Медицина факультеті


Тақырыптың негізгі сұрақтары



бет4/18
Дата13.10.2023
өлшемі327,67 Kb.
#185191
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Ìåäèöèíà ôàêóëüòåò³

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары.

  1. Асқорыту жүйесінің аурулары бар науқастардың негізгі және қосымша шағымдарының сипаттамасы, себептері және олардың даму механизмі қандай?

  2. Жұтынудың бұзылуы (дисфагия), анықтамасы, түрлері, себептері, сипаты, даму механизмі және диагностикалық маңызылығы неде?

  3. Іш аймағының ауырсынуы: анықтамасы, түрлері, себептері, сипаты, даму механизмі және диагностикалық маңызылығын айтыңыз?

  4. Лоқсу және құсу: анықтамалары, түрлері, себептері, сипаты, даму механизмдері қандай?

  5. Кекіру және қыжылдау: анықтамалары, түрлері, себептері, сипаты, даму механизмдері және диагностикалық маңыздылығы .

  6. Тәбетің бұзылуы: жоғарылауы, төмендеуі, жойылуы, анықтамасы, себептері, сипаты, даму механизмі және диагностикалық маңызылығын айтыңыз.

  7. Ауызда жағымсыз дәм сезінуі және сілекей бөліуінің бұзылуы: анықтамалары, себептері, сипаты, даму механизмдері және диагностикалық маңызы.

  8. Қан құсу жіне қан кету: анықтамалары, түрлері, себептері, сипаты, даму механизмдері және диагностикалық маңызы.

  9. Метеоризм және іштің шұрылдап-құрылдауы: анықтамалары, түрлері, себептері, сипаты, даму механизмдері қандай?

  10. Іш өту және іш қату: анықтамалары, түрлері, себептері, сипаты, даму механизмдері және диагностикалық маңызы.

  11. Тері қышуы, сарғаю, іштің ұлғаюы (асцит): анықтамалары, түрлері, себептері, сипаты, даму механизмдерін түсіндіріңіз

  12. Ас қорыту жүйесі аурулары бар науқастардан аурудың даму тарихын сұрастыру

  13. Ас қорыту жүйесі аурулары бар науқастардан өмір тарихын сұрастыру

  14. Ас қорыту жүйесінің патологиясы бар науқастарды қарағанда анықталатын белгілер (тамақтану бұзылысының дәрежесі, тері жамылғысының жағдайы, сарғаюдың белгілері, тамыр жұлдызшалары, ксантолазмалар, қасыну іздері, бауыр алақандары, геморрагиялар, гинекомастия, шаштың түсуі, ауыз қуысының кілегей қабатын, бадамша бездерін, аран, тіл, тістерді, қызыл иекті) және олардың диагностикалық маңызылығы неде?

  15. Құрсақтың алдыңғы қабырғасының топографиясы. Ішті қарау: іштің пішіні, тыныс алу актісіне қатысуы, симметриялығы, венозды коллатералдардың болуы, кіндік сақинасының жағдайы, қабырғааралықтың томпаю себептерін түсіндіріңіз.

16. Дисфагия және асқазан диспепсиясы синдромдарының анықтамасы, даму себептерінің маңыздылығын айтыңыз.
17 Дисфагия және асқазан диспепсиясы синдромдары бар науқастардың негізгі шағымдары және олардың даму механизмін түсіндіріңіз,
18. Дисфагия, асқазан диспепсиясы синдромдары бар науқастарды қарағанда және физикальды тексергенде анықталатын өзгерістер, олардың даму механизмін түсіндіріңіз.
19. Дисфагия, асқазан диспепсиясы кезінде қолданылатын лабораториялық және аспаптық зерттеулердің ерекшелігін айтыңыз.
20. Ішек диспепсиясы синдромының анықтамасы, даму себептері.
21. Ішек диспепсиясы синдромы бар науқастардың негізгі шағымдары және олардың даму механизмі.
22. Ішек диспепсиясы синдромы бар науқастарды қарағанда және физикальды тексергенде анықталатын өзгерістер, олардың даму механизмі.
23. Ішек диспепсиясы кезінде қолданылатын лабораториялық және аспаптық зерттеулер, олардағы өзгерістер
24. Ұйқы безінің аурулары бар науқастардың негізгі шағымдарының сипаттамасы, себептері, даму механизмі және диагностикалық маңызы және зертханалық тексеру әдістерінде болатын патологиялық өзгерістерді анықтау.
25. Ұйқы безінің аурулары бар науқастардан аурудың даму тарихын сұрастыру ерекшеліктері.
26. Ұйқы безінің аурулары бар науқастардан өмір тарихын сұрастыру ерекшеліктері.
шағымдарының сипаттамасы, себептері, даму механизмі және диагностикалық маңызы.
27. Ұйқы безінің аурулары бар науқастарды қарағанда (тері жамылғысын, ауыз қуысын, іш аймағын қарау, ұйқы безі проекциясында гиперпигментацияның болуы, Грот, Мондор симптомдары) анықталатын белгілерді бағалау және оның диагностикалық маңызы.
28. Ұйқы безі пальпациясының мақсаты, ережесі, жүргізу тәртібі және диагностикалық маңызы.
29.Ұйқы безінің зақымдауына тән ауырсыну белгілерін анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет