Медицина факультеті



бет13/28
Дата29.04.2022
өлшемі327,67 Kb.
#141428
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
АҚЖ,

ЕСЕП 7.
56 жастағы әйел дәрігерге келесі шағымдармен келді: ұзақтығы 1,5-2 сағатқа созылатын, спазмолитикалық дәрілер мен ферменттер ішкенде басылатын, тамақ ішкенде немесе тамақтан соң бірденінен дамитын іштің жоғарғы бөлігінің “белдеме тәрізді” ауырсынуы, ішінің шұрылдауы, кебуі, әсіресе майлы қуырылған тағамнан кейін үлкен дәретке жиі баруы, салмақ жоғалту, әлсіздік.
Анамнезі: 7 жылдан бері өзін науқас деп санайды. Созылмалы гастритпен ауырады. Соңғы 3 айда көп мөлшерлі, қорытылмаған ас қалдықтармен, сасық иісті нәжіспен ішінің өтуі мазалайды. Соңғы өршуі ет қосылған, қуырылған бәліш жегеннен кейін басталған.
Объективті тексеру: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, ашушаң, тері жамылғылары бозғылт, құрғақ. Дене салмағы 48 кг, бойы 162 см. Тілінде ақ шөгінді, іші кепкен. Ішінің беткей пальпациясында эпигастрий аймағы мен сол жақ қабырға астында ауырсыну бар, іш бұлшық етінің кернеулігі жоғары. Мейо-Робсон, Дежарден, Шоффар, Губергриц нүктелерінде ауырсыну бар.
ҚЖА: эритроциттер 3,4×1012 , Hb 110 г/л, түсті көрсеткіш 0,9, лейкоциттер 8,8×109, ЭТЖ 18 мм/сағ.
Қан сары суында диастаза (Каравей тәсілімен) 50 мг/сағ×мл
Копрограммада: нәжісі ботқа тәріздес, жылтыр, сасық иісті, полифекалия, креаторея, стеаторея, амилорея.
УДЗ-де: ұйқы безінің өлшемдері үлкейген, контурлары тегіс емес, эхогенділігі әр түрлі, тығыздалу ошақтары бар.
1. Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.
2. Объективті тексергенде анықталған өзгерістердің даму механизмін түсіндіріңіз?
3. Қандай ауру деп ойлайсыз?
ЕСЕП 8.
65 жастағы әйел төс артында күйдіріп, жауырын аралығына тарайтын ауырсынуға, сілекей бөлінуінің көбеюіне, жұтынудың және құғақ немесе қою тағамның өтуінің қиындауына, көп мөлшерде қорытылмаған аспен кұсуға шағымданады. 5 жыл бойы ауырады, 2 апта бұрын жағдайы нашарлады, өткір (ащы) тағам қабылдаумен байланыстырады. Терісі бозарған, пульс 68 рет минутына, ырғақты. Іші сопақша пішінді, жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырсыну бар.
1. Науқаста қандай синдром анықталады?
2. Негізгі шағымдардың даму механизмін түсіндіріңіз?
ЕСЕП 9.
66 жасар науқас тәбетінің төмендеуіне, етті тағамға қарай алмауына, арықтауға, эпигасртий аймағында ауырсыну сезіміне, қан араласқан толығымен қорытылмаған аспен құсуға, тәулігіне 3 рет байқалатын қара түсті қоймалжың нәжістің бөлінуіне, жалпы әлсіздікке шағымданады. 20 жылдан бері ауырады, бір күн бұрын жағдайы күрт нашарлады. Пульс 100 рет минутына, ырғақты, толымдылығы төмендеген. АҚ 95/65 мм.сын.бағ. Терісі бозғылт, ылғалдылығы жоғарылаған. Тілі "лакталған», жарықтары бар. Іші ассиметриялы, сол жақ қабырға асты үлкейген. Іші жұмсақ, сол жақ қабырға астында терімен жабыспаған тығыз, беті тегіс емес түзіліс анықталады, ауырсыну бар. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс мәнді.
1. Науқаста қандай синдром анықталады?
2. Негізгі шағымдардың даму механизмін түсіндіріңіз?
ЕСЕП 10.
Науқас С., 45 жаста, кардиологқа келесі шағымдармен келді: тамақтанғаннан кейін пайда болатын, физикалық күш түсумен байланысы жоқ, нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылмайтын, төс артындағы күйдіріп ауырсыну, қыжыл, тамақтан кейін эпигастрий аймағында ауырлық, кернеп, басып тұрғандай сезім, жеген тамақ дәмімен және ауамен кекіру. 6 ай бойы ауырады, дәрігерге көрінбеген. Қарағанда: толық, терісі таза. АҚ 125/85 мм.сын.бағ., пульс 74 рет минутына. Тілі ақ түсті жамылғымен жабылған. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну бар. Науқастың айтуы бойынша нәжіс өзгеріссіз.
1. Науқаста қандай синдром анықталады?
2. Негізгі шағымдардың даму механизмін түсіндіріңіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет