этантиол натрий этантиолы
Жұмсақ тотықтырғышты пайдалану дисульфидтердің түзілуіне алып келеді. Тиолдардың тотығу және оған кері процесс тотықсыздану реакциялары биологиялық жүйелерде ерекше орвн алады.
2R-SH R-S-S-R
тиол дисульфид
Тиоэфирлер — күрделі эфирлердің күкіртті аналогтары — классикалықорганикалықхимияда колданылуы шектеулі, бірақорганизмде манызды роль атқарады. Табиғаты акуыз болатын, көптеген ферменттердің катализдік белсенділік көрсетуі үшін, кұрылысы әртүрлі болып келетін төменгі молекулалы табиғаты акуызсыз органикалык косылыстар, коферменттердің қатысуы қажет екендігі белгілі.
Май қышқылдарының тотығу процесі кезінде белсенділігі тиоэфирлер түзу арқылы жүреді.Бұл процесті келесі түрде көрсетуге болады...
RCOO-+ATФ+HS-CoA RC(O)S-CoA+AMФ+ O-P-O-P-O
16. Карбонилді қосылыстар. Кетондар. Класстың жалпы формуласы. Жеке өкілдердің құрылымдық формулаларын жазыңыз. Кетондардың жіктелуі, изомериясы, номенклатурасы.
Молекула құрамында карбонил немесе оксо топшасы бар көмірсутек туындыларын альдегидтер және кетондар деп атайды . Кетондар дегеніміз – карбонил тобы арқылы байланысқан екі көмірсутек радикалынан тұратын органикалық заттар. Оларды құрамына кіретін радикалдар атына “кетон” сөзін қосып атайды, ал халықаралық атау бойынша құрамындағы көміртек атомына сәйкес алканның атына – он жұрнағын жалғау арқылы айтылады. Кетондардың ең қарапайым өкілі — ацетон. Ол — өткір иісті, түссіз сұйықтық, судан жеңіл, бірақ суда жақсы ериді, ұшқыш. Көптеген органикалық заттарды жақсы ерітеді. Мысалы, лакты, нитроцеллюлозаны, т. б. Ацетонды агашты құрғақ айдау арқылы, сондай-ак сірке қышқылы мен оның тұздарынан да алады:
Кетондарда халықаралық ИЮПАК номенклатурасы бойынша көмірсутегінің атына –он суффиксі жалғанып, карбонил тобының орны көрсетіледі. Рационалдық номенклатура бойынша радикалдардың атына кетон деген сөз жалғанып айтылады. Мысалы:
бутанон – 2 , метилэтилкетон
кетондардың изомериясы радикалдың құрылысына және карбонил тобының орнына байланысты атаулары:
СН3 – (СН3)2ССО – СН2 – СН3 – 2,2-диметилпентанон-3; СН3 – (СН3)2 С- СН2- СН2- СО – СН2 – СН3 – 6,6 –диметилгептанон-3.
Достарыңызбен бөлісу: |