Медицина факультеті



бет42/62
Дата01.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#155961
түріҚұрамы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   62
Байланысты:
1. Ацидоз кезінде ш ыл к мек ретінде натрий гидрокарбонатыны е

Бейтарап рН жағдайында, бос түрдегі аминқышқылының жалпы құрамын- дағы карбоксил тобы мен аминдіктоп зарядталған күйде болады. Атап айтқанда, карбоксилат бөлігі теріс зарядталған, ал аминдік топ оң зарядталған күйінде кездеседі. Бүйірлік тізбектерінде зарядталған топтары жоқ аминқышқылдар бейтарап ерітіндіде жалпы заряды жоқ цвиттериондар күйінде болады. БЕЙТАРАП АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ . Бұл қышқылдарда органикалық радикалдар бар, ондай радикалдар протондарды қабылдай да, бере де алмайды және сумен әрекеттесе де алмайды (олар — гидрофобтар, суды көрі тебеді). Мұндай қышқылдарға жататындар:

  1. Глицин (қысқарған атауы Гли), ауыстырылатын амин қышқылы;

  2. Аланин (қысқаша Ала), ауыстырылатын амин қышқылы;

  3. Валин (қысқаша Вал), ауыстырылмайтын амин қышқылы;

  4. Лейцин (қысқаша Лей), ауыстырылмайтын амин қышқылы;

  5. Изолейцин (қысқаша Иле), ауыстырылмайтын амин қышқылы;

Қышқылды аминқышқылдары Мұндай қышқылдардың бүйірлік радикалында карбоксил тобы бар, сол топ бұларға қышқылдық қасиет береді:
Аспарагин қышқылы (қысқаша Асп), ауыстырылатын амин қышқылы, құрамында екінші карбоксил топ — СООН бар.
Глутамин қышқылы (қысқаша Глу), ауыстырылатын амин қышқылы, мұның да құрамында екінші карбоксил тобы — СООН бар.
Амин қышқылдары — түссіз кристалл зат, суда ериді. Глициннен өзге амин қышқылдарының бәрінің құрамында көміртегінің асимметриялық атомы бар. Көміртегінің асимме-триялық атомы әр түрлі төрт химиялық топпен байланысады. Мұндай кезде амин қышқылының екі түрлі пішіні (конфигурациясы) болуы мүмкін, ол екеуі L және D — пішіні деп аталады.
Негіздік амин қышқылдары Амин қышқылдарында химиялық қасиеттері біріне-бірі қайшы, функциональдық екі топ бар. Олар сулы ортаның рН жағдайына байланысты қышқылдық та, негіздік те қасиет керсетеді. И.Н.Бренстед (1923 ж.) теориясына сәйкес, осы заманғы түсінік бойынша, өзінің протонын (Н+) бере алатын қосылыстар қышқылдар деп аталады да, протон қосып алатын қосылыстар негіздер деп аталады.
Амнн кышқылдары қышқыл ретінде диссоциацияланған кезде протон бөліп шығарады да анион түзеді: R—СН—СООН R—СН—СОО + Н+
Негіз ретінде иондану кезінде амин қышқылдары протон қосыла алады да, катион түзеді: R—СН—СООН+H+ R—СН—СООH
Қышқылдық та, негіздік те екі қасиеті болатын мұндай қосылыстар амфотерлер деп аталады, оларды қысқаша амфолиттер (амфотерлік электролиттер деген сөзден шыққан) деп атайды.
Амин қышқылдарының диссоциациялану ерекшелігі ортаның рН мөлшеріне байланысты болады. Сілтілік ортада карбоксил тобы онданады, амин қышқылы қышқылдық қасиет көрсетеді.
Ал қышқыл ортада — керісінше, амин кышқылдары негіздік қасиеттер көрсетеді, амин тобы ионданады, карбоксил топ іс жүзінде диссоциацияланбайды. Бір карбоксил тобы және бір амин тобы бар амин қышқылдарында бейтарап су ерітіндісінде полярлы екі топ та ионданады. Бір амин қышқылының карбоксил тобынан протон бөлініп сол амин қышқылының амин тобына қосылады және қосқабат ион — цвиттер-ион (гибридион) түзеді: R—СН—СООН+H+ R—СН—СОО-+R-СН-СОО
Полиамфолиттің изоэлектрлік нүктесі pH=4,7 ηмен=0.4334 нүктесіне сәйкес келеді. pH = 4,7 болғанда ерітінді тұтқырлығының мәні минимальды болады. Оны изоэлектрлік нүкте дейді. Изоэлектрлік нүктеде амфолит макромолекуласындағы диссоциацияланған қышқылдық және негіздік топтардың саны тең және ерітіндінің тұтқырлығы өте аз. Сондықтан макромолекула зарядтарының қосындысы нөлге тең. Бұл кезде полимер тізбегі жиырылып, кішірейеді. Егер осы ерітіндіге төмен молекулалық электролиттерді (қышқыл немесе негіз) қосса, онда рН өзгеріп, желатинаның диссоциациалану дәрежесі өседі. рН артқанда қышқылдықтоптар диссоциацияланады рН кемігенде негіздік топтар диссоциацияланады.
Координациялық қосылыстардың кешенді ионының заряды бойынша оларды катионды, анионды және бейтарап деп жіктейді. Орталықтағы оң ионның айналасына бейтарап молекулалар (Н2О, NH3 т.б) шоғырланғанда катионды кешенге жатады:[Al(H2O)6]+3Cl3, [Zn(NH3)4]+2Cl2. Егер кешентүзушіні теріс зарядты аниондар: Cl-, F-, SO  , OH-, CN- т.б қоршаса анионды кешенге жатады: K2[AlF4]-2, Na[Al(OH)4]-1, K2[SO4]-2, Li[Al(OH)4]-1. Егер кешентүзушінің айналасына өз ионымен қоса бейтарап молекулалардан тұратын лигандтар шоғырланса бейтарап кешендер түзіледі: [  (  )  ]Бұл жіктеу бойынша кешенді қосылыстың зарядтан басқа сипаты айқындалмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет