Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
Құрылысына қарап, жасушаның жануарларға немесе өсімдікке тиесілі екендігі туралы ауызша қорытынды жасау.
Арнайы пәндік лексика мен терминология:
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
жасуша қабықшасы
|
клеточная мембрана
|
cell membrane
|
цитоплазма
|
цитоплазма
|
cytoplasm
|
жасуша
|
клетка
|
cell
|
ядро
|
ядро
|
nucleus
|
вакуоль
|
вакуоль
|
vacuole
|
митохондрия
|
митохондрия
|
mitochondrion
|
хлоропласт
|
хлоропласт
|
chloroplast
|
рибосома
|
рибосома
|
ribosomes
|
жасуша қабырғасы
|
клеточная стенка
|
cell wall
|
өсімдік жасушасы
|
клетка растении
|
cell plant
|
жануар жасушасы
|
клетка животных
|
cell of animals
|
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
Бұл өсімдік жасушасы ма, әлде жануар жасушасы ма?
Сіз қалай ойлайсыз, бұл қандай жасуша?
Сіз неге бұл өсімдік / жануар жасушасы деп ойлайсыз?
Неге бұл өсімдік / жануар жасушасы емес?
Сіз бұл өсімдік / жануар жасушасы екендігіне сенімдісіз бе?
Сіз бұл өсімдік / жануар жасушасы екендігін қалай білдіңіз? Сіз сенімдісіз бе?
Мен өсімдік / жануар жасушасы еместігіне сенімдімін.
Бұл өсімдік / жануар жасушасы шығар,рарапотому что өйткені оның… - / бар.
Бұның өсімдік / жануар жасушасы болуы мүмкін емес, өйткені оның … - емес / жоқ…
|
Басталуы
0-2 минут
3-8 минут
10-20 минут
(20 мин., жалпы алғанда)
21-40 минут
|
Ұйымдастыру.
Миға шабуыл әдісі арқылы оқушыларға
қайталау сұрақтары беріледі.
Жасуша дегеніміз не?
Жасуша неге тірі?
Жасуша құрылысы неден тұрады деп ойлайсындар?
Органоидтар дегеніміз не?
Жасушаны зерттейтін ғылым қалай аталады?
D) Жасуша бөліктерінің қызметтері.
Сыныпқа шағын қағаз парақ көрсетіп: Сіздерде жаңа ағзаларды қалай құрау керектігі көрсетілген сұлбалар жинағы бар деп айту. Қағазды орап, оны пластик контейнерге салу, сосын ішіне үрленбеген, мойыны кең шар салу. Воронка көмегімен шарды жартылай жабысқақ сұйықтықпен толтырып, аузын буу. Сыныпқа сұйықтықтың құрамында өмірге қажетті заттардың бар екендігін айту. Оқушылардан әрқайсысының не істейтіндігін жазуларын сұрау: жоспар, контейнер, қоймалжың шырыш, шар.
(D) Слайдтардың қалай жасалатынын көрсету.
(I) Әрбір оқушыда жарты тампон мақта болуы керек. Ол нұсқаулық алу керек: ауыз қуысын мақтамен сүрту, сосын заттық шыныға тигізу, сосын тампонды бірден зарарсыздандырғыш сұйықтық құйылған стаканға салу. Заттық шыныларды практикалық жұмыс аяқталғаннан кейін зарарсыздандырғыш сұйықтық құйылған стаканға салу керек. Оқушылар өз бақылауларын, микроскоп астындағы үлкейтілген көрініспен қоса, белгілеулер салынған сұлбалар түрінде жазулары керек.
Қосымша тапсырма. Компьютерге қол жетімділікті қамтамасыз ету және оқушылардан жасушалық мембрана, цитоплазма құрылымы, ядро іші туралы көбірек білулерін және олардың атқаратын қызметімен байланыстыруларын сұрау керек.
(D) Сарымсақ эпидермисі жасушасының заттық шынысын дайындаудың әрбір кезеңін көрсету.
(f) Білімдерді бекіту үшін оқушылардан әрбір кезеңді қайталауды сұрау.
(G) Сарымсақтың шамамен 1 шаршы сантиметр бөлігін кесіп алу. Пинцетті пайдаланып, эпидермис бөлігін микроскоптың заттық шынысының ортасындағы кішкене су тамшысына қою. Бір тамшы иод қосып, жамылғы шынымен жабу. Заттық шыныны микроскоп үстеліне орнатып, фокустандыру үшін бекіту.
(I) Оқушылар А4 форматты кәдімгі қағаздың жартысына көріп тұрғандарының суретін салу керек. Практикалық жұмыс соңында сауалнама жолымен оқушылардың жасушаға тән сипаттамалық белгілердің барлығын көргендігіне және оларды сәйкестендіре алатынына көз жеткізу.
(W) Олардың жануарлар мен өсімдік жасушаларының суреттерін салыстырып, айырмашылықтарын табу. Оларды жануарлар мен өсімдік жасушаларының көлденең кесіндісінің сұлбасымен салыстыру.
(I) Оқушылар кестеде жануарлар мен өсімдік жасушалары арасындағы ұқсастықтарды бірінші бағанға, айырмашылықтарды екінші бағанға жазады.
(f) Жануарлар жасушаларының бөліктері көрсеткіш тілмен белгіленген сұлба салынған карталарды пайдаланып, олардың қызметтерін сипаттау, атауларын көрсету.
(f) Оқушылар тақтайшаларды жасуша бөліктеріне бекітеді. Көздерін байлап, заттарға соғылмас үшін көмекші көмегімен оқушылар карталардың шешуші сөздері жазылған карточкалардың және тақтадағы үлкен суреттің көмегімен «Жасушаға тақтайшаны бекіту» ойынын ойнайды.
|
Кішкентай қағаз,
пластик контейнер,
воронка (құйғыш),
мойыны кең шар,
жабысқақ сұйықтық (мысалы, тұсқағаз желімі немесе крахмал паста).
http://bilimland.kz/kk/content/lesson/12799-zhasushanyng_ashylu_tarixy
Мақта тампондар (ортасынан кесу), заттық шыны, жамылғы шыны, эпидермисті бөліп алуға арналған аспап (немесе қарындаш), зарарсыздандырылғыш зат салынған шағын кеселер (натрий хлораты (I)), микроскоптар, араластырылған метилен көгі, сандық микроскоп және Flexicam (егер бар болса).
Жасуша құрылымын зерттеу үшін интернет кітапхананы пайдаланыңыз.
Скальпель, ақ кафель, қысқыштар, заттық шыны, жамылғы шыны, эпидермисті бөліп алуға арналған аспап немесе бекітуге арналған ине,
йод ерітіндісі, тамызғыш, қағаз сулық, жуа, су құйылған стақан.
https://www.twig-bilim.kz/film/what-is-a-cell-5358/
Қосымша №1
|