оқытушымен және әріптестерімен барынша сенімді қарым-қатынас
орнату, командада жұмыс істей білу, өз көзқарасын дұрыс қорғай білу
және ымыраға келе білу, өз пікірін ұжымның пікірімен байланыстыра білу,
жағдайға сай моральдік, психологиялық, рефлексиялық тұрғыда
бейімделуге дағдылану, этикалық қағидаларға мойын ұсына отырып, өз
біліктілігін арттыра түсуді үйрену;
бауыр және өт жолдары патологиясы бар науқасты сұрастыруды; ас қорыту жүйесінің патологиясы бар науқастың ауру анамнезі және өмір тарихын сұрастыруды.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Өт шығару жолдары мен бауыр ауруларымен ауыратын науқастарда анықталатын белгілерді бағалау және оның диагностикалық маңызы. лабораториялық және аспаптық зерттеулер, олардағы өзгерістер.
2. Бауырдың және өт жолдарының пальпациясы, перкуссиясы, оның диагностикалық маңызы, лабораториялық және аспаптық зерттеулер, олардағы өзгерістер.
3. Өт жолдарының ауырсыну нүктелерін анықтаудың диагностикалық маңызы.
4. Бауыр жетіспеушілік синдромының анықтамасы, даму себептері.
5. Бауыр жетіспеушілік синдромы бар науқастардың негізгі және қосымша шағымдары және олардың даму механизмі
6. Бауыр жетіспеушілігінің сатыларына сәйкес клиникалық көріністері, олардың даму механизмі.
7. Бауыр жетіспеушілік синдромы бар науқастарды қарап тексергенде, физикальды тексергенде анықталатын өзгерістер.
8. Бауыр жетіспеушілік синдромы кезінде қолданылатын лабораториялық және аспаптық зерттеулер, олардағы өзгерістер.
10. Сарғаю синдромының анықтамасы, түрлері, даму себептері.
11. Сарғаю синдромы бар науқастардың негізгі шағымдары және олардың даму механизмі.
12. Сарғаюдың түріне байланысты науқастарды қарағанда және физикальды тексергенде анықталатын өзгерістер, олардың даму механизмі.
13. Сарғаю синдромы кезінде қолданылатын лабораториялық және аспаптық зерттеулер, сарғаюдың түріне байланысты олардағы өзгерістер