Медицина факультеті


Электролит және бейэлектролит ерітінділердің коллигативті қасиеттері. Рауль заңы. Рауль заңдарының салдарын анықтаңыз. Изотондық коэффициент



бет10/62
Дата01.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#155961
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62
Байланысты:
1. Ацидоз кезінде ш ыл к мек ретінде натрий гидрокарбонатыны е

7. Электролит және бейэлектролит ерітінділердің коллигативті қасиеттері. Рауль заңы. Рауль заңдарының салдарын анықтаңыз. Изотондық коэффициент.
Ерітіндіде иондарға диссоциацияланып, ток өткізе алатын заттар – электролиттер деп, ал ерітіндіде аз диссоциацияланып, ток өткізбейтін заттар электролит емес деп аталады. Электролит емес заттардың сұйытылған ерітінділері бір қатар қасиеттерге ие. Бұл қасиеттердің сандық өрнегі тек қана еріткіш пен еріген заттың мөлшеріне тәуелді. Мұндай қасиеттер коллигативті деп аталады.
Бірдей температурада ерітіндінің бетіндегі будың қысымы таза еріткіштің бетіндегі будың қысымынан аз болады. 1887 жылы француз ғалымы Рауль заң ұсынды.
Ерітінді үстіндегі еріткіш буының қысымының төмендеуі, Р (Рауль заңы, француз физигі, 1887 ж.).
po – таза еріткіштің буының қысымы, p – ерітіндінің бетіндегі қаныққан будың қысымы, N2 – еріген заттың мольдік үлесі.
«Ерітінді үстіндегі еріткіштің қаныққан буының қысымының салыстырмалы төмендеуі ерітіндідегі еріген заттың мольдік үлесіне тең».
Ерітіндінің қатуы және қайнауы. Әрбір сұйық заттың буының қысымы атмосфералық қысымға тең болған кезде, ол сұйық қайнай бастайды. Әрбір ерітіндінің буының қысымы қатты еріткіштің қаныққан буының қысымына тең болғанда, ерітінді қристалданады (қатады).
Ерітіндінің қайнау температурасының жоғарылауы, tқайнау

tқайнау = ЕСm


мұнда Е – эбуллиоскопиялық константа.


Ерітінділердің қайнау температурасының жоғарылауы еріген заттың моляльдік концентрациясына тура пропорционал.
Ерітіндінің қату температурасының төмендеуі, t қату

tқату= КСm


мұнда К – криоскопиялық константа.


Ерітінділердің қату температурасының төмендеуі еріген заттың моляльді концентрациясына тура пропорционал.

Осмос қысымы Вант-Гофф заңы арқылы анықталады: «Ерітіндінің осмос қысымы еріген зат сол температурада газ күйінде болып, ерітіндінің көлеміндей көлем алып тұрғанда туғызатын қысымына тең».


Р = СМ . RТ
Шала өткізгіш арқылы еріткіштің өздігінен ерітіндіге ауысуын (бір жақты диффузияны) осмос деп атайды. Шала өткізгіш дегеніміз су молекуласын өткізіп, еріген заттың молекуласын өткізбейтін заттар. Жануарлар мен өсімдіктер, әсіресе адам организмдерінің тіршілік әрекетінде осмос құбылысы маңызды орын алады.
Осмос қысымдары тең әр түрлі ерітінділер изотондық болып саналады. Егер бір ерітіндінің осмос қысымы екінші ерітіндінің осмос қысымынан үлкен болса, ерітінді гипертондық, ал кіші болса – гипотондық.
Медициналық және фармацевтикалық практикада 0,85 % NaCl, 4,5-5% глюкоза ерітінділері изотондық болып есептеледі, себебі олардың осмос қысымдары қан плазмасының осмос қысымына тең. Кейбір жағдайда, адам организміне ерітінділер құю қажет, осындайда құйылатын ерітінділердің осмос қысымы қанның, организмдегі клеткааралық сұйықтықтардың осмос қысымына тең болуы шарт, керісінше болса, «осмостық конфликт» пайда болады. Осындай осмостық конфликтердің нәтижесінде «гемолиз», «цитолиз», «плазмолиз» құбылыстары байқалады.
Егер организмге гипертондық ерітінді құйылса, эритроциттердегі су молекулалары сыртқа шығады, эритроциттер құрғап, жиырылады. Осы құбылысты «плазмолиз» деп атайды. Ал егер құйылатын ерітінді гипотондық болса, плазмадағы су молекулалары эритроциттердің қабыршағынан өтеді, олардың көлемі өсіп, эритроциттер жарылады. Осындай құбылыстарды «гемолиз» немесе «эритроцитолиз» дейді. Адам организміндегі қанның осмос қысымы тұрақты болып келеді және 36,6 С температурада 0,74-0,78 МПа-ға тең.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет