Шел майының құрамының балалардағы ерекшелігі оның өзгергіштігіне байланысты, капиллярларға өте байлығы; май бөліктерінің дҽнекер тканьдерден тұратын аралықтарының жіңішкелігі жҽне жіктелмеген клеткалардың мөлшерінің көптігі (май клеткалары онша көп болмайды, бірақ олар кішкене және протоплазмасы үлкен болып келеді) болып табылады.
Мезгілі жетіп туған балаларда шел майы жақсы дамыған. Сондықтан, олардың денесі дөңгеленген томпақ болып келеді де, шабындағы, тізесіндегі, шынтағындағы тері қатпарлары терең болады. Бұл ерекшеліктердің тері асты шел майының қорғаныс және тағамдық заттардың қоры жұмысын атқаруда маңызы өте зор.
3 бір 10 Қыз балаларда Май тінінің таралуының жастық және жыныстық ерекшеліктері.
Тері асты шел май қабатының ерекшеліктер
1.Балалардың тері 2.Балалардың тері 3.Бір 4.Балаларда Балаларда Тері асты шел майын тексеру үшін қарау жҽне пальпация жүргізіледі. Қарағанда, тері асты шел майының даму дәрежесін және орналасуының бірқалыптылығын болжап, шеткі ісіктерді, олардың орналасқан жерін анықтауға болады. Пальпация (сипау): теріге қарағанда тереңірек сипап, тексеріп баға береді. Оң қолдың бас бармағымен сұқ саусағының арасына теріні жҽне тері асты шел майын ұстап, осы қыртыстың қалыңдығын төмендегідей өлшейді. Тері асты шел майының қалыңдығын кезекпен анықтайды екі жақ бетте, төстің жиегінің екі жағынан екінші қабырға аралықта, екі жақтан кіндік тұсында, санның және қардың ішкі бетінде, арқада – жауырын аралығында. Тері асты шел майының қалыңдығын калипермен 4 тері қыртысының (бицепс, трицепс үстінде, жауырын астында, мықын сүйегінің үстінде) қалыңдығы бойынша анықтаған жөн.