44. Электродтық потенциал туралы түсінік. Стандартты электродтық потенциал. Потенциометриялық титрлеу әдісінің маңызы.
Электродтық потенциал- электрод пен онымен байлансықан электролиттің(көбіне метал мен электролит ерітіндісі арасында) электрлік потенциалдарының айырымы.
Стандартты электродты потенциал мағынасы электродты реакция мүшелерінің активтілігіне байланысты емес және берілген электродқа қонстанта болады. 250С-ге қатысты стандартты потенциалдар (таблица өлшемдері); егер олар температуралық коэффициенттен, таблицадан табуға болады.Стандартты потенциалдар ерітінділердегі химиялық тепе-теңдікті есептеуге қолданылады. ПОТЕНЦИОМЕТРЛІК ТИТРЛЕУ
АНЫҚТАЛАТЫН ИОН ЖӘНЕ СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ТИТРАНТ АРАСЫНДАҒЫ ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯ ПРОЦЕСІНДЕГІ ГАЛЬВАНИКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТІҢ ЭКҚ- Н ӨЛШЕУ АРҚЫЛЫ ЭКВИВАЛЕНТТІ НҮКТЕНІ АНЫҚТАУ ӘДІСІ.
ПОТЕНЦИОМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУДІ
ҚОЛДАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
1.БОЯЛҒАН ЖӘНЕ ТҰНБА ЕРІТІНДІЛЕРДЕ САНДЫҚ
ӨЗГЕРІСТЕР ЖҮРГІЗУ МҮМКІНДІГІ;
2.ЕРІТІНДІ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ЗАТТАРДЫҢ
КОНЦЕНТРАЦИЯСЫНЫҢ САНДЫҚ АНЫҚТАЛУЫ;
3.ӘРТҮРЛІ РЕАКЦИЯЛАРДА ПАЙДАЛАНУҒА МҮМКІНДІК
БЕРЕДІ;
4.ӘДІСТІҢ СЕЗІМТАЛДЫЛЫҒЫ;
5.ЕРІТІНДІДЕГІ ЭЛЕКТРОЛИТТЕР ТИТРЛЕУГЕ КЕДЕРГІ
КЕЛТІРМЕЙДІ;
6.СУБЪЕКТИВТІ ВИЗУАЛЬДЫ ҚАТЕЛІКТЕРГЕ ЖОЛ БЕРМЕЙДІ;
7.ТИТРЛЕУ ПРОЦЕСІНІҢ АВТОМАТТАНУЫНА МҮМКІНДІК
БЕРЕДІ.
45. Салыстыру электродтары, олардың түрлері. Индикаторлы электродтар, олардың түрлері. Потенциометриялық титрлеу әдісінде титрлеудің соңғы нүктесі қалай анықталады?
Салыстыру электроды
Бұл типтегі электродтар ток күші әлсіз болғанда да, потенциалдың
тұрақты түрде болуын қамтамасыз етеді, өйткені электродтардың
потенциалын өлшегенде оларды үлгі ретінде қолданады.
Жалпы оларға қойылатын негізгі талаптар:
1) потенциалды анықтаушы электродты реакциялар термодинамикалық
тұрғыдан алғанда қайтымды болуы керек;
2) электродтар әлсіз поляризациялана алуы қажет, яғни одан ток өткенде
өз потенциалын өте шамалы ғана өзгертуі керек;
3) олар ұзак мерзім сақталып, әр түрлі жағдайларда жұмыс істегенде,
потенциал тұрақтылығын сақтап және жоғарғы қайтымдылық көрсетуі
керек.
Бұл шартты көптеген электродтар орындай бермейді, олардың арасынан кеңінен қолданылатындары: катион арқылы қайтымды сутекті, анион арқылы қайтымды, екінші текті сынапты электродтар: каломельді сульфатты, оксидті, хингидронды және екінші текті электроданион арқылы қайтымды хлорлы-күмісті. Сондай-ақ ерітіндімен түйісетін металды электродтар да қолданылады.
Индикатор электроды
Талданатын құрамдық заттың концентрациясы Нернст
теңдеуімен байланысқан кезде индикаторлы электродтың
потенциалы салыстыру электродына қатысты анықталады.
Олар мына шарттарға сәйкес болуы керек:
1) электрод потенциалы тез қайталанып, оңай қалыптасуы; 2)
кейбір жағдайларда электрод қайтымды болуы;
3)электрод ерітіндідегі заттармен әрекеттеспеуі керек.
Талдаудың потенциометрлік әдістерінде индикаторлы электрод
ретінде металл және жарғақты электродтар қолданылады.
Индикатор электродының қатарында талданылатын жүйенің
редокс-потенциалын өлшеуде пайдаланылатын электродтың
мәні ерекше. Бұл мақсат үшін асыл металдарды жиі қолданады,
мысалы, платина, алтын, иридий, сондай-ақ көмір не графит.
Потенциометрлік титрлеу Эквиваленттік нүктені табуға негізделген титрлеу реакциясына қатынасқан қосылыстың тек біреуі ғана электродты құбылысқа араласатын болғанда, эквиваленттік нүктенің маңында индикаторлы электродтың потенциалы өзгереді. Айталық қышқылды - негізді әдіс бойынша титрлегенде, шыны электродын хлоридті хлор-күміс арқылы жүзеге асырады. Мұндағы реакциялар тез өтіп, соңына дейін толық жүреді. Жалпы потенциометрлік титрлеуді жүргізу үшін талданатын ерітіндідегі индикаторлы электрод пен салыстыру электродынан тұратын тізбекті жинақтайды.
Соңғы нүктені анықтау. Суретте титрлеу қисықтары мысал ретінде келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |