5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
Өткізу түрі: Дәстүрлі түрде оқыған жағдайда: SGL, бейнефильмдер көру, тәжірибелік дағдыларды дамыту, PAL, тиімді кері байланыс.
Қашықтықтан оқыған жағдайда: SGL, ауру тарихының улгісіне қатысты сурактарын талдау
Ағымдық бағалау:
Ас қорыту жүйесі патологиясымен науқастарды сұрастыру және физикалық тексеру, CWS.
Суммативті бағалау: Дәстүрлі түрде оқыған жағдайда:
SAS (шағымдарды сұрастыру).
Қашықтықтан оқыған жағдайда: SAS ас қорыту жүйесінің патологиясымен ауру тарихиның улгісі туралы эссе жазып оқытушыга тапсыру
6.Әдебиеттер.
Қазақ тілінде негізгі:
Негізгі:
Ішкі аурулар пропедевтикасы, Оқулық. ГЭОТАР-Медиа, Москва, 2015ж. Н.А. Мухин, Б.С.Моисеев, Б.Б.Абдахина
Клиникалық электрокардиография негіздері. Алматы, 2014ж. Н.Г.Малюченко, Алина А.Р., Бакирова Р.Е.
Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдісі және техникасы. Алматы. 2014ж. С.Д.Нурсултанова, Р.Е.Бакирова.
Қосымша:
Гастроэнтерология және эндокринология циклдары бойынша іскерлікке арналған жетекшілік. Түркістан 2014ж.
Сайденова М.А, Аскарова С.С., Шарабитдинова Г.Г., Айтметова Г.А.
Пульмонология циклы бойынша іскерлікке арналған жетекшілік.
Түркістан 2014ж. Алимбекова Л.Т., Абдирамашева К.С.
Жалпы медициналық сайттар:
https://www.pubmed
https://www.ncbi.nlm.nih.gov/books/NBK361/#A246
https://www.ncbi.nlm.nih.gov/books/NBK562240/#article-25697.s2
https://www.ncbi.nlm.nih.gov/books/NBK470444/#article-25713.s2
7. Бақылау сұрақтары.
Клиникалық есептер
ЕСЕП 1.
Науқас А., 20 жаста, гастроэнтерология бөлімшесіне келесі шағымдарымен түскен: тамақтан соң 2 сағаттан кейін, түнде және аш қарынға эпигастрий аймағының бүріп ауырсынуы, қышқыл дәммен кекіру, лоқсу, іш қату, бас айналу, жалпы әлсіздік.
Анамнезінен: Науқасты 4 айдан бері лоқсу, эпигастрий аймағының ауырсыну, іш қату мазалайды. Ауруын тамақтану тәртібін сақтамаумен байланыстырады. Науқас таңертең көп мөлшерде «кофе қойыртпағы» тәрізді құсқан.
Объективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 20 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 88 рет. АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Ішін қарағанда патологиялық белгілер жоқ. Қағу белгісі екі жағында теріс мәнді.
Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.
2. Қай жүйенің ауруы деп ойлайсыз?
ЕСЕП 2.
50 жастағы науқас әйел дәрігерге мынадай шағымдармен келді: оң жақ иыққа, жауырынға тарайтын, әсіресе майлы тағамнан кейін пайда болатын оң жақ қабырға астының сыздап ауырсынуы, ауызына ащы дәмнің келуі, лоқсу, жеңілдік әкелмейтін құсу, әлсіздік.
Науқас бірнеше жылдан бері ауырады. Медикаментозды ем қабылдамаған.
Жалпы қарауда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 18 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 75 рет. АҚҚ 120/80 мм.сын.бағ. Ішін қарағанда патологиялық белгілер жоқ. Қағу белгісі екі жағында теріс мәнді.
Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.
2. Қай жүйенің ауруы деп ойлайсыз?
ЕСЕП 3.
35 жастағы ер кісі физикалық күштемеден кейін және тамақтан соң оң жақ қабырға астында тұрақты түрде ауырлық сезімнің болуына, лоқсу, тәбетінің төмендеуі, іш көлемінің ұлғаюына, терісінің қышуына, қызыл иегінің қанағыштығына, іш қатуға, жалпы әлсіздікке, жұмысқа қабілетінің нашарлауына, тез шаршағыштыққа шағымданады.
Достарыңызбен бөлісу: |