Тақырыбы: Балалардағы май және тері асты шелмай қабатының құрылымы мен қызмет атқару ерекшеліктері. Май тінінің таралуының жастық және жыныстық ерекшеліктері.
Құрсақішілік дамудың 5-ші айында қалыптасуы басталады, бірақ максималды турде 8-9айда жетіледі. Ерте жастағы балаларда дене массасының 12%-ын, ал ересектерде 8%-ын гиподерма алып жатыр. Емізулі балаларда тері асты шел май қабатының құрамы анасының сүтінің майының құрамына ұқсас келеді. Соның арқасында тері асты шел май қабатында қатты май қышқылдары болады, сондықтан өмірінің бірінші жылында ұлпаның тургоры тығыз болады. Терінің жастық ерекшеліктері рН көрсеткішінің айырмашылығына байланысты. Балалардың терісі суға қанық болады. Жаңа туылған нәрестелерде су 80-90% болады (ересектерде 65-67%). Сонымен қатар оларда меланин аз болады, сондықтан терілері УК-сәулесі кезінде қорғанышсыз.