәтижелері тұтас ғылыми айналымға қосылып отырып, зерттеу мәселелері аталып, айғақталып отырып бір кезеңнің тұтас көркемдік талғам, танымы, сөз өнері есебінде арнайы зерттеу нысаны болды.

  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті жекелеген зерттеулерде саяси негізде екі кезеңге бөлініп қарастырылған уақыттар болды. Еңбекте ХІХ ғасыр әдебиетін көркемдік жөннен даралық сипаттарын айқындай түсіп отырып, бір дәуірдің әдебиет фактісі есебінде тұтас қамтып қарастырудың қисындары көрсетілді.

  • ХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелу тарихнамасы жеке ғалымдардың ғылыми еңбегінің үздік нәтижелері есебінде айқындала түсіп, әдебиеттанудағы кезеңдік өзгерістердің жайы, ендігі ғылым өрісі мәселелері қозғалып отырды.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет