Педиатрия кафедрасы


Жүйке - іс әрекеті жақсы дамыған



бет3/5
Дата13.05.2023
өлшемі4,25 Mb.
#176662
1   2   3   4   5
Байланысты:
педиатрия 3апта 2
vthe
Жүйке - іс әрекеті жақсы дамыған.
Нормотрофияның белгілері Г. Н. Сперанский бойынша
Дене салмағы, ұзындығы, дене мөлшері қалыпты және олардың дұрыс дамуы.
Тері таза, нәзік, қызғылт барқыт түстес, тінінің тургоры жҽне кілегей қабықтарының түсі жақсы, бұлшық еттің серпінділігі, қаңқасы жақсы дамыған.
Асқа тәбеті жақсы, ас қорытуы және қабылдауы қалыпты, нәжісі қалыпты.
Ішкі мүшелерінің патологиялық ауытқулары жоқ
Жұқпалы ауруларға қарсылығы жақсы.
Гипотрофия – көбіне іштен туа пайда болған ауруларға байланысты әртүрлі зат алмасудың бұзылуына, ферментопатияға, даму ақауларына байланысты пайда болады. Гипотрофияның 3 дәрежесі бар:
І-дәрежелі гипотрофия – шел майы іштің алдыңғы бетінде азаяды, тканьдер тургоры кішкене төмендейді, терінің түсі өзгермейді. Салмақ жетіспеушілігі 10–20% мөлшерінде болады
ІІ-дәрежелі гипотрофия – шел майы денесінде, аяқ-қолында азаяды, ішінде жойылып кетеді, тек бетінде сақталады. Терісі бозғылт тартады, барқыттығын жояды. Салмақ жетіспеушілігі 20–30 % мөлшерінде болады.
Атрофия немесе III-дәрежелі гипотрофияда шел майы бетінде де жойылып кетеді. Тері құрғақ, аппақ-қудай болып, сұрғылт тартады, серпінділігі өте тҿмендейді. Салмақ жетіспеушілігі 30%-дан жоғары болады .
Паратрофия немесе артық тамақтану, конституциональды-алиментарлы жағдайларда, эндокриндік аурулардың белгісі ретінде байқалуы мүмкін. Тері және тер асты шел майын тексере отырып, таралған (жалпы) жҽне жергілікті ісіктің бар немесе жоғына кҿңіл аудару керек. Таралған (жалпы) ісіктер бүйрек ауруында болады. Бозғылт түсті жарқырап, тері беті қатты керіліп тұрады. Көбіне таңертеңгілікте бетінен басталады. Жүрекке байланысты ісіктер, әсіресе бала жүргенде, аяқтарынан басталады да, кешке қарай көбейеді. Ісік бетіндегі тері, әдетте көк түсті болып келеді.
Ісікті анықтау ҥшін астында тіреу болатын сҥйек бар аймақтарда (балтыр сҥйек, аяқ басының ҥсті жҽне т.б.) бас бармағымен басып қарайды. Басқанда біртіндеп жойылып кететін шҧңқыр пайда болуы тері асты шел майында ісік бар екенін білдіреді. Ісікті немесе ісінуді, сонымен қатар, маңдайда, кеудеде, белде анықтауға болады.
  • Гипотиреозда, терінің құрғақ болуымен қатар, балада тер астының қоймалжың ісігі байқалады. Ол бармақпен басқанда із (сай) қалдырмайды. Тері астына дәрі жібергенде немесе трахеостомия жасағанда тері астына ауа кетуіне байланысты ісік сықылды белгі байкалады. Тері астына кеткен ауаны пальпациялағанда сықырлап білінетініне байланысты ажыратады.
  • Жергілікті ісіктер ангионевротикалық немесе Квинке ісігі тәріздес аллергиялық болуы мүмкін. Олар көбіне маңдайда, қол-аяғында, көбіне бір жағында болады. Тез пайда болып, тез жойылып кетеді. Кейде бұндай ісіктер кейбір заттарға, дәрілерге сезімталдығы жоғары болғанда кездеседі. Кейде жойылып, бұғанадан төмен түсетін, мойын тер асты шел майының ісігі дифтерия сықылды жұқпалы балалар ауруларында кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет