Медицина факультеті


Сабындалмайтын липидтер. Терпеноидтар мен каротиноидтар. Изопреннің фрагменті. Маңызды өкілдері және олардың биологиялық рөлі



бет60/62
Дата01.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#155961
түріҚұрамы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
1. Ацидоз кезінде ш ыл к мек ретінде натрий гидрокарбонатыны е

48. Сабындалмайтын липидтер. Терпеноидтар мен каротиноидтар. Изопреннің фрагменті. Маңызды өкілдері және олардың биологиялық рөлі.

Cабынданбайтын липидтер сілтілі немесе қышқылды ортада гидролизденбейді. Оларға стероидтер мен терпендер жатады. Сабынданбайтын липидтер табиғатта өте көп тараған органикалық қосылыстар. Көп мөлшерде стероидтер жануарлар организмінде түзілетін липидтердің құрамында, ал терпендер өсімдік липидтерінде кездеседі. Қазіргі кезде 20.000-ға жуық стероидтер белгілі, олардың 100-ге жақыны медицинада қолданылады. Стероидтер биологиялық белсенді қосылыстардың үлкен тобы, құрылым негізін қаныққан полициклді спирт пергидроцикло-пентанофенантрен құрайды. Стероидтердің сілтілі гидролизінде сабын түзілмейді. Олар жануарлар, өсімдіктер ұлпаларында және микроағзаларда кездеседі. Стероидтерге холестерин және олардың туындылары, бүйрек безінің гармондары мен жыныс гармондары, өт қышқылдары, жүрек гликозидтері жатады. Әсіресе, адам ағзасында стероидтердің ішінде ең маңыздысы болып саналатын стериндер (стеролдар), яғни стероидті спирттер. Стериндердің басты өкілдерінің бірі холестерин (холестерол) болып табылады. Алғашқы рет ол өт тастарынан бөлініп алынған.


Терпеноидтар – олардың оттекті туындылары (спирттер, кетондар, альдегидтер, карбон қышқылдары). Көптеген терпендердің құрылысы изопренді фрагменттердің бір-бірімен «басы-аяғы» принципі бойынша жалғасқан. Терпеноидтардың құрамындағы көміртек саны әр уақытта 5 еседен құралып отырады: 10,15,20,25 және т.б. Жалпы формуласы: (С5Н8)n.
Каротиноидтар (лат. carota — сәбіз) — сары, күрең сары, қызыл түстердің пигменті. Негізінен бактериялар, саңырауқұлақтар және жоғарғы сатылы өсімдіктермен синтезделеді. Каротиноидтерге каротин және оған химиялық табиғи пигменттері бойынша туыстас болып келетін ксантофилл, ликопин, фукоксантин және т.б. жатады. Каротиноидтер сәбіз тамыржемістерінде, итмұрын жемістерінде, қарапайым шетенде, қарақатта, қызанақта, өрікте, қырмызыгүл гүлдерінде жинақталады. Каротиноидтер фотосинтез процесінде маңызды рөл атқарады және де эпоксидация реакциясына қатысып, көптеген оттекті құрылымдар түзеді. Негізгі қызметінің бірі: өсімдіктің тыныс алу және өсу процестеріне қатысады, оттегіні тасымалдайды, түсті фиксациялап, генеративті және тотығу–тотықсыздану процестерін ынталандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет