Ф-ОБ-012/062
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
ПРОПЕДЕВТИКА ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ
«Клиникалық дағдылар негіздері» пәні бойынша тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу жинағы
(ас қорыту жүйесі)
Курс 3
Семестр VІ
Мамандық: 5В130100 – «Жалпы медицина»
Құрастырған: м.ғ.к., доцент Л.Т. Алимбекова
Оқытушы: Н.А.Акешова
Түркістан 2021-2022 оқу жылы
1.Тақырып: Өңеш, асқазан және ішек ұйқы безі ауруымен науқастардың шағымдарын, аурудың даму тарихын және өмір тарихын сұрастыру. Дисфагия , асқазан және ішек диспепсиясы синдромдары, ұйқы безінің сыртқы секрециясы жетіспеушілік синдромы. себептері, симптомдары, тексеру әдістері.
2. Сабақтың мақсаты:
- Студенттерге өңеш, асқазан, ішек аурулары бар науқастардың шағымдарын, ауру және өмір тарихын сұрастыру арқылы алынған мәліметтерді талдап, қорытынды жасауды үйрету.
- Асқорыту жүйесінің патологиясы бар науқастарды қарау әдісімен патологиялық белгілерді анықтап, талдауды үйрету.
- Студенттерге ұйқы безінің аурулары бар науқастарды сұрастыруды үйрену. Науқастарды объективті қарауды, ұйқы безін пальпациялауды меңгеру және анықталған белгілерді талдап, қорытынды жасауды үйрену.
- Дисфагия, асқазан және ішектің диспепсия синдромдарының, даму себептерін және патогенезін түсіну;
- Дисфагия, асқазан және ішектің диспепсия синдромдарының клиникалық көріністеріне, олардың даму механизміне көңіл аудару;
- Дисфагия, асқазан және ішектің диспепсия синдромдарының бар науқастарды қарауды, пальпация, перкуссия және аускультациясын жүргізуді машықтану және анықталатын өзгерістерге көңіл аудару және зертханалық тексеру әдістерінде болатын патологиялық өзгерістерді анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |