Лабораториялық - аспаптық зерттеулер бойынша сұрақтар.
Протокол ФЭГДС № 1 Анестезия: лидокаин 2%-2,0 Өнештің өтімдігі еркін, кілегей қабаты бозарған. Кардий ашылып жабылады. Ас қазан қуысында өт, кілегей. Кілегей қабығы гиперемияланған, қатпарлары гипертофияланған, үлкен иілімінде 1.0*1,0 см көлемді ақ жамылғымен жабылған жара анықталады. Қалтқы өтімді. Он екі елі ішек пиязшығы дөнгелек пішінді.
Протокол ФЭГДС № 2 Анестезия: лидокаин 2%-2,0 Өнештің өтімдігі еркін, кілегей қабаты ал қызыл, төменгі үштен бір бөлігінде кілегей қабаты гиперемияланған. Кардий ашық, толығымен жабылмайды. Ас қазан қуысында кофе тәрізді тұнба. Кілегей қабығы гиперемияланған, қатпарлары гипертофияланған, кіші иілімінде 1.0*1,0 см көлемді терең қансыраған жара анықталады. Қалтқы өтімді. Он екі елі ішек пиязшығы дөнгелек пішінді.