42. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының типтері.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері
Үш түрлі тотығу-тотыксыздану реакциялары
болады:
1)Атомдар немесе молекулалар арасындағы тотығутотықсыздану реакциялары.
Бұған электрондардың атомдар, молекулалар
немесе иондар арасында болатын алмасу
реакциялары жатады:
2Са+2 + О2° = Са+2О-2;
H20 + Cl20 = 2H+Cl- ;
Zn0 + Cu+2SO4 = Cu0 + Zn+2SО4
2) Ѳзін-ѳзі тотықтыру-тотықсыздандыру немесе
диспропорциялану реакциялары.Бұл жағдайда бір ғана атом,
молекула немесе иондар тотықтырғыш
та,тотықсыздандырғыш та бола алады.
Мысалы:
Сl2+Н2O↔ НСl-1 + НСl+1О
реакциясында хлордың тотығу дәрежесі ғана өзгереді;
Сl2 молекуласындағы хлор атомдары элек- тронын береді
және алады:
Сl0 – ē = Сl+1
С10 + ē = С1-1
Демек екі хлор атомдарының біреуі — тотықсыздандырғыш,
екіншісі — тотықтырғыш.
3) Молекула ішіндегі тотығу-тотықсыздану реакциялары
бір ғана молекуладағы екі турлі атомның біріне- бірінің
электрондарды
ауыстыруы арқылы жүзеге асады.
Мұндай реакциялар көп жағдайда күрделі заттардың ыдырауына
сай келеді.
Мысалы, аммоний дихроматының (NH4)2Cr2O7 ыдырауы кезінде азот пен хром атомдарының тотығу дәрежелері өзгереді:
(N-3H4)2 Сr2О7 = N2° + Сr2O3 + 4Н20
Тотығу тотықсыздану
2N-3 - 6ē = N20 1
2Cr+6 + 6ē = 2Cr+3 1
Тотықсызданады тотығады
43. Тотығу-тотықсыздану реакцияларды иондық-электрондық әдісімен теңестіру. Мысал келтіріңіз.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестірудің екі тәсілі бар, электронды баланс және ионды-электронды тәсілдері. Екі тәсілдің де негізі бірдей: ол — тотығу-тотықсыздану процесінде тотықсыздандырғыш берген электрондардың саны тотықтырғыш қосып алған электрондар санына тең болуы шарт.
ионды-электронды әдіс бойынша
теңестірейік.
Ол үшін:
1.Тотығу-тотықсыздану процестің иондық теңдеуін
жазамыз:
H2S + MnО4- + H+→S + Mn2+ + H2О
2.Тотығуға және тотықсыздануға қатысқан бөлшектерді екі
бөліп,
оны жартылай реакция түрінде жазамыз:
тотығу
H2S - 2ē = S + 2H+
5
тотықсызданады
тотықсыздану МnО4ˉ + 8Н+ + 5ē = Мn2+ + 4Н2О 2
тотығады
Соңғы теңдеуде МnO4- аниондағы 4 оттегі атомын байланыстыру үшін 8Н+ қоса жазылады.
3. Табылған коэффициенттерге жартылай реакциялар теңдеуін қосып, теңестірілгсн жалпы иондық теңдеуді жазамыз:
5H2S + 2MnO4- + 6Н + = 5S + 2Мn2+ 8Н2О
Соңында реакцияның иондық теңдеу негізінде молекула- лық теңдеуді толық жазамыз:
5H2S + 2KMnО4 + 3H2SО4 = 5S + 2MnSО4 + K2SО4 + 8Н2О
Теңестірудің ерітінділерде өтетін тотығу-тотықсыздану реакцияларын тек ионды-электронды әдісі бойынша ғана құрастырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |